Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады

Тулекбаева Гаухар

Білім беру саласы; Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі;Дене шынықтыру

Тақырыбы  «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»

 

Мақсаты;    Білімділік. Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру

Қазақ халқының ерлік, жаугершілік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесін таныстыру,    өз жерін өз елін қорғай алатын, ел жанды, ұлт жанды намысы мол  жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу.

Жас ұрпақты өздігінен  білім деңгейін көтеруге, үйретіп өзін өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Нұсқаушы: Бүгінгі «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Әділқазы мүшелерін сайлау.

1.Жарыстарда озатын,

Аркез алда болатын.

Болашаққа бүгіннен

Спортқа қол созатын «Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз

Кімдер күшті кім алып,

Күш сынасып бағалық.

Доп тебісіп жүгіріп,

Қарсыласты жығатын. «Барыс» тобын ортаға шақырамыз

Сайысымыз 4кезеңнен тұрады.

1 кезең.  Таныстыру(топ аты,ұраны)

2.Теңге алу. Әр бала атқа мініп жерден тереңдігі бір қарыстай шұңқыр қазылады шұңқырға он-оннан теңге салынған екі топтан сайыскер шығып қатарласып тұрады бастаушының белгісі бойынша шаба жөнеледі шұңқырға жетіп тасты іліп алып кетеді шұңқыр қасында бөгелуге болмайды.Ұпай саны әр сайыскердің іліп алған теңгелер санына қарай есептеледі.

3 кезең.  “Қаппен секіру”

4 кезең. “Арқан тарту”

Осы кезде (тосын сый) есік қағылады.Алдар мен Бай келеді.Алдар домбырамен әндетіп келеді. “мен Алдармын алдармын”.

  • Сәлеметсіңдерме балалар
  • Сәлеметсізбе
  • Біз Байекең екеуміз мына дорбадағы алтындарды бөлісе алмай “Жауқазын” балабақшасында ұлттық ойындарға сайыс болып жатыр дегенді естіп бізде жарысып өз күшімізді сынаймыз деп келдік.(ендеше екеуміз бәс тігейік қай топ жеңсе мен қалтамдағы алтынымды берем,жеңілсе сен бересің.)
  • Жарайды ендеше балалардан сұрайық.
  • Алдар бізге
  • Бай бізге қосылсын
  • Нұсқаушы- Ендеше сайысымызды бастаймыз.
  • Нұсқаушы-Жарайсыңдар балалар

Бүгінгі сайысты Алдар мен Байдың топтары ойынға жақсы қатысты.Алдар мен Бай бізбен қоштасады.Сау болыңыздар (екеуі қоштасты) өз

Жарайсыңдар балалар бүгін қандай ұлттық ойындар ойналды.

Қане балалар ортаға шығып “Қара жорға” биін билейік.

Қорытынды бөлім:Балаларды марапаттау,мадақтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.