Балабақша-заманауи әулет мектебіне айналуы тиіс
Балабақша-заманауи әулет мектебіне айналуы тиіс
Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік қабілеттіліктерін дамыту заманауи білім берудің көкейтесті мәселесі.Қазақстан білім беру үрдісінде балалардың зияткерлік қабілет-терін дамыту-дағы мәселелер мен оны шешу жолдары әулет мектебінің сан ғасырлық, тәжірибесіне сүйене отырып,әлем елдерінің бүгінгі заманауи амал-тәсілдерін игере отырып шешімін табуға толық мүмкіндік бар.Бүгінгі балабақша сәбилердің дамуына ,олардың білімін еселей арттыруғамүмкіндік туғызуға тиісті ерекше білім беру орталығы ретінде мойындалып,әулет педагогикасы осы аумақта салтанат құруы тиіс.Жалпы мектепалды білім беру,тәрбиелеу ісі тәуелсіздік қолға келген аз уақыт ішінде құлдырай жөнеліп,құрып кете жаздап,бір аунап тұра келгені де рас. Барымызды салып,басымызды қосып, жанта-ласып,жапатармағай балабақшалы болуға ұмтылдық.Осы талпынысты қоғамдық қос қажеттілік туғызған еді.
Бірінші.Қазақ отбасының көбі осы дәуірде, сәбилерін асырап сақтап,дамытып өсіріп, тәрбиелеп жетілдіруге шама-шарқы жетпей қалған-ды.Сондай-ақ,отбасының құрамы, түрі,әулеттік байланысы мүлдем өзгеріске ұшырап,атқаруға тиісті міндетін атқару әуселесі азайып,дәстүрлі құндылықтары жойылып,ата-аналардың негізгі тобы бала бағудан шыға алмай, еңбектен қол үзуге тура келген еді.Кәзіргі шақта,3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 95,2 пайызын балабақшаға қамтылу мүмкіндігі қолға келді.Кей аймақта, мысалы Ақмола облысында 100 пайыз қамтылған. Осы екпін ұласса, өз кезегін күтіп отырған 500 мыңнан астам бала бір- екі жылда-ақ толық қамтылу мүмкіндігі бар. Тіптен енді балабақшаға 2 жастан қамту мүмкіндігі туғандығы айтылуда.Бұл үлкен жетістік,әрине!
Екінші.Әлемде мектепалды білім беру жүйесі өте ілгері кетіп,даму даңғыл жолына түсіп барады.Әсіресе 3-6 жас аралығындағы сәбилердің ақыл-ой,сана-сезім,қарым-қабыл-етінің барлық қыры ғылыми жолмен анықталып,оны жетелеп дамытып,жетілдіру амал-айласы,әдіс-тәсілі айқындалып отыр.Осы негізде дамыған елдерде балабақшадағы білім беру, дамытып жетілдіру ісі жаңа бағыт алып,кейбірінде мектепалды білім беру мәселелері түбегейлі шешілген.Айталық, Францияда 3-6 жасқа дейінгі балалардың барлығы дерлік балабақшаға барады. Германияда мемлекеттік емес балабақшалардың барлығы ақылы, бірақ лицензия қай-қайсысына да міндетті. Ал Венгрияда 5 жастан міндетті білім беру жүргізіледі. Лицензия міндетті, қаржыландыру – мемлекет тарапынан. Италияда кез келген балабақшаларға лицензия міндетті. Жапонияда – балабақшалардың барлығы білім министрлігі қарамағында, 58 пайызы – жекеменшік балабақшалар. Біздікінен ерекшелігі олардың балабақшаларында 8 түрлі жас ерекшелікпен оқытады. Солтүстік Кореяда барлығы мемлекеттік балабақшалар. Кувейтте,Монғолияда – барлық балабақшалар тегін. Американың 43 штатында міндетті тегін түрде мектепалды дайындық бар. 4 жастан балаларды өз еңбегін бағалауға үйретеді. Талдау жасатуды бастайды.Дамыған елдер қатарына қосылмақ ниеттегі біздің ел осы додаға түспей,оған ілеспей болмайтындығы айқын еді.
