«Танграм» әдісі.

Құрметті әріптестер менің бүгінгі сіздерге ұсынып отырған әдісім «Танграм» әдісі деп аталады. Танграм әдісінің мақсаты: Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу. Балалардың сенсорлық қабілеттерін дамыту. Геометриялық пішіндерді атай білу.                                     Міндеттері:
—    театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
—    сөздік қорларын байыту;
—    ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық  айтуды үйрету.

Танграм – шамамен 4000 жылдық тарихы бар қытай ойыны. Жеті фигурадан тұратын ойын «ши чао тю». «Танграм» сөзі европалық. «Тань» сөзі ( «кытайлық» мағынаны білдіреді ) түбір «грамма» ( грек сөзінен аударғанда «сызық»).

Көне шығыс технологиясы бойынша пішіндер ойжұмбақ — танграмның балаларға арналған «7 бөлшек» мобильдік қосымшасын көкшетаулық өнертапқыштар Самат Биғазы мен Әйгерім Сағындықова іске қосып отыр.

Мұндағы ойының бір ерекшелігі -ол қосымшаның дизайны қазақтың ұлттық ою өрнегін қолдана отырып, этностильде жасалғанында болып отыр.

«Мәселен, ойындағы жиналған ұпай әдеттегідей жұлдызшамен емес, асықпен белгіленеді. Әсіресе, танымдық, бояуы, өзгешелігі жағынан дес бермейді». Ол өзінің жобасын «Қадам» деп атайды. Негізі «7 бөлшек» қосымшасы бұл әзірге бірінші ойын ғана. Құрастырушылар алдағы уақытта ойынның барлық сериясын шығаруды жоспарлап отыр.

Бүгін біз сіздерге «Еркетай» шағын орталығының тәрбиеленушілерімен бірге «Тангарам» әдісін қолданып ертегі кейіпкерлерінің бейнесін жасап көрсетеміз.

«Танграмның» тәжірибелік қолданылуын зерттей отырып, біз бір шешімге келеміз. Бөлікке бөлінген шаршыны жазық элементтермен қиыстыра отырып көптеген жаңа пішінді алуға болады. Мысалы, геометриялық, жанрлық- жануарлардың, адамның, тұрмыс үй заттарының кескіні және т.с.с. Осы ойжұмбақ ақыл- ой және шығармашылық қабілеттіліктерді, комбинаторлық қабілеттіліктерді, логикалық ойлауды, зеректілікті, тапқырлықты, сонымен қатар шыдамдылықты және ұсақ моториканы дамытады. Ықыластылықты, мақсатқа жету үшін табандылықты қалыптастырады. Шығармашылық ізденіске талпындырады, шыдамдылық пен жүйелілікке үйретеді. »

Біздің балаларымыз жасап болғанша сіздердің алдарыңызға  тангармның 7- бөлештерін береміз. Сол бөлшектерден бізге кұрақ құрастырып беріңіздер.                                                                                              Танграм әдісінің ұлттық педагогикадан алыс емес екендігін мен сіздерге мына ою өрнектер арқылы дәлелдеп берейін.Өздеріңіз көріп отырғандай мына көрпешелерде түрлі геометриялық пішіндерден жасалған. Өйткені біздің ою өрнектеріміз ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді.

 

Қорытынды

Ойын- ойжұмбақтар бұл- күнделікті қиыншылықтардан сергітеді және олар өте қызық.  Танграм туралы М.Гарднердің сөзімен қорытуға болады: «Танграмның кереметтілігі пішіндердің қажетісіз болып көрінетін материалдардан қарапайымдылығы және оның эстетикалық тартымдылығы».                                                                                        Танграм балаларда дамытуға септігін тигізеді:                                                                              ереже бойынша ойнауды және нұсқаулықты орындауды үйретеді,                                              көрнекі- бейнелі болжауды, елестетуді, назар салуды үйретеді,                                                        түсті, өлшемді және пішінді, түйсікті, комбинаторлық қабілеттілікті түсінуге үйретеді. Көлем мен ауданның қасиеті тақырыбы танграммен тамаша суреттеледі.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.