Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі
Күні: 18.11.19
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: 26
Қатыспағандар саны:0 |
||
Сабақтың тақырыбы | Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі. | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
Жетістік критерийлері | · Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айта алады.
· Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айтады · Сөздерді,дыбыстарды дұрыс айта алады.
|
||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, музыка | ||
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым, бейне ролик | ||
Тілдік құзыреттілік | М дыбысы мен әрпі. | ||
Бастапқы білім | Ы ы дыбысы мен әрпі | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Үй тапсырмасын тексеру |
Ұйымдастыру
«Көңіл – күйді бағалау» — Балалар, бүгін көңіл – күйіміз қандай? Қане, бір – бірімізге қарап , мимикамыз арқылы көрсетейікші. Ендеше, балалар, осындай керемет көңіл – күйімізбен сабағымызды бастаймыз.
— Балалар, енді өткен сабақты еске түсірейік. Миымызға шабуыл жасаймыз. Қандай әріппен таныстық? «Ы дыбысы мен әрпі» Үй тапсырмасы бойынша оқулықтағы сөздер мен мәтінді тізбектей оқу. |
Смайликтер
|
|
Сабақтың ортасы
Қызығушылықты ояту
|
Жаңа сабақ
Актуалдау. Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз. Бас бармағым –атам, Балан үйрек –әжем, Ортан терек – әкем, Шылдыр шүмек – анам, Кішкентай бөбек – мен. Біз үйде нешеуміз? Біз үйде – бесеуміз. — Балалар, ата, әже, әке, ана дегендерді бір сөзбен не деп айтамыз? — Дұрыс айтасыңдар. Отбасы деп айтады екенбіз. — Балалар, БҮГІН БІЗДЕРДІҢ ОРТАҚ ТАҚЫРЫБЫМЫЗ «МЕНІҢ ОТБАСЫМ» деп аталады. 2 КРИТЕРИЙ — Отбасыларыңызда қанша адам бар? — Ендеше, отбасы мүшелерін үш тілде айтып көрейік. (Отбасы мүшелерін үш тілде айту) — Жұмбақ шеше аламыз ба? — Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешіп көріңдер. Жұмбақ шешу. Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті- қолын жуады. (Мысық) Туа сала мұрт өсірген мырза, Пеш түбінде жатқанына ырза. (мысық) Жауабындағы сөзге мән беріп қарайықшы. МЫСЫҚ. Қандай дыбыс естіледі? Буынға бөліп көрейік. №1 Тыңдалым. 1 КРИТЕРИЙ ЖӘНЕ 3 КРИТЕРИЙ
«М м әрпіне байланысты бейнеролик» — М дыбысынан келетін қандай сөздер айтылды? — Сөздерді буынға бөліп көрейік. — М әрпі сөздің қай бөлігінде кездеседі? |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті
|
«Көңілді көтер» биі | Сергіту сәтіне арналған жинақ | |
|
Дәптермен жұмыс М м әрпін жазу
Топтық жұмыс І топ. Буындардан сөз құрау ІІ топ. М әрпінен келетін сөздерді топтап жабыстыру ІІІ топ. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау ІҮ топ. Берілген суреттерде м әрпі сөздің қай бөлігінде орналасқан? Соны тауып, қорапшаларға салу. Дескриптор: Ø Буындардан сөз құрайды; Ø М әрпінен келетін сөздерді тауып, жабыстырады, топтастырады. Ø Сөздерге дыбыстық талдау жасайды; Ø М дыбысының сөздің қай бөлігінде келетінін ажырата алады. ҚБ: «От шашу», «Бас бармақ», «Бағдаршам», «Үш шапалақ»
|
Оқулық, дәптерлер.
|
|
Сабақтың соңы
|
Қорытындылау.
«Шеңбердегі доп» әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Шарты: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім кез келген оқушыға сұрақ қойып , жауабын алады. Пирамида құрастыру
Кері байланыс «Жетістік баспалдағы»
|
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|