Екінші жағынан,алаш жұрты ұрпағын ана құрсағында пайда болған шағынан,ерекше бағым-күтім жасап,өмірге келісімен оны өсіріп-бағып,дамытып жетілдіретін,арнаулы амал-айласы,тәлім-тәрбиелік және дамыту өзіндік жүйесі бар халық.Осы білім-ғылымды бүгінгі балабақшадағы тәрбиешілер мен ұстаздарға,ата –аналарға игерте алсақ,басқаның жетістігіне жетеқабыл нәтиже көрсетуіміз күмәнсіз.Оған әлемдегі бұл саладағы,бүгінгі таңдағы мектепалды оқыту-тәрбиелеу тәжірибесін игеріп қабыстырсақ ешкімнен кем түспесіміз белгілі.Сондай-ақ,мектепалды оқу-тәрбие ісінің ғылыми негізі де бізде ерте қаланған, баршылық.Алаштың айтулы арысы Х.Досмұхамедтің педагогия (бала педагогикасы мен психологисын зерттейтін синтездік ғылым) саласындағы нақтылы ұстанымдары мен тұжырымдары,Н.Құлжанованың мектепалды педагогикалық зерттеу еңбектері сәби жасындағы балалардың даму,жетілу жолдарын нақтылы көрсеткен. Нәзипа Құлжанова апамыз: “Балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізі – баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы,– дейді.Бүгінгі мектепалды дамытудың басты міндеті де осы еркін сөйлей алу,бала ойын толық жеткізу халін орнықтыру болып отыр. Қазақ мұны «нәрестенің тілге енуі,тілі шығуы» дейді.Бала ана тілінде еркін сөйлеп, ойын орнықты жеткізуін балабақша толық жүзеге асыра алады. (Балабақшаға екі жастан қамтылған қай ұлттың,қай этностың баласы болсын барлығы бірдей бір тілге еніп,еркін сөйлеп кете алады екен.Мұны шет елдердебайқап көрген.) Ал,сөйлеу ойлаумен сабақтасып, қатарласып жүреді. Тілге енген баланың сөйлеуі мен ойлауын қатарластырып дамытады. Еске сақтау да солармен ұштасуы тиіс.Мұны қазақтың әулет мектебі ертеден жүзеге асырып келгені белгілі.
Әулет мектебі дегеніміз қазақ салтында, әдет-ғұрпында атқарылған әрбір педагогикалық (тәлім-тәрбиелік,үйретіп-ұқтыру) іс-әрекеттің, ұйымдасқан, бірлескен қимыл-қозғалыстың, жүзеге асырылған шаралардың жиынтығы болмақ.Әулет мектебінің ұстаздары-Дана аталар мен Дана әжелер,аяулы аналар болғаны тарихтан белгілі. Айғаным әжеміздің өзі сонау заманда Шоқан мен ауыл балаларына зияткерлік тәрбие беруде қандай құралдар мен амалдарды қолданып, нендей нәтижеге жеткенін есіңізге түсіріңізші! Балалардың төрт жасында сауатын ашып,жазу-сызу үйретіп еді ғой!Сәбилердің акыл ойын дамытып,қабылет-қарымын байытуда асыл әжелеріміз Дінәсіл (Мұқтар дананың әжесі), Қызтумас (Бауыржан атаның әжесі);Нұрым (Қаныш атаның әжесі) , Айғаным,Ұлпан ,Бопай ханым,Фатима ханым,Зере, т.б.ана мектебін ұйымдастырып,жас ұрпаққа тәрбие,білім берген аналардың үлгі өнегелері жазулы,сызулы,дайын тұр,оларды жаратып қолданысқа еңгізу бүгінгі балабақша ұстаздары мен тәрбиешілрдің асыл міндеті,жауапты қызметі.
