Математика әлеміне саяхат

                                               Ұйымдастырылған оқу қызметі

«Алтын балық» ортаңғы топ.                                                                               

Білім беру саласы: Таным. Қатынас.
Оқу іс – әрекет түрі:  ҚМТҚ. Сөйлеу дағдылары.
Тақырыбы: «Таңғажайып математика планетасы»
Мақсаты:
  Білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру,
математикалық жұмбақтар шешу;
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой — өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту
, балалардың зейінін дамыту;
Мотивациялық — қозғаушылық: Амандасу
Амансың ба алтын күн!  Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!  Амансыздар ма қонақтар!
Сабағымызды бастайық  Жамандықты тастайық.
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекет барысы:
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі? /- Күз./
— Күз  мезгілінде неше ай бар? /- 3 ай/
— Қыркүйек, қазан, қараша.
Д\о «Бағдаршам»
— Оң жағымызда  не тұр? /Бағдаршам./
— Балалар, бағдаршам — жолда жүру тәртібін реттейтін құрылғы.
— Неше көзі бар? / Үш./
— Пішіндері қандай? / Дөңгелек./
— Түстері ше? Үш тілде айтып беріңдерші.
— Қызыл-красный-red, сары-желтый-welloy, жасыл-зеленый-dreen
— Қызыл жанғанда не істейміз? /- Тоқтаймыз./
— Сары жанғанда ше? /- Дайындаламыз./
— Жасыл жанғанда ше? /- Жасыл — жаяу жүргіншілер жүруіміз керек./
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста
Емін — еркін тыныста
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.

-Балалар, шеңбер, үшбұрыш ол нелер? /Геометриялық пішіндер/

-Ондай болса, алдарында тәрелкеде қандай геометриялық пішіндер жатыр? /Үлкен-кіші үшбұрыштар, дөңгелектер, тіктөртбұрыш./

Тапсырма- Геометриялық пішіндермен зымыран  құрастырыңдар. Осы зымыран мен таңғажайып математика планетасына ұшып барайық.
Көзімізді жұмып 1 — 5 ке дейін тура ж/е кері санайық.
/Үш тілде тура ж/е кері санайды./

-Міне таңғажайып математика планетасы, мұнда хат жатыр екен. Оны бізге «Математика Ханшайымы» жолдапты. «Балалар, мен сендерге арнап біраз тапсырмалар дайындадым, егерде сендер тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар және де әдептілік көрсетсеңдер менің сендерге арналған тосын сыйым бар, ал орындай алмасаңдар осы планетада қаласыңдар.»
1 — тапсырма: «Математикалық жұмбақтар»
— Үш мысықтың құйрығы нешеу?

— Қоянның құйрығы нешеу?
— Екі балада неше құлақ бар?
— Бес сиырдың басы нешеу?

-Бір ағашта 5 алма,
Бірін бердім Санатқа.
Бірін бердім Қанатқа,
Сенде қалды неше алма?

2 — тапсырма: «Көрші сандар»  Мақсаты: цифрларды қайталау, балаларға бір цифрды көрсету, ал балалар оның «Көршілерін» атайды.

3 — тапсырма: «Неге ұқсайды?»

4 — тапсырма. Саусақпен санап үйренейік:
Бес кәмпитім көп еді,  Сараңдығым жоқ еді.
Бір кәмпитім атаға,  Бір кәмпитім әжеге,
Бір кәмпитім мамаға,  Бір кәмпитім папаға.
Өзімеде жете ме?

5- тапсырма. Карточкамен жұмыс.  «Сәйкес цифрмен көрсет.»
6- «Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны
Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту.
Мазмұны. Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б.

7- «Біреу және көп» дидактикалық ойыны
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.
8- «Біреуі артық» дидактикалық ойын /Карточкамен жұмыс./
Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету.
Мазмұны. Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады.
-Ой балалар, «Математика Ханшайымы» бізді алдамапты, ол бізге арнап «тосын сый» дайындап қойыпты. Ашып көрейік не бар екен? /Қорапшаның ішінде кәмпиттер/. Ондай болса орнымыздан тұрып «Математика Ханшайымен» қоштасайық-
Балалар: Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Сау болыңыз! Досвидания! Bye-bye!

Жарайсыңдар балалар.
Ал енді көзімізді жұмып зымыранға мініп бала бақшаға қайтайық.
Қорытыңдылау.


Тәрбиеші: Нарымбетова Эльмира Ушкемпировна

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.