Ұлттық тағамдар

Толесинова  Джадра

 

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі : Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ұлттық тағамдар»

Мақсаты:

  1. Ұлттық тағамдарды пайдалана отырып, балаларға құндылықтарды және тағамдарға деген сүйіспеншілігін арттыру.
  2. Балаларды ұлтжандылыққа, көргенділікке, терең ойлай білуге, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
  3. Ұлттық тағамдардың аттарын меңгерту, сөздік қорын молайта отырып, сөздерді тәжірибеде қолдана білуге баулу, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету,әңгімелеу.

Көрнекіліктер:Сурет, құрт, қаймақ, ірімшік,айран, бауырсақ, қазы – қарта, шұбат, қымыз т.б.

Тәрбиеші: Балаларды, оқу қызметіне назар аударту.

Тәрбиеші: Ал, балалар бүгінгі оқу қызметімізді бастаймыз.

Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз « Ұлттық тағамдар»

Балалар алдымен «Шаттық шеңберін» құрайық.

Балалар:

Қайырлы таң, достым!

Қайырлы күн болсын!

Аптаның әр күні

Сәттілікке толсын! (Балалар қол ұстасып айтады)

Балалар орнымызға барамыз.

Тәрбиеші: Балалар орнымызға барамыз.Өте жақсы, барлығымызда ұлттық тағамдардың түрлерін, қайдан алынатынын жақсы білеміз екен. Мен сендердің сөздеріңізді

толықтырып өтейін.

Балқаймақ — Түйе сүтінен немесе айраннан пісірілетін тағам.

Құрт — Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркітке айланып, майы бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады.

Шұбат — Тайлақты түйенің сүтін ашытып  жасалатын сусын.

Айран – Сиыр  сүтінен алынатын сусын. Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады.

Қымыз — Жылқы сүтінен алынып ашытылатын сусын. Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі.

Ірімшік — сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін тағам. Ірімшікті дайындау үшін ыдысқа құйылған шикі сүттің үстіне азырақ айран құйып, сүтті ірітеді. Одан соң іріген сүтті отқа қойып қайнатады. Ірімшіктің сары суы бөлінген кезде оны шыптаға сүзеді.

Қазы — Жылқы етін тұз бен бұрыш қосып, ішекке салып пісірілетін тағам. . Қазыны ыстық күйінде де,тоңазытыпта жеуге болады. Қазыға: 400г қазы, 2-3 сарымсақтың бөлігін қосады. Бұрышпен тұзды татымына қарай салады.

Қуырдақ — Төрт – түлік малдың етінен май араластырып пісіретін тағам.Малдың ішекқарнымен,өкпе бауыры мен бірге пісірілетін тағам.

Бауырсақ — Бауырсақты білмейтін қазақ жоқ шығар, ұлттық тағамның ұлы асы. Ұн мен майға пісірілетін тағам.  Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса да болады).

Бешбармақ-Төрт түлік малдың етінен пісірілетін тағам.

Дидактикалық ойын: « Дәмін татып, атын ата» ойынын ойнату.

Енді, балалар қолдарымызды берілген ыдыстағы тағамдардың дәмін татып , аттарын айтамыз.

Сергіту сәті:«Қара жорға»

Дидактикалық ойын: « Кубиктерді орналастыр» ойынын ойнату.
Төрт түлік малдардың төлдерін .

Ғажайып сәт:Ата келеді.

Ата:Амансыңдарма, балалар!Сендерде ашық оқу қызметі өтіп жатыр екен жарайсыңдар,балалар!.

Тәрбиеші:Саламатсызба ата біздің берекелі ақ дастарханның төрінен орын алыңыз.

Қорытынды:

Ет тағамдарын атаңдар?

Сүт тағамдарын атаңдар?

Жылқы, сиыр, түйе не береді?

Ұлттық тағамдарды ата?

Тәрбиеші:Бүгінгі ашық оқу қызметімізде ұлтық тағамдар туралы әңгімеледік. Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық тәтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпақққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. Қазақтың ұлттық тағамдарының орны ерекше. Ырым бойынша дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған ұлттық тағамдарды қояды.Қазақта тағы бір дәстүр бар ол , тамақтанып болғаннан  кейін аталарымыз бата береді.Олай болса балалар  атамыз біздің дастарханға бата берсін.

Ата:

Дастарханымызға береке берсін,

Бастарымыз мереке берсін.

Астарымызға адалдық берсін,

Елімізге амандық берсін.

Әумин, әумин!

Ал,балалар мен енді жайлаудағы малдарыма барайын,сендер ақылды балалар екенсіңдер.Өркеніңіз өссін!Қош сау болыңыздар.

Тәрбиеші: Балалар мына ыдыстағы дәмнен қонақтарға ұсынайық.

Бүгінгі ашық оқу қызметіне  барлықтарың жақсы қатынастыңдар.Рахмет! Мен сендерге құрт таратайын. Қонақтар да риза болды. Сау болыңыздар балалар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *