Күз кереметі

Мақсаты: Балаларға қоршаған орта, табиғат, көкөніс және жеміс – жидектер түлерімен таныстыру. Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

 

жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар құрметті тәрбиешілер мен балақайлар!……… І кіші тобының «Күз кереметі» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!Міне, күзде келді, күн суытып, жаңбыр жауып, жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады.Ендеше ортамызға күз ханшайымын шақырайық.

/күз ханшайымы келеді/

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме , балақайлар!

Ырысқа толы қоймалар,

Берекелі күз болам,

Байлыққа мұртын майланар.

·         Сендер мені шақырдыңдар ма?

 жүргізуші:: Сәлеметсіз бе, күз ханшайымы, қош келдіңіз! Ия, күз ханшайымы біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалауға шақырдық.

Балалар айналамызға қарайықшы қандай әдемі жапырақтар, сары түске боялған. Айналамыз әдемі, күн де тамаша, жақсы көңіл күймен қонағымызға ән салып берейік.

Ән: «Күзгі жапырақтар»

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар. Сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер. Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?

Балалар: Алтын күз мерекесі.

Күз ханшайымы: Дұрыс айтасыңдар. Айнала сап – сары жапыраққа толы екен. Балалар сендер күз туралы, көкөніс, жеміс – жидек туралы тақпақ білесіңдер ме? Мен сендердің өнерлеріңді тамашалағым келіп тұр.

жүргізуші:: Күз ханшайымы біздің балалардың өнері көп ән айтуды, би билеуді, тақпақта айта алады.Қәне, балалар күз ханшайымына өз өнерімізді көрсетейік.

Адель:

Осень, осень, погоди!
И  с дождями не спеши,
Дай еще нам лета,
Солнышка и света

Жемістер:

Дамили:

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім

Аружан:

Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттын

Сұлтан:

Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім

Мансур:

Өрікпін, мен өрікпін

Бау – бақшаға көрікпін

Жанерке:

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

 

 

 жүргізуші:: Жарайсыңдар, балалар. Сендер көптеген тақпақ біледі екенсіңдер.Қараңдаршы балалар, мына жерде көптеген жапырақтар бар екен:

Ендеше, «Жапырақ жинау» ойынын ойнайық.

Ойын шарты: Екі топқа бөлініп жапырақтарды себетке жинауымыз керек. Қай топ көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.

 жүргізуші: Мерекемізді жалғыстыра отырып,қыздардың биіне кезек берейік.

Би: «Жапырақтар»

 жүргізуші: Жемістер жақсы етіп тақпақтарын айтты.Көкөністерде сендерде өз өнерлерінді көрсетіңдерші.

Көкөністер:

Аян:

Өсіретін бойынды

Дамытатын ойыңды

Рамазан,Алишер

Картоп біздің атамыз

Жер астында жатырмыз

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар , балалар. Сендер жапырақ жинау ойының жақсы ойнадыңдар. Менімен «Күн мен жаңбыр» ойының ойнауға дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия ,дайынбыз.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар , балалар! Сендер ақылды, өнерлі, жан – жақты бүлдіршіндер екенсіңдер.Мен сендердің өнерлеріңе риза болдым.Ал, балалар мен кетейін.Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз, күз ханшайымы!

жүргізуші:: Балалар күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар: Жаңбыр жауады, күн салқын болады, жапырақтар сары болады.

 жүргізуші:: Дұрыс айтасыңдар, жапырақ сары түске боялып жерге түседі,адамдар қалың киініп жылы жүреді.Балалар қараңдаршы орманда саңырауқұлақтар көп екен.Олар үлкен боп өсіп келеді.Алыстан бізге саңырауқұлақ билеп келе жатыр.

Саңырауқұлақ: Сәлеметсіздер ме, балалар, мен саңырауқұлақпын.Сендер менің кішкентай саңырауқұлақтарымды көрген жоқсыңдар ма? ( айналаны қарап жүреді)

 жүргізуші: Сәлеметсіз бе, саңырауқұлақ мырза.Әрине көрдік олар осында бізбен бірге алтын күз мерекесін тойлап жатыр.

Саңырауқұлақ: Балалар сендерге көп рахмет.Менің кішкентай саңырауқұлақтарымды тауып бердіңдер.Мен өз ризашылығымды білдіріп сыйлығымды ала келдім, апайларыңа берейін.Қәнекей, мен сендерге кішкентай саңырауқұлақтарыммен би билеп берейін.

Би: «Саңырауқұлақтар»

 жүргізуші:: Саңырауқұлақтар сендер әдемі билеп бердіңдер.Сендерге арнап біздің балалар ән салады.

Ән: «Жемістер»

Саңырауқұлақ: Балалар менің көңілімді көтеріп ән айтып, би билеп,менің кішкентай саңырауқұлақтарымды тауып бердіңдер сендерге көп – көп рахмет.Келесі кездескенше сау болыңдар!

 жүргізуші: Біздің балалар әрқашан көмектесуге дайын тұрады.Алтын күз мерекесін бізбен бірге тойлағандарыңызға рахмет.Сау болыңыз!

 жүргізуші: Күз кереметі атты ертеңгілігімізге қатысқандарыңызға көп рахмет.

Сау болыңыздар!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *