«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасын, оқыту практикасына өзгерістер енгізу және оларды басқару»

«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасын, оқыту практикасын өзгерістер енгізу және оларды басқару»

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасының балалардың жеке тұлға болып қалыптасып дамуына жаңа әдіс-тәсілдермен  жетуге болады. Оқыту және оқу тәжірбиесіне жету үшін баламен жеке жұмыс жасағанда,  баланың неге қызығушылығының бар екенін байқап, одан әрі арттыру үшін, тікелей бақылауға аламыз. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың үнін тыңдап, ойын түрлерін дұрыс ұйымдастырып, жетелеуші сұрақтарды дұрыс қоя білгенде, SMART мақсатқа жетуге болады.

Педагогикалық шеберлік орталығының Көкшетау қ. филиалы әзірлеген  «Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 235 академиялық сағат» көлемінде оқу курсын оқып, білім тәжірибемді жинақтадым.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасы курсын оқып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған үлгілік оқыту бағдарламасының түйінді идеяларын коммуникативтілікті дамытуды, SMART мақсат, бала үні, Блум таксономиясы, 4К моделі,  ойын түрлері, саралау әдістері, бақылаудың түрлері, балаларды жан-жақты зерттеп бақылауға болатынын, сөйлеу, ойлау, қоршаған ортаны тану дағдыларын   қалыптастыруда нәтижеге жету үшін тиімді әдіс тәсілдермен таныстым.

Перспективалық жоспарға  бір айдың нақты, шындыққа негізделген SMART мақсат қоюды, үлгілік оқу бағдарламасынан жас ерекшілігіне сай білім беру салаларының мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, стандарттан баланың дағдыларын жас ерекшілігіне сай сәйкестендіріп алып жоспарлап жаздым. Әр педагог, тәрбиешінің перспективалық жоспарды құруда қандай құжаттарды басты негізге алатынын түсіндім және алдағы уақытта мән беріп отырамын.

Циклограмманы жоспарлауда күн тәртібіне сай қай уақытта баланың өмірін тәрбиелеуде ең оңтайлы сәттерді пайдалану керек екенін түсіндім, соның ішінде  4К моделін яғни креативтілікті, сыни ойлауды, Блум таксономиясын, саралау әдістерін, бала үнін, серуенде жүргізілетін бақылау түрлерін кіріктіріп жазуды үйрендім.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасының нақты ойын түрлері:

-педагогтың жетекшілігімен ойын;

— құрылымдалған ойын;

— еркін ойын түрлері;

Сондықтан бұл ойындар  арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым — қатынастарымен танысады.

Педагогтың жетекшілігмен ойында балаға бағыт бағдар бере отырып, ойын арасында араласып, баланың өзара әрекет етуіне ықпал жасауға көмектессе нәтижеге жететін білдім. Құрылымдалған ойыны ұйымдастырылған оқу қызметінің нақты тұстарын, баланың игерген білімдерін бекітуге, қорытындылауға, нәтижеге жету үшін аса қажетті ойынның түрі. Еркін ойын  балалардың бір-бірімен қарым-қатынас, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру үшін тиімді.

Баланың неге икемді, қызығушылығы қандай? Оны әрі қарай дамуы үшін не істеу керек?  Қандай жұмыстар атқару керек? Осы сұрақтардың шешімін жаңартылған тәсілдердің ішінде баланың бірінші бала үнін тыңдай біліп, баламен жеке жұмыс жасау барысында нақты мақсат қоя білгенде, жетелеуші ашық-жабық сұрақтар арқылы,  саралау әдістерінің тиімді тұстарын пайдалана отырып, зерттеп, тікелей бақылауға алғанда ғана, ол баланың қызығушылығы оянып, белсенділігі арттыру мақсатында маңызды роль атқаратынын білдім. Осы аспектілер  баланың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, балаға жағдай жасауға, оның ішінде өзіне деген сенімсіздігін, қорқынышын жеңіп, әлеуметтік психологиялық тұрғыдан өзіне деген сенімін арттыруға, шығармашылық, көңіл-күйінің көтеріңкі ұстау қажеттіліктерін байқауға, дұрыс әрі нақты шешім таба білуге маған оқыту практикасында көмегін тигізді.

Қазіргі кезде баланың үнін тыңдай білу немесе баланың қатысу принципі деген ең басты қағида, екі жақты үрдіс деп ойлаймын, яғни ата-анамен тәрбиешінің бірлескен жұмысы. Бірінші тәсіл балаларды сөйлеуге мүмкіндік беру. Екінші сұрақ қойғанда жауапсыз қалдырмай, дұрыс ойланып жауап беру.

Бұл балаға оны құрметелген сезімін түсініп сезінуге мүмкіндік береді. Құрмет дегеніміз мынандай іс-әркеттерде көрінеді: тәрбиеші оқу қызметтерінде баланың үнін есту үшін оған көңіл бөлмейді,  үзіліс жасайды немесе өзі жауап беруге асығады. Сондықтан бала әлемді қалай көретінін түсініп, ата-анамен бірге жоспарласақ, біз шын мәнінде баланың үнін ести аламыз. Менде соған қол жеткіздім деп ойлаймын.

