Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • «Бала — біздің болашағымыз»

  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы

  • 1 наурыз -Алғыс айту күні

  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж

Балабақша
Home›Балабақша›Міне, қандай аққала!

Міне, қандай аққала!

By admin
7 декабря, 2017
4895
0
Share:

М.К.Каленова

Сабақтың мақсаты: Табиғат ерекшеліктерін, оның әсемдігін байқау. Жапсыру сабағы арқылы бейне жасап үйрету.

Білімділігі: Балаларға аққала құра білуді (қыс пен жаз) үйрету. Қыс пен жаздың, суық және жылы түстердің айырмашылығын ажырату, түс ерекшеліктерін байқау. Желіммен дұрыс жұмыс істеу дағдысын пысықтау. Аққала қандай түсте болатынын анықтау және бекіту.

Дамытушылығы: Балалардың ой қиялын дамыту, жапсыру өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Қайшымен қию арқылы қол, саусақ ұсақ моторикасын дамыту. Табиғат сұлулығын сезіне білу, аялай білу.

Тәрбиелігі: Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікті, әсемдікті көре білуге, ұжым болып жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Қажетті материалдар: Желім, көк түсті қатырма қағаз, түрлі- түсті қағаздар, қайшы, әртүрлі жанрда салынған суреттер.Үнтаспа, сүлгі, сандық, Аққаланың суреті,слаид.

Сабақтың әдісі: ойын элементтері, сұрақ — жауап, көрнекілік

Сабақтың барысы:

Балалар, бүгін тағы бір жаңа күн  басталды. Ол бізге бар жылуымен «Қайырлы күн!» дейді. Қане, бізде сәлемдесейік.

Балалар қонақтармен амандасады.

Достарымен амандасады.

Жүректегі жылуды бар әлемге сыйлаңдар.

Көтеріңкі көңілмен оқу  іс-әрекетін бастайық.

Жерде  қар бар,

Боран  борап  соғады.

Бөбектерім,  айтыңдаршы,

Бұл  қай  кезде  болады?

—  Дұрыс.

—  Қазір  жылдың  қай  мезгілі?

—  Қыс  мезгілі  неше  айдан  тұрады?

—  Қане  айтып  жіберейік.

Қыс  мезгіліне   байланысты   жұмбақ   шешіп  көрейік.

1)Табаныма байладым,             2) Зулап түсіп төбеден,

Қос таяқпен айдадым.                   Шықпас менсіз төбеге.

 

Қыс  туралы   тақпақтарын айтқызамын

Қандай қызық қыс деген?

Бәрін шебер істеген.

Бақша, бауды, тауды да

Бояған ақ түспенен.

 

Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең

Құлағыңды тістеген.

Сергіту сәті:

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

 

 Топқа хат келеді.

— Балалар, біздерге хат келіпті. Кімнен келгенін көрейікші.

Хат бізге Африка елінде мекендейтін аңдардан келіпті.

Сәлеметсіздер ме, балалар?! Біз қыс мезгілінің қандай болатынын білмейміз. Өйткені, біз тұратын елде қыс болмайды, қар жаумайды. Ал сендерде жылдың бір мезгілі қыс екен. Қыс қызықты, қар жауып, сырғанақ теуіп, аққала жасайтындарыңды естідік. Бізде сол қысты, аққаланы көргіміз келеді. Бізге көмектесесіздер ме? Бізге хат арқылы аққаланың суретін жіберсеңіздер, қуанып қалар едік.

— Балалар, аңдарға көмек береміз бе?

— Неге олар аққаланы өздері соғып алмайды екен а?

— Дұрыс ақ, ол жақта қар жаумайды.

— Ал, біз оларға аққаланы қалай жасап берсек екен? Қардан соғып береміз бе? Қалай ойлайсыздар?

— Балалар, біз оларға қардан жасалған аққаланы пошта арқылы жібере алмаймыз ғой. Еріп кетеді. Сондықтан біз оларға аққаланы қағаздан жасап берейік.

Жұмбақ  шешу.

Шелек  қалпақ  басында,

Сәбіз  екен  танауы.

Қыста  қардан  туатын,

Тауып  көрші  сен  оны.

— Қыста  қардан  не  жасауға  болады?

— Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, не бейнеленген?

— Аққала неше бөліктен және қандай пішіннен тұрады?

— Аққаланың көзі, мұрны, аузы қандай? Басында не бар?

— Аққала туралы кім тақпақ біледі?

 

Қар жауғанда топ бала,

Соқты келіп аққала.

Мұрны сәбіз, үп үшкір.

Көзі көмір, қап қара.

Көне шелек басында,

Сыпырғышы қолында.

Мұз айдынға ойнауға

Келгендей ақ ол мұнда.

 

 

 

   Ойын: «Сиқырлы сандық»

— Балалар, міне сиқырлы сандық. Кәне, ішінде не бар екен? Ой, балалар, сандық ашылмайды ғой. Енді не істейміз? Сандық ашылу үшін сиқырлы сөз айту керек. Кәне бәріміз бірге «Сиқырлы сандық ашылшы, ішінен шашу шашылшы» деп айтайық. Міне, сандық ішінде қыс және жаз мезгілін бейнелейтін суреттер бар екен, қазір (әр топтан бір) екі баладан шығып, әр мезгілге байланысты суреттерді дұрыс таңдап алу. Берілген суреттер ( аяз ата, шырша, гүл, көбелек, шаңғы)

Сергіту сәті

Аула  сырты,  баққа  да

Тұрғызамыз   аққала.

Аққаланы   айналып,

Би   билейміз  шаттана

Ойын: «Жыл  мезгілінің   дыбысын  ажырата   білеміз  бе?»

Шарты.дыбыстарды  ажыратып,қандай   мезгіл  екенін  ажырату.

Ал,енді   балалар «аққала»   сөзін   буынға   бөлейік. Неше буыннан  тұрады. Аққала  сөзін  орысша,  ағылшынша   айтып   көрейікші,

снеговик — ‎snowman.Қар   сөзі  снег-snow,қыс –зима- ‎winter.

Ал,енді  аққаланы   жапсырып  көрейік,тәрбиеші аққаланың   жасалу   жолдарын     көрсетеді.

— Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Жұмыс барысында балаларға жапсыру әдісін естеріне түсіріп, әртүрлі кеңес беріп отыру.

— Балалардың жұмысын талдау.

Сіздер бүгінгі оқу   іс-әрекетінде  жақсы жұмыс жасадыңдар. Мына аққалаларды аңдарға пошта арқылы жіберейік. Аңдар қуанып   қалсын

— Бәріңе рақмет!

 

Previous Article

Жабайы аңдар

Next Article

Дәмді, қышқыл апельсин

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Балықтар

    12 апреля, 2017
    By admin
  • Балабақша

    «Акробатика»

    8 сентября, 2020
    By admin
  • Балабақша

    Жыл мезгілдері

    23 апреля, 2020
    By admin
  • БалабақшаТехнологиялық карта

    Моя Родина – Казахстан

    14 июля, 2017
    By admin
  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Сөз

    25 марта, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Жаздың кезі көңілді

    7 сентября, 2017
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Баяндамалар

    «Мектептегі инклюзивті білім беру жүйесі».

  • Балабақша

    Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу дамуы

  • Эссе жинағы

    абай эсселер жинағы

 

Жаңа жарияланымдар

  • «Бала — біздің болашағымыз»
  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы
  • 1 наурыз -Алғыс айту күні
  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды
  • Жүн және одан жасалатын заттар
  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»
  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • Республика күніне арналған ашық сабақ

Күнтізбе

Март 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
« Фев    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика