Сылдырмақ

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі:  Мүсіндеу.

Тақырыбы:  «Сылдырмақ»

Мақсаты: Сылдырмақ туралы түсінік бере отырып, оның дыбыс шығаруының сырын түсіндіру. Домалақ және сопақша пішіндерді жасауды, екі бөлікті біріктіре білуді үйрету. Ұсақ саусақ моторикасын мен ой-өрістерін дамыту. Ұқыптылыққа және еңбектене білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Сылдырмақтың үнтаспасы. Үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, сылдырмақ, тақтайша, түрлі – түсті ермексаз, сулық.

Пайдалынған технология: Монтессори технологиясы

Сөздік жұмыс: сылдырлайды.

Билингвальді компонент: сылдырмақ – погремушка.

Іс-әрекет

кезеңдері

            Тәрбиешінің  іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-

қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға сылдырмақ туралы өлең жолдарын тыңдауды ұсынады.

        Сылдырмақ

Сылдырмақ сылдырлап,

Бесікте тұрады.

Бөпешім былдырлап,

Сылдырмақ ұрады.

Бас салып, қолға алып,

Ауызға салады.

Сол кезде сылдырмақ,

Сөйлемей  қалады.

Ж. Смақов

(Сылдырмақты сылдырлатып көрсету).

Билингвальды компонент:  сылдырмақ — погремушка.

Балалар өлең жолдарын тыңдайды, не туралы айтылғанын айтады.

 

 

 

 

Балалар сылдырмақтың не екенін түсінді.

 

 

 

 

«Сылдырмақ-погремушка» сөзін балалар қосылып қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық-

Ізденістік

Тәрбиеші:

-Бұл сылдырмақтың сыры неде?

Бұл қалай дыбыс шығарады, зерттеп көрейік.

Сөздік жұмыс: сылдырлайды.

Пластмассадан жасалған ойыншықтың ішіне салынған моншақтарды ашып көрсету, қайта жауып, шайқап, сылдырлату. Осылай әртүрлі ұсақ заттар салу арқылы дыбыс шығарылатынын балаларға түсіндіру.

-Сылдырмақ не үшін керек?

-Кімнің үйінде сылдырмақ бар?

-Кімнің үйінде кішкентай іні-қарындастары бар?

Сол бөбектерге сылдырмақ жасап берсек қайтеді.

Тәрбиеші балаларға өзі дайындаған үлгіні көрсетеді.

Алдымен саусақ жаттығуларын жасап алайық.

Саусақ жаттығуы.

       Қуырмаш (ойын-өлең)

Қуыр-қуыр, қуырмаш!

Тауықтарға бидай шаш!

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Халық ауыз әдебиеті.

Қауіпсіздік ережесі:

-Ермексазды ауызға салуға болмайды;

-Жанынмызда отырған балаға кедергі келтірмейміз;

-Ермексазды тақтайшаның үстінде қоямыз;

-Қолымызды сулықпен сүртіп отырамыз;

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

-Үлестірмелі материалдарды таратып беру;

-Ермексаздан қалаған түсті таңдап алып, жұмсартамыз, оны екі бөлікке бөліп, алақанға салып домалақтаймыз;

-Екінші бөлікті алақан арасына салып, ширатамыз;

-Екі бөлікті біріктіріп, әшекейлейміз.

-Көрмеге сылдырмақты қою.

Сергіту сәті:

Қолымызда сылдырмақ,

Сылдыр-сылдыр етеді.

Аяғымыз тыпылдап,

Өзі билеп кетеді.

Тып,тып,тып,тып,

Тыпылдатып биге шық.

А. Меңжанова.

Қимылды ойын: «Сылдырмақ»

Мақсаты: Есте сақтау қабілеттері мен саусақ моторикаларын дамыту.

Шарты: «Сылдырмақ» Е.Железнева музыкасы ойнап тұрады. Балалар мұқият тыңдап, әуезбен бірге сылдырмақты  алақандарына ұрып сылдырмақты сылдырлатады.

Балалар тәрбиеші әңгімесін тыңдайды, сылдырмақтың сырымен танысады. Сылдырлайды сөзін қайталайды.

 

Үйлерінде сылдырмақтың кішкентай іні-қарындастарының барын айтып, сұрақтарға жауап береді.

Оларды сылдырмақпен ойнататындарын айтады.

 

Балалар сұрақтарға толық жауап берді.

 

 

 

 

 

 

 

Ойынға барлық балалар жақсы қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сылдырмақтың жасалу жолдарымен танысады.

 

Балалар өздерінің жасаған сылдырмақтары  туралы әңгімелейді.

Рефлексиялық-түзетушілік Сұрақ – жауап:

-Жасаған сылдырмақтың түсі қандай?

-Сабын қандай түспен жасадың?

-Не үшін ол түсті таңдадың?

-Кімге арнап жасадың?

Балаларды  мақтап, мадақтау арқылы қортындылау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Сылдырмақты өз текшелеріне қояды.

 

Күтілген нәтиже:

Жасайды: Домалақ, сопақша пішіндерді біріктіріп, ойыншық бейнесін келтіреді;

Түсінеді: Сылдырмақтың бөбектерге арналған ойыншық екендігін;

Қолданды: Ермексазды домалақ, сопақша пішінге келтіру дағдысын.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.