Балаларды дамыту үшін ұйымдастарылған оқу қызметінде саралау әдістері, бақылау түрлері, кері байланыс, рефлексия  орнату үшін, ашық- жабық сұрақтар, ойын түрлерінің әдіс- тәсілдері тиімді болды және оны жүзеге асыру мақсатында  бір аптаға  жоспарланған  циклограмманы басшылыққа алдым. Тәжірибиемнің ұтымды жақтары ең бастысы баланы танып дамытуға, алдыңа нақты мақсат қойып, ойын түрлерін қолданғанда ғана жүзеге жететін білдім.

Сол арқылы тілдік қарым-қатынасқа түсіп, топтық жұмыс жасауға дағдыландырдым. Әрдайым балаларды мақтап, мадақтап отырдым.

Педагогтың жетешілігімен ойын кезінде «Жемістер мен көкөністерді ажырат» оқу қызметінің негізгі бөлімінде жүзеге асырдым. Балаларға қажетті ресурстарды дайындап беріп, екі командаға бөліп, ережемен таныстырып, бағыт- бағдар беру арқылы ойынға араласып отырдым. Бұл ойын түрінің ұтымдылығы балалар командамен жұмыс жасай білді, шапшаңдық, қимыл-қозғалыс, тілдік қарым-қатынас және сыни ойлау дағдысы қалыптасты, белсене қатысып ойнады. (оқу ортасы арқылы саралау) Балалар жемістер мен көкөністердің муляждарын ұстау арқылы ажырата білді, түстерін айта алды.(өнім арқылы саралау) Бұл ойынның сәтсіз тұсы балалардың белсенділігі бірдей болмады, оң жақ, сол жақ кәрзеңкені айыра алмады. Ойын ережесін дұрыстап түсіндіріп, белсенділігін арттыру үшін, ойынды қайтадан бастап,  қызығушылығын оятуға   жетелеуші сұрақтар, жұмбақтар қойдым. Оң жақ сол жақ кеңестіктерін дұрыс бағдарлау үшін, кәрзеңкенің оң жағына қызыл, сол жағына сары жолақша қойып, осы қиыншылықтан шықтым.

Құрылымдаған ойын «Артығын тап». Бұл ойында балаларға жеке жұмыс беру арқылы тікелей бақылап, дұрыс тамақтану, дәрумендердің пайдалы және пайдасыз туралы білетін білімдерін тиянақтау мақсатында таңдадым. Керекті суреттерді  интернеттен тауып алып, құрастырып, шығарып алдым. Ойынның ұтымды жағы баланың логикалық ойлау қабілеті, сөздік қоры дамиды, тақырыпты қортындылауға тиімді. Әлсіз тұсы сұрақтарға қысқа жауап берді. Ол балаға ойын шартын қайта түсіндіріп, бағыт бердім.

Еркін ойынды көбінесе күннің екінші жартысында қолданамын. «Аспазшы» ойынын ойнау барысында балаларға ойын ережесімен таныстырып, аспазшы керек дәруменді өлең-жолдарын оқу арқылы таңдап, қимыл-қозғалыс пен жүзеге асырылады. Еркін ойынның ұтымды болған жағы балалар еркін қозғала алады, физиологиялық тұрғыдан дамиды, мәнерлеп айту дағдысы қалыптасады, қызығушылығы артады. Сәтсіз тұсы басты рольге балалардың өзара таласуы болды. Кедергілерден жеңу жолы: санамақ арқылы басты рольді таңдап, ауыстырып , ойынды бірнеше рет ойнатып, тығырықтан шықтым.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің ортасы кезінде балаларды жаппай бақылауға алғанда баланың сүйіспеншілігін, қызығушылығын аңғардым. Сол арқылы танымдық оқиға жаздым.

Болашақта ойындарың әдіс-тәсілдерін жақсарту үшін, шығармашылық жұмысымның мнемокесте технологиясын әрі қарай жаңаландырып, модуьлдік оқыту технологиясын, ойын түрлерімен біріктіріп, жалпы білім сапасын жоғарлату мақсатында баланың даму құралы ретінде пайдалану керек екенін жоспарлап отырмын.  Балаға білімді тек меңгерту ғана емес, баланың танымдық қабілеті және танымдық процестерін арттыру үшін В. В Воскобович тенолногиясын, көру, есте сақтау, жады қабілеттерін дамытуда В. Шульте таблицаларын, физиологиялық, әлеуметтік, мәдени-гигиеналық дағдыларының, сөйлеудің дыбыстық мәдени дағдыларын, тілдік қарым-қатынас  дамытуда мнемотаблицаларын,  АКТ технологияларындың көмегімен шеберлігімді арттыруға бағыттаймын.

 

 

Тәрбиеші: Сырымбетова Индира Зейнадиновна

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.