ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 1-НЕН БАСТАП 1-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ТЕГІН ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 1-НЕН БАСТАП 1-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ТЕГІН ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйектің 1-нен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде хабарлады.

Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды, ең жоғары баға Алматы қаласында 800 теңгені құрайды.

«Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6% құрады. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізілетін болады», — деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.

Айта кетейік, бүгінде министрлік мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін пысықтап жатыр.

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. Мадина:

    ӘНХ неге орыс тілі мен әдебиет пәні көрсетілмеген?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.