Көңілді пішіндер

Дайрабаева Ақдидар Дәлелбекқызы

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, пішіндерді ажыратып айта білуге дағдыландыру;

Көрнекіліктер: дидактикалық ойындар, геометриялық пішіндер.

-Балалар бүгін бізде ерекше күн.

-Еңалдымен келген қонақтармен амандасайық.

Барысы: Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады.

Амандасу: Музыка әуенімен әндетіп:

Қайырлы күн, көк аспан.

Қайырлы күн, жерана.

Қайырлы күн, достарым

Қайырлы күн, апайлар.

Тәрбиеші: Бізге қонаққа бауырсақ келіп қалыпты.

Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?

Балалар: Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.

Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?

Балалар: сары

Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай?

Балалар: дөңгелек

Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Мен бауырсақпын. Мен сендерге өзіммен бірге тапсырмаларымды ала келдім. Бірге орындаймыз ба балалар?

Балалар: Ия

1-тапсырма:

Пішіндер туралы жұмбақтар

Атына сай балалар,

Үшбұрыш, үш жағы бар

Ол пішінді кім табар?

-Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш. Алдарындағы пішіндердің ішінде үшбұрышты көрсетіңдерші және түсін айтамыз.

(Балалар көрсетеді, түсінайтады)

-Дұрыс айтасыңдар балалар, келесі жұмбақты жасырайын.

-Төртбұрышы бар, төрт қабырғасы бар.

Бұл қандай пішін?

-Ия дұрыс.

Төртбұрыш неге ұқсайды екен?

-Алдарындағы пішіндерден төртбұрышты көрсетіңдерші, түстерін айтыңдар.

Тағы бір жұмбақ жасырайын.

Допқа өзі ұқсайтын,

Ерекше бір пішін бар

Атын оның атаңдар?

-Дөңгелек неге ұқсайды?

-Өте жақсы балалар.

Ал, енді алдарындағы пішіндердің ішінен дөңгелекті көрсетіңдерші, түстерін айтамыз.

Тәрбиеші: Ал, балалар пішіндер туралы қандай тақпақ білеміз.

                    — Сен қандай пішінсің?

-Төртбұрышпын, төртбұрышпын.

Төрт қабырғасы бар бұрышпын,

Қай жағынан қарасаңда,

Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Үшбұрыш

-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,

Үш қабырғам бар бұрышпын,

Төртбұрыштан аз болсам да,

Орны бөлек үшбұрышпын.

Дөңгелек

Домалақпын, домалақпын,

Дөңгелек боп домаладым.

Ай сияқты, күн сияқты

Шар сияқты домалақпын.

Тәрбиеші:-Балалар, бауырсақтың сендерге әкелген мынадай тапсырмасы бар екен «Ойыншықтардың үйін табу» деп аталады.

Шарты: — Мына жерде биік және аласа үйлер бар. Ойыншықтарды көлеміне қарай, биік үйшікке үлкен ойыншықтарды, аласа үйшікке кішкене ойыншықтарды апарып қою керек.

Сергіту сәті

Дидактикалық ойын: «Пішіндерді өз үйшігіне орналастыр»

Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту, пішіндер туралы білімдерін кеңейту.

Бауырсақ: — Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Менін сендермен қоштасатын уақытым келді. Мені уйде атам мен әжем күтіп отыр.

Сау болыңдар балалар

Тәрбиеші:-Жарайды, балалар, Бауырсақпен қоштасып  шығарып салайық.

Балалар: Сау болыңыз бауырсақ.

Қорытынды: Сонымен қандай тапсырмалар орындадық?

Жақсы, балалар геометриялық пішіндерді жақсы меңгеріпсіңдер. Бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.