Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж

  • Балабақша тәрбиешілерін артық есеп беруден арылтатын бұйрық туралы

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2022

  • Мектептің мектепалды даярлық сыныбына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудыңүлгілік оқу жоспары(5 жастағы балалар)

  • Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

Балабақша
Home›Балабақша›Екі лақ

Екі лақ

By admin
25 декабря, 2017
2904
0
Share:

«» ересек  тобында  ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық  картасы.

 

Өтілетін  күні:

 Білім беру  саласы:  Коммуникация

Ұйымдастырылған  оқу қызметі :  Драма

Тақырыбы: Екі лақ

Мақсаты: Балаларды ертегі арқылы батылдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Қиындық туындаған достық көмектің қажет екенін түсіндіру. Ертегіні сахналай білуге үйрету.

Әрекет кезедері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Енгізу

Дәлелді ояту

І. Шаттық шеңбері.

Дос болайық бәріміз.

Ө. Тұрманжанов.

 

ІІ. Сұрақ-жауап

Мезгіл, ай, күн.

Шеңберге бірге тұрып, өлең жолдарын қимылмен көрсету. Қойылған сұрақтарға жауап беру.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Татулықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Ұйымдастыру – іздену

1. «Жақсылық жасау  деген не?»

Суреттер тарату.

Адамның, құстардың, жануарлардың, өсімідіктердің

 

Сергіту сәті.

 

2.Екі лақ ертегісін оқу, түсіндіру.

Ертегі желісі бойынша сұрақ-жауап.

Екі лақ қандай қиындықтарға кездесті?

Олар қандай тапқырлық ойлады?

Бір біріне қалай көмектесті?

 

3. Ертегі желісін сомдау.

Сөйлеу мәнерін дұрыс келтіруге үйрету.

 

Ертегілер туралы өз ойларын айта білу.

 

 

 

 

Жақсы мен жаман, жағымсыз нәрселерді айыра білу.

     Жақсылық жасау.

-Мен адамдарға жақсылық жасау үшін, адал болар едім.

-Мен құстарға жақсылық жасау үшін, оған ұя жасап, жем шашып, қамқорлық көрсетер едім.

-Мен жануарларға жақсылық жасау үшін, оларға жем, су беріп қамқорлық көрсетер едім

-Мен өсімдіктерге жақсылық жасау үшін, олар су құйып, топырағын қопсытып, күтіп баптап өсірер едім.

                 Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өңіп толамыз.

Көкке қолды созамыз,

Құстай қанат қағамыз.

Қарлығаш боп ұшамыз.

Рефлекстік түзету

Татулықты сақтайық.

Өлең жолдарын қимылмен көрсету.

Балаларды мадақтау.

Қойылған сұрақтарға толық жауап бере білу. Достарын бағалау.

Тақпақ.

Әкел, досым қолыңды

Татуласқан орынды

Өкпелесіп не таптық

Көрсет, кәне  соңынды

Баққа бірге кірейік

Қол ұстасып жүрейік

Татулықтың белгісі

 

                                                        Күтілетін нәтиже:

Білу: Ертегі туралы түсініктері болуы керек

Игеру: Сұраққа жауап беру, сөйлем құрау арқылы сабақ тақырыбын игереді.

Меңгеру: Ертегі туралы түсіне отырып, оны сомдау жодарын меңгереді.

 

                                       Екі  лақ

Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіріп, бері жүгіріп, жан-жағына  қарайды. Мына жағы — қалың  ну, ана жағы — қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.

— Сен Ақ лақсың, түк білмейсің  ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! — деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың — ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә! Мына жердің шөбін қара-а!» — деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр:

— Ақ лақ — ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! — деп, зекіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады.

— Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар. Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, — дейді Ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады. Алдынан жыра кездессе — секіріп өтеді, тас кездессе — қарғып өтеді. Сөйтіп, екеуі бір кезде таудың етегіне ілінеді. Маңайда бір қара көрінбейді. Айнала жым-жырт. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді.

— Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, — дейді Түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, қашып кетеді-ау!» — деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады:

— Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз де бізбен бірге жүрерсіз.

— Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, — дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады.

— Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! — дейді Қасқыр.

— Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан-талқан боп ашуланып жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, — дейді Ақ лақ.

— Бә-ә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қара-а! Шақырып тұр, — деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады да:

— Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! — деп жөнімен жүре береді.

— Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә… Бә» деп маңырап қоя береді.

Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады.

 

— Мен сендерді ойдан-қырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, Ақ лағым, жарайсың! Сені «Ақ лақ — ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! — деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады. 

Previous Article

Қарлығаш пен Дәуіт

Next Article

Гүл туралы аңыз

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    Біздің балабақша және оның ауласы

    6 декабря, 2019
    By admin
  • Балабақша

    Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы

    3 апреля, 2018
    By admin
  • БалабақшаТехнологиялық карта

    Шаршы, шеңбер, үшбұрыш

    24 октября, 2017
    By admin
  • Балабақша

    МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТИІМДІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

    19 декабря, 2021
    By
  • БалабақшаБалабақша әдістемесі

    Менің балабақшам

    30 июля, 2020
    By admin
  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Сиқырлы пішіндер

    28 мая, 2017
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    Жазғы сауықтыру жоспары 2020-2021 оқу жылына

  • Балабақша

    Ел қорғауға әзірміз

  • Балабақша

    Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы

 

Жаңа жарияланымдар

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды
  • Жүн және одан жасалатын заттар
  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»
  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • циклограмма
  • Геометриялық пішіндер мен денелер.
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

Күнтізбе

Февраль 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
« Янв    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика