Жануарлардың қандай түрлері болады?
Ұзақ мерзімді жоспар:
Жануарлар |
Мектеп: №257 | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Абдыкалыкова Алуа | |||
Сыныбы: 1 сынып | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||
Сабақтың тақырыбы: | Жануарлардың қандай түрлері болады? | |||
Оқу мақсаты | 1.2.2.2 Жабайы және үй жануарларын ажырату | |||
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар: | |||
Жабайы жануарларды және үй жануарларының түрлерін атайды | ||||
Көптеген оқушылар:
Жабайы жануарлардың үй жануарларынан қандай ерекшелігі бар екенін біледі |
||||
Кейбір оқушылар:
Жануаларды қалай күту керектігін және бақылау нәтижелерін жазуға дағдыланады. |
||||
Бағалау критерийі | 1. Жабайы жануарларды және үй жануарларын атйды
2. Жабайы жануарларды және үй жануарларын топтайды |
|||
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар:
Жабайы жануарлармен және үй жануарларының ерекшелігі мен айырмашылығын атай алады. Жануарлардың негізгі сипаттарын атайды. |
|||
Пәнге тән лексика және терминология: Жануар, жабайы және үй жануары, қорек | ||||
Сыныптағы диалог:/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
-Біздің сыныптың оқушыларында қандай үй жануарлары бар? -Қандай жабайы жануарларды білесіңдер (көрдіңдер) ? |
||||
Құндылықтарды баулу | Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, жауапкершілікке, сыйластыққа, қамқорлыққа баулу | |||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | |||
Бастапқы білім | Жануарлар туралы жалпы түсінік қалыптасқан | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі
1. а) сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру ә) ынтымақтастық атмосферасын құру -Оқушылар бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай? Барлығымыз стол үстіндегі смайликтен осы сәттегі көңіл күйімізді көрсетеміз. Жарайсыңдар, бүгін менің де көңіл күйім де жақсы, сіздерге бар ынталарыңызбен жұмыс жасауларыңызды тілеймін.
Ширату жаттығулары: Бейнефильм «Ферманың күнделікті тіршілігі» «Сиқырлы сұрақтар» әдісі 1. Бейнефильм не туралы екен? 2.Жануарларды қалай күту керек? 3. Жануарлардың мекен жайы туралы не айтар едің?
Топқа біріктіру: Оқушылар үй және жабайы жануарлардың суреттерін таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді. 1 топ үй жануарлары |
|||
2 топ жабайы жануарлары | ||||
Сабақтың ортасы | Топтық жұмыс
1- топ тапсырма «Жануарларды топта»
Жабайы және үй жануарларының суреттері берілген, сол арқылы жануарларды топтайды Суреттерге мұқият қара Олардың қайсысы өз бетінше тіршәләк ете алады? Қайсысына адамдар қамқорлық жасайды? 2-топ тапсырма «Сәйкестендір» Жануарларға өз қораларын табуға, азығын табуға көмектес. Кері байланыс: Бағалау: Басқармақ әдісі бойынша бағалайды. Өте жақсы, жақсы, нашар |
|||
|
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен, теріп-теріп алайық, қалтамызға салайық.
Жұптық жұмыс: 1-тапсырма: Қатарды толықтыр әдісі Суретке мұқият қараңыз. Әр топтағы жануарлар тобын атаңыз Бос орынға сол топқа жататын жануарлардың суретін салыңыз
Жұптар бірін-бәрә смайликтермен бағалайды Кері байланыс: Жеке жұмыс: Тапсырма: Адасқан жануарлардың суреттерін қиып алып, тиісті бағанға желімде. Қалыптастырушы бағалау Дискриптор: 1.Жабайы жануарларды анықтайды және тиісті бағанға орналастырады. 2. Үй жануарларын анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады.
Бағалау: Оқушылар бірін- бірі бағалайды, мұғалім бағалайды. |
|||
Сабақтың соңы | Сараланған тапсырма: «Ойлан, тап»
1.Неліктен итпен қасқыр бір-біріне ұқсас 2.Қандай жануарлар күтімді қажет етеді.
Рефлексия
«Күн шапағы»
Күн дөңгелегіне сары және көк тармақтарын жапсыру
Сары түс-маған сабақ ұнады, көптеген ақпарат алдым
Көк түс-маған сабақ ұнамады, пайдалы ақпараттар ала алмадым |
|||
Қосымша ақпарат | ||||
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілетті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау-Оқушылырдың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
Топтық , жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады | Оқушылар жеке, топтық, жұптық жұмыстарда бағаланады
«смайликтермен» «Басқармақ әдісі» арқылы бағаланады |
Оқушылардың дұрыс отыруларын, оқу құралдарын ретімен пайдалану қадағаланады. | ||
Рефлексия | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды(оқытуды да,оқуды да ескеріңіз) ? 1:
2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады(оқытуды да,оқуды да ескеріңіз) ?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім.
|