Жарқын елдің болашағы – жас маман

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр кезеңнің пешенесіне жазылған өз заман ағымы, кезең тынысы болады.                         ХХI ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақ деп санаймын. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Ықылым заманнан бері қазақ атамыз «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз қалдырған.

Қай заманда да болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы тұста Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ер жетіп келесіздер. Сіздер жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер» — деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Бүгінгі таңдағы Қазақстан дамуының басты мақсаты – әлемдегі дамыған отыз озық елдің қатарына қосылу. Абай атамыз айтқандай:  «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр тәрбиеленушіге оқу іс-әрекеті арқылы білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтейтін тұлға – ол мұғалім. Халқымызда «Жас келсе — іске» деген керемет сөзі бар. Ұстаз-тәрбиеші ретінде бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды шәкірттер тәрбиелеуге жұмсап келемін.

Елiмiздiң болашағы жастардың еңбeкқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұрaтына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра бoлып келе жaтқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жaңғыртып, oны алға бaстырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлeне ел үшiн еңбектенуге мiндеттi.

Тәуелсiз ел мұрaтынан — жaстaрдың бiлiмi мен бiлiктiлiкке ұмтылуы, еңбектенiп өсуi көрінеді. Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлaғaтты сөз бар. Білім бaғa жетпес үлкен рухани қару. Тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар aсa зoр өндіргіш күш екенін білуіміз керек. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық — рухaни күш, қуaт көзі жoқ екені белгілі. Білім — тeк ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тaсы өрге дoмалaған еңсесі биiк елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тaмыры, eл дaмуының aлтын ұстыны. Білім бар жерде  жаңа технологияға негізделген даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке де толaстамақ емес.

Мен балабақшадағы тәрбиеленуші шәкірттерімнің бойына білім нәрін сіңіріп, елін сүйер жан-жақты қалыптасқан азамат тәрбиелеу  жолында аянбай еңбек етуге даярмын.

 

Мансұр Гүлмира Абдуллақызы

Қызылорда облысы

32 «Қызғалдақ»

санаторлық балабақшасының тәрбиешісі

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *