Мемлекттің функциялары (қызметтері)
Сабақтың тақырыбы: Мемлекттің функциялары (қызметтері)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімгерлерге Мемлекттің функциялары оның түрлері,жүзеге асырудың нысандары туралы толық ақпарат беру.
Дамытушылық: Білімгерлерге құқықтық білім бере отырып, өз ойларын еркін, сауатты және нақты жеткізу қабілеттерін арттырып, жан-жақтылыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелілік : Білімгерлерді патриоттыққа, өз отанын сүю, елін құрметтеуге, өз құқықтарын білуге, барынша отанын қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау,түсіндіру, Сұрақ-жауаптар, «Теріс сөз», Бой сергіту сәті
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, бейнеролик, қима-қағаздар, визуальды лекция.
Сабақтың барысы: Білімгерлерді екі топқа бөлу
Топатардың аты: 1. «Заңгерлер»
- «Фемида»
І. Ұйымдастыру.
- Сәлемдесу,білімгерлерді түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру, сабаққа зейіндерін аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Басқару нысаны
- Мемлекеттік басқару формасы
- Негізгі басқару формалары
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
«Теріс сөздер» ойыны
- яихраноМ – Ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару
формасы ( яихраноМ – Монархия)
- акилбупсеР – Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын,не болмаса өкілдік мекемелері құратын басқару формасы (акилбупсеР — Республика)