Ата-әже институты өткен заманның еншісіне қалып кеткен дәл қазіргідей уақытта әулет педагогикасын дәріптеу,бүгінгі балабақшаға оның тәжірибесін таңу тым сөлекеттік болар деп ойлайтындар бар екенін білемін.Алайда,айналамыздағы дамыған жұрттың мектепалды дамыту,білім беру ісінде ана мектебінің тәжірибесін өте орынды керектеніп, тамаша табысқа жетіп жатқанын байқамау мүмкін емес.Жапония,Корея,Қытайды былай қойғанда Ресейдің өзінде он-лайн отбасылық мектептер кең етек алуда. Балабақшадағы оқыту тәрбиелеу ісі осы форматқа көшу, біздің бүгінгі жағдайымыздағы кемшіліктер мен әлсіздіктерімізді жоюдың басты жолы болып отыр. Айталық, 1991 жылы елімізде 8 743 балабақша жұмыс істеген екен.Дәл қазір елімізде 6 470 балабақша ғана бар. Мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиесі және оларды оқытумен айналысатын қызметкерлердің 40 пайызға жуығында тиісті педагогикалық білім жоқ.Қазақтың қараңғы төріне мектеп орнатып,әулетте сәбилердің тәлім-тәрбиесімен айналысқан апаларымыз бен аналарымыз-дың барлығы белгілі оқу орнында арнаулы дайындалған ұстаздар болған десек ұятқа қалатынымыз рас.Алайда олардың барлығы « Ана мектебінде» оқыған болатын. Міне осы тәжірибені бүгінгі балабақшаға енгізу арқылы аталған олқылықты жоюға болады. Балабақшаның өз ішінде, тәрбиешілердің білімін жетілдіріп жүрген бір тәжірибені қысқаша баяндайын. «…Түс ауа балалар шамалы уақыт демалады.Біз методиқалық кабинетке жиналып,өз тобымыздың сәбиларі ертеңгі күні қандай білімдер мен білік,машық-дағды игеру тиісті екені жазылған методикалық кеңесті дискіден көреміз, оны игертудің кейбір әдісін,тәжірибесін бейнероликтен тамашалаймыз. Ал,жұма күні келесі аптада игерілуге тиісті жаңа ұғым,сөз,машық дағдысының тізімін жасап,ата-ана санына сәйкес оларды еселеп (принтерден өткізіп) жазып меңгерушіге тапсырамыз. Меңгеруші оны ата-аналарға таратып береді.Келесі жұманың соңында,балаңыздың осыларды игеру дәрежесіне өзіңіз бақылау жасап,тексеріп,кемшілігі болса өздеріңіз көмектесіп,арылтып,алдағы аптада маған тапсырасыз-деп,ата-аналар мен келісімге келеді.Балабақшада біздің игерткен білім,дағдымызға бақша меңгерушісі мен ата-ана бірлесіп,бақылау қояды,тексереді. Тәрбиелеуші еңбегінің бір қыры осылай анықталып тұрады.Дүйсембі күні педагогикалық шеберлік орталығынан берілетін 45 минуттық дәрісті барлығымыз тыңдаймыз,озық тәжирибені ноут-букке жазып аламыз,қолымыз босағанда оны қайталап көреміз.Міне біздің,білім жетілдіру ісіміз!..» Осы тәжірибені іске асырсақ, тәрбиешілердің арнаулы білімі бары да,жоғы да аз уақытта жетіліп кететініне сенім зор.Курс,семинар,конференцияларға ел қатарлы қатысамыз ғой!
Нәресте әр күн сайын өмірмен танысып,қадам басқан сайын « жаңалық ашады», дүниені танып-білуге, үйренуге талпынады. Осы жаңалықты ашу үшін оған танып білу сауаттылығы қажет.Дәлірек айтқанда, жаңалық ашудың сәбиге тән әдіс-тәсілі болады. Сәбидің жасы қосылған сайын осы әдіс-тәсілдерлің саны,шанағы, дәрежесі үнемі артып отырады.Кейбір әдіс-тәсілдер бекіп,машық дағдыға айналады.Олай болса жас сәбиге білім беру,оны тәрбиелеу,дамыту дегеніміз олардың «ғылыми жаңалық» ашып,зерттеу машық дағдысын жетілдіруге көмек көрсету,қолайлы жағдай туғызу.Жаратушыдан берілген ақыл-парасаты молығып,нұрлануы шарт.Көкірек көзі ашылу басталып,ақыл көзі айқын-дала түсу керек.Бұл оқу-тоқу жасалмаса,оның интеллектуалдық дамуы жасалмаса иманды ұл,ибалы қыз қалыптаспайды. Осы заманғы ғылымның анықтауы бойынша адам интел-лектісінің 40-50% бес жаста, 60-70% жеті жаста, 9 жаста 92%-ға дейін және 15 жаста толық қалыптасады.Қазақта осы жастағы балалардың интеллектісін қалыптастыратын арнаулы ойын-ойынщық,тақпақ,жаңылтпаш,жұмбақ (оның өзі бес бағытта),ән-күй, ертегі, есеп, әңгіме бар болған.Хат танытып,жазу сызу үйретпесе де олардың зердесін ашып, көкірек көзін оятатын,тамаша құралдары, оңтайлы әдіс амалдары жеткілікті еді. Мектепалды дамыту кәзіргі педагогикада логикалық ойындар, жобалау,құрастыру ойыншық-тарды кең қолдану ұсынылған. Мәселен работатехника, леготехника,әрқилы алмалы-салмалы техникалық ойыншықтар мен құрастыруға арналған мүсін және бейне,т.б. құрылыстық жобалар. Жас сәбиге арналған бұл тектес ойындар мен ойыншықтар қазақта тым көп болған. Мәселен, өру,кесте,ою,құрастырмалы саусақ ойындары,бейнелік ойыншықтар тігу,құрастыру т.б. 4-5 жасар балаларға,қағаз,матаны қайшымен өрнектеп, бүктеп қиғызып ою ойғызған.ою өнерін арнайы үйреткен.Ал,өруді 3 жастан бастап матаны немесе шылғиды баулап тіліп немесе қайысты таспалап сантүрлі өруді үйреткен. Балақайлар бір-бірінің бұрымын өріп ,неше түрлі сәнге келтірген. Өрмекке тал шыбығын,не сияқты шөп (жылан қияқ,сабан,қамыс т.б.) тіліп пайдаланған.Олардан тоқытып ыдыс-аяқ,дорба,қап жасатқан.Мұның бәрі баланың ойлау жүйесін жетілдіріп,ақыл-ойын дамытқан.Қазақ тәрбиелеу ілімінде 3-13 жас аралығында балаға биязы әдеп пен көркем мінездің алғашқы дағдысын,ұлағатын ұқтырмасаң,олар өздігінен қалаған ұлттың әдебін,мінезін бойына сіңіріп алады-деген қағида бар.Ал,бүгінгі психологияда бала 5-6 жасында дағдылануға қолайлы кезең басталатынын анықтаған. Бұл – баладағы әлеуметтік дағдылар мен мінез-құлықты қалыптастыру үшін өте маңызды кезең.Жас сәбилердің жас еркшелігі мен даму сипаты бүгінгі таңда жан-жақты зерттелген. Балалар тез дамиды.Олар ұғымтал келеді. Мәселен Зигмуд Фрейдтің зертеуі бойынша:0-1,5 жасқа дейін «оральная фаза» – бала омырау еметін кезең. Тек ауыз арқылы бәрін сезетін шақ.1,5 -3 жасқа дейін «анальная фаза». Анально-садистикалық кезең немесе сепарация- индивуация кезеңі деп те атайды. Баланың анадан бөлінетін кезеңі. Мен өзім білемін, өзім істеймін дейтін ұмтылыс сол кезде пайда болады.3-5 жасқа дейін эдипалдық кезең. Бала тұлға бола бастайды. Ұяты қалыптасатын кезең. Гармондар бөлініп, ұл мен қыз әке-шешеге ерекше жақындай түседі. Адам психикасы осы үш кезеңде дамып қалыптасады. Үшеуі де бала үшін қиын кезеңдер болып есептеледі. 5 жаста бала психикасы қалыптасып қояды.Қазақтың «баланы беске дейін натшаңдай қара»- дейтін себебі осы.Қазақтың балатану біліміне сүйенсек: « үш жасқа дейін баланы реттілікке,тәртіпке, 6 жасқа дейін қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрету керек екен. 1,5-3 жас – сөздерді айқын қабылдай білетін, сөздік қорын толтыратын кезең. Бұл жастағы бала шет тілдерін үйренуге өте бейім тәрізді болып көрінеді.Қазақ оны тілге ену шағы дейді.Кәзіргі шақта балабақшаға 2 жастан қабылдау мүмкіндігі туғандықтан Қазақстанның кез-келген азаматының баласын осы жастан бір тілде,-мемлекеттік тілде оқытып тәрбиелеуге толық мүмкіндік бар.Оның ғылми негізі айқын,құхықтық (ата-ананың саналы ұйғаруы негізінде)негізі жеткілікті.Дәлірек айтқанда біздің барлық балабақшамыз мемлекеттік тілде тәрбиелеуі тиіс.Сондай-ақ,бұл жас моториканы дамытуға, объектілерді манипуляциялауға, тапсырысты қабылдау үшін қолайлы болғандықтан қазақ осы жаста сәбиге асық және қимыл қозғалыс ойындарын көп үйреткен.Тілі шыға қазақ баласын сөз ойындарымен ойнатып,тілширату сабақтарын өткізген.3-4 жас. Бұл кезең сандар мен әріптерді символдық белгілеу, хатқа дайындықпен танысу үшін қолайлы. Сана сезімі мен өз ойларын түсінуі дамып, сезім мүшелерінің қарқынды дамуы жүреді;4-5 жас. Бұл кезең музыка мен математикаға деген қызығушылықтың дамуымен сипатталады. Баланың хатты, түсті, заттардың пішінін, өлшемін қабылдау белсенділігі артып, қарқынды әлеуметтік дамуы артады.Бұл жастағы балаларға ата мен әжелер, құмға, қарға, сазға не сияқты өрнек сыздырып, «жазу» жаздырған.Ұшын шала жағып күйдірген,не жосаға малып алған талшыбық «қалам-қарындаш» бәрімізде болды ғой.Әпкейлеріміз олармен түсқиіз өрнек-теп, ақкиізге ою сызбады ма?Олардың көзіқарақты,қолы епті,ойы жүйрік болуының негізі осында жатыр.Олар сызғыш,циркуль т.б. өлшеуіш құралдын керектенбеді, олардың міндетін он саусағы атқаратын.Ал,сызған ойғаны компьютермен көшіргендей тең, симметриялы шығатын. Санамақтан бастап,жұмбақтасу,қара есеп айтысу осы шақтан басталып «сабақ кестесіне» енетін.
Егер қолың босап,мүмкіндігің болып,осы мақаланы оқи қалсаң,бүгінгі таңда тәрбиешілерді дайындау және қайта даярлау ісін түбірімен өзгертуді ойға алатыныңызды,ол турада нелер ғаламат ойға келіп,жаңа жобаларды ұсынатынызыға сенімдімін.Қазақтың апа аналарындай тәрбиеші болу оңай емес.Ал заманауи тәрбиеші болу оданда қиын.Мемлекттік,халықтық қамқор-лақсыз оны шешу мүмкін емес. Алайда,Қазақстан Республикасының балабақшасы-заман-ауи әулет мектебіне айналуы тиіс. Болуға тиісті нәрсе болады!
Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым,жазушы) 9 қараша 2019