Балалардың 1 цифры туралы білімін бекіту. Тез – баяу. Үшбұрыш (өзге фигуралардың арасынан табу)

Ергалиева Насихат Кожабаевна

Мақсаты: 1 цифры туралы өткенді пысықтау; цифрды заттың санымен салыстыруға үйрету; жұмбақтарды көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; «тез», «баяу» түсініктері туралы  білімдерін пысықтау; таныс заттарды көлемііне қарай (үлкен, кіші, кішкентай) салыстыру және оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; үшбұрыштың көлемі жағынан әртүрлі болатыны турады түсінік қалыптастыру.

Қажетті көрнекі құралдар: ойынға арналған суреттер, заттық суреттер, баяу, жылдам жүретін аңдар суреті.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, заттық суреттер.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

1.Таңғажайып кірпішті,

Бір-біріне қаладым.

Ұнамаса құлатып,

Қайта-қайта қаладым.        (Текшелер)

2.Доп-домалақ іші қуыс пәле,

Қайта-қайта семіруде, әне. (Доп)

3.Кезікті кербез сұлу,

Бір жануар.

Үстінде

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жұмбақтың шешуі болып тұрған сөздерге сипаттама береді.

Ұйымдастырушылық -ізденістік

1 – тапсырма. Тәрбиеші : «неше текше, неше түйе, неше доп бар?» — деп сұрайды. 1 деген цифрдың бір затты білдіретінін түсіндіреді. Балаларға бір дөңгелек пен 1 цифрын бояуды ұсынады.

Балалар сұраққа жауап береді.

2 – тапсырма. Педагог сол жақта тек 1 цифры жазылғанын көрсетеді.Балаларға 1 цифрына сәйкес заттарды бояу туралы тапсырма беріледі.

Балалар 1 цифрына сәйкес бояйды.

Сергіту сәті.

3 – тапсырма. — Арыстан мен тасбақа «Пальмаға кім бірінші жетеді?» деп бәстеседі. Сендер қалай ойлайсыңдар, не бірінші жетуі мүмкін? — Неге арыстан бірінші жетеді деп ойлайсыңдар?

Бірінші арыстан жетеді.Өйткені арыстан жылдам жүгіреді. Тасбақа баяу жүреді.

4 – тапсырма. Педагог жұмбақ жасырады:

Үш бұрышы,

Үш қабырғасы бар

Бұл қандай фигура?

Үшбұрыш.

Үшбұрыштардың өлшемі қандай?

— Үлкен, кіші, кішкентай.

Рефлекциялық-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Балалар өздері жасаған жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.

— Тасбақа тез жүре ме, арыстан ба?

Арыстан тез жүгіреді, тасбақа баяу жүреді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.