«Көңілді гимнастикалық шеруі»

Мамешова Хасиет Файзуллаевна

Мақсаты:

1.Дененің тұлғасы дұрыс қалыптасуына арналған гимнастикалық жаттығуларды жасап үйрету.

2.Жаттығуларды жасату арқылы қимыл үйлесімділігін дамыту.

  1. Степпен жұмыс жасауға үйрету және Иога тәсілін қолдана отырып балаларды жаттықтыру.

Міндеті:

Баланың физиалогиялық дамуы мен балалардың қозғалыстық белсенділігін арттыру.

 

Қажетті құрал жабдықтар:

Гимнастикалық стол, құрсау, секіргіш, гимнастикалық төсеніш.

 

Кіріспе бөлім:

1.Топ сап түзе тік тұр.

2.сәлемдесу

3.Шеңберге тұру.

 

1.Жүріс түрлері:

1.Еркін жүріс

2.Бағытты өзгертіп жүру.

3.Қарқынды үдетіп жүру

4.Тыныс алу жаттығуы

 

2.Шеңбер бойында жасалатын жаттығулар.

Бастапқа қалып тік тұрыс аяқ арасы ашық.

1.қолды белге қойып алдыға қарап  жанымызбен шеңбер бойын айналамыз.

2.қолды белге қойып жанымызбен артқа қарай айналамыз.

 

1.Бастапқы қалып тік тұрыс аяқ арасы ашық.

Басқа арналған жаттығулар

1.Басты оңға иеміз

2.солға иеміз

3.алға иеміз

4.артқа шалқайтамыз

3-4 рет қайталаймыз.

 

2.Б.қ.Иыққа арналған жаттығулар.

  1. қолымызды иық тұсына қойып алға қарай қозғаймыз 1-2
  2. артқа қарай 3-4

3-4 рет қайталаймыз

 

3.Б.қ.Қолға арналған жаттығулар.

1.қолымызды көкірек тұсына жиып оңға қарай ашамыз

  1. қолымызды жйнап солға қарай ашамыз.

3-4 рет қайталау

 

 

4.Б.қ.Белге арналған жаттығулар

1.Қол белде оңға қарай 1-2 айналдырамыз

2.солға қарай 3-4 айналдырамыз

3-4 рет қайталаимыз.

 

5.Б.қ.Аяққа арналған жаттығулар.

1.Қолымызды созамыз оң қолды  сол аяқтың ұшына апарамыз 1-2

2.Сол қолды оң аяқтың ұшына тигіземіз 3-4

3-4 рет қайталау

 

6.Б.қ.Еркін тыныс алу жаттығуы:

Қолымызды жоғары көтереміз,аяқтың ұшымен созыламыз,демімізді ішке тартамыз қолдарымызды тастай саламыз демімізді шығарамыз

 

1.Табиғат аясына демалу.

Бастапқы қалып: Тік тұрыс аяқ арасы алшақ шпагатқа отыру

Көзімізді жұмып демаламыз,бетімізді жуамыз.

1.Күн ашылды:аяқ арасы ашық

2.Түн жамылды: аяқ арасын жабамыз

3-4 рет қайталаймыз.

 

2.Күнге созыламыз

1.аяғымыздың арасы ашық,қол белде оң жағымызға еңкиеміз бір

2.қолды белге қоямыз , солға еңкиеміз екі.

 

3.Көлдің жағасында не көреміз? Бақа

Бақа сияқты отырамыз. Аяғымызды жинаймыз, табанымызды бір біріне түиістіреміз аяғымыздың ұшын қолымызбен ұстап қймылдатамыз.

 

Қайта оралу. Орнымыздан тұрып шеңбер бойын айналып жүреміз

1.аяқтың ұшымен

2.өкшемен жүреміз

3.еркін жүреміз бір қатарға тұрамыз.

Топ сап түзе тік тұр.бір екі саны бойынша санату, бір саны алдыға шығарып екі топқа бөлу.

 

Музыкалық сүйемелдеумен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары

Негізгі қимылдар :

Гимнастикалық жаттығулар

Балалар екі сап тізбекте тұрып , қол жоғарыда аяқтың ұшымен

«Күнге созыламыз» — «Балапандар»

Балапандар өсті, Қораздар сияқты аяғымызды жоғары көтеріп жүреміз.

 

Балалар ортаға кезекпен шығып өнерлерін көрсетеді.

1.Сальто тастайды (екі бала)

2.домалайды (екі бала)

3.Мостик жасайды (алты бала)

4.құрсау мен жаттығулар жасайды (үш қыз)

5.Секіртпе мен секіреді (екі қыз)

6.Степ үсті жаттығулары (алты бала)

7.гимнастикалық төсеніш үстінде иога тәсілімен жаттығулар жасау (төрт бала)

 

Бастапқы қалыпқа оралу .

Шеңбер бойымен жүріп бір қатарға тұру

Сұрақ жауап арқылы қорытындылау

Балалар бүгін біз қандай жаттығулар жасадық?

Сендерге қандай жаттығу көбірек ұнады? Балалардың жауаптары

Жарайсыңдар балалар сендер өте керемет жасадыңдар,ал енді келген қонақтармен қоштасамыз.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.