жемістер жыры

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы:  «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі:Көркем әдебиет.

Тақырыбы:«Жемістер жыры».

Мақсаты:Коммуникативтік дағдыларын дамыту.Жемістерді(алма,өрік,қара өрік,шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру.Жемістер туралы түсініктерін дамыту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу.

Әдіс-тәсілдер:көрсету, сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Топты ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне дайындау.

Қажетті көрнекі құралдар:жемістердің суреттері,муляж,хрестоматия.

Билингвальді  компонент: жемістерфрукты

 

 

Іс-әрекет кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

 

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шаттық» шеңбері

Балалар, бүгінгі күнді күн шуақ

Әнімен бастағым келіп тұр.

Олай болса,бәріміз шеңбер бойымен

Айналып тұрамыз.

«Күз жомарт» әнін орындайық.

Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ ,

Саудырап түседі.

«Күз жомарт», дейміз біз,

Жемісін жейміз біз.

 

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен амандасты,         өлең жолдарын айтады.

 

 

 

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

 

 

— Кіріспе әңгіме:

Балалар,біздің осы орындаған

Өлең шумағында не туралы,не жайлы айтылған? Күздің бізге берер қандай сыйы бар?

Қандай жемістерді білесіңдер?

Ал енді,балалар,мына өлең шумағын тыңдайық.

Алма:

Нарттай қызыл алма бар,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

 

 

 

Күз,күз мезгілі.

Алма

Шие

Өрік

 

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

 

 

Өрік:

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде,

«Менен аулақ жүр» деймін.

Уылжыған өрікпін,

Мен бау баққа көрікпін.

Қара өрік:

Қара өрік деген атым бар,

Менен де дәм татыңдар.

Дәрі орнына жүруге,

Кейде менің хақым бар.

Алыңдар баққа ектіріп,

Сақтаңдар ұзақ кептіріп.

Шаймен ішкен сусындар

«Па, шіркін –ай!» -деп тұрып ..

Оқылған өлең шумақтарын сұрақ жауап арқылы әңгімелеу,талқылау.

Сергіту сәті:

Алма,алма,көп алма,

Қызыл ,жасыл,көк алма.

Теріп,теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Дидактикалық ойын: «Дәмін ажырат»

Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.

 

Балалар қолдарымен жемістерді ұстап,көлемін ,түсін анықтайды.

Оларды қарап ,бір бірімен салыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін қимылмен қайталады.

 

Балалар ойынға белсене қатысты.

 

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагог балаларданбүгінгісабақтаналғанәсерлерін,көңілкүйлерін ,не үйренгендерінсұрайды.

 

Балалар тәрбиеші қойған сұрақтарға толық жауап берді.

Тәрбиешінің мадақтауларына ризашылық білдірді.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Жемістер мен көкөністерді ажырата білді.

Қандай түсініктерді игерді:Жемістер туралы түсініктерді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Үлкендердің еңбегін бағалай білуді.Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыруды..

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *