Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • «Бала — біздің болашағымыз»

  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы

  • 1 наурыз -Алғыс айту күні

  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж

Балабақша
Home›Балабақша›ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (23-27-қазан 2017ж.) «Күншуақ»ересек тобы

ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (23-27-қазан 2017ж.) «Күншуақ»ересек тобы

By admin
8 января, 2018
5178
1
Share:

ЦИКЛОГРАММА

Бір аптаға (23-27-қазан 2017ж.)

«Күншуақ»ересек тобы

                                                                                                                                                             Өтпелі тақырып «Менің  отбасым»  

Тақырыпша«Алтын күз»

 

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

 

Балаларды қабылдау.

Ата-аналармен әңгімелесу.

 

Ойындар(үстел үсті, саусақ және т.б. )

 

 

 

8:30-8:50

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату.

Үстел үсті, саусақ және т.б.ойындар.

 

Құрылыс ойындары.

 

 «Алтын күз»

тақырыбында әңгімелесу.

Саусақ ойыны  «Бір үйде біз нешеуміз?».

 

Балалармен бүгінгі көңіл-күйлері туралы әңгімелесу.

Таңертеңгі гимнастика.

8:50 –9:00

 

 

 

 

Жаттығулар кешені

 

 

 

Таңғы ас

9:00 – 9:30

Астарың дәмді болсын!

Ұйымдастырыл

ған оқу қызметтері.

9:30

9:55

1.Сурет салу.

 

 

1.Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы:«Алтын күз» бейнеленген  картина бойынша әңгіме құрастыру.

Мақсаты:Балалардың күз мезгілі,күз мезгіліне тән құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту,сөздік қорларын  жаңа сөздермен байыту; диалогтік сөйлеуін дамыту.

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

1.Дидактикалық ойын:«Қай жыл мезгілі?»

-Дүниенің бәрі сары алтынға боялады.

Ол қай мезгілде болады?

-Күн суытып, жер, үйлер ақ көрпе жамылады.

Ол қай мезгілде болады?

-Жан-жануарлар ұйқысынан оянып, жерге көк шығып, төрт түлік төлдеп, құстар ұшып келеді.

Ол қай мезгілде болады?

-Ең жақсы уақыт, балалар ұзақ уақытқа демалысқа шығады, суға шомылып, саяхатқа шығамыз.

Ол қай мезгілде болады?

Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы. Мінекей сендер жылдың төрт мезгілін атап шықтыңдар.

2.Сурет бойынша әңгімелеу.

Сергіту сәті.

3.Сұрақ-жауап.

-1.Күз мезгілінде неше ай бар?

—2.Неліктен алтын күздепатайды?

-3.Күзде қандай еңбек түрлері болады?

4.Дидактикалық ойын:«Көкөністермен жемістерді жина»

Ойынның шарты:араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып,екі себетке бөліп салу,аттарын атау.

1.Қ.М.Ұ.Қ.

 

1.Сауат ашу.Тақырыбы:Дыбыстар

дың сөздегі орнын анықтау. Мақсаты:Аталған дыбыстың сөздегі тұрған орнын анықтау.  Жуан және жіңішке дыбыстар

ды ажырата білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдері:

1.Дыбыстар туралы түсінік беру.Түрлерін атау.

 

2.Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау.

 «АНА», «НАН», «АЙНА»

 

3.Жуан және жіңішке дыбыстармен таныстыру.

Сергіту сәті.

4.«Сөздегі бірінші дыбысты айт»

Мақсаты:фонематика

лық қабылдауын дамыту.

 

Қорытындылау.

1.Өзін-өзі тану.

 

 

10:05-10:30

2. Жаратылыстану.

 

 

 

 

2.Аппликация.

Тақырыбы:Жуа.

Мақсаты:Көкөністерді жапсыруға үйрету.Екі немесе  бірнеше рет бүктелген  қағаздан түрлі пішіндерді қиып алуға үйрету, түстерді үйлестіру  қабілеттерін  дамыту. Әдіс-тәсілдері:

сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру.

1.Көкөністер туралы айтып түсіндіру.

Түрлерін атау.

 

2.Сурет бойынша әңгімелеу.

 

3.Сұрақ-жауап.

-Көкөністердің қандай түрлері бар?

-Көкөністер қайда өседі?

-Қандай пайдасы бар?

 

4.Үлгіні талдау.

-Жапсыру жолдарын көрсетіп түсіндіру.

Сергіту сәті.

5.Д/О: «Қайда өседі?»

Мақсаты: балаларды жемістер мен көкөністерді ажырата білуге, олардың қайда өсетіндігін анықтай алуға үйрету.

Қорытынды жасау.

2.Көркем әдебиет.

 

 

2.Ойна да ойла.

(вариативтік)Тақырыбы: «Зейінді бол»

Мақсаты:Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.Зейінділікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:көрсету,түсіндіру.

 

1.Геометриялық пішіндермен таныстыруды жалғастыру.

 

2.Үлестірмелі материалмен жұмыстар.

Пішіндермен,таяқша

лармен  жұмыс.

 

Сергіту сәті.

3«Зейінді бол»

Мақсаты:Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.Зейінділікке тәрбиелеу.

Көрнекілік:геометриялық пішіндер кескінделген суреттер.

Барысы:Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші(екінші,үшінші,төртінші,бесінші)суретті нұсқап,балаларға мынадай сұрақ қояды:Суреттен қандай таныс пішінді көрдіңдер?Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар?

 

Қорытынды жасау.

2.Құрастыру.

 

 

10:40-11:05

3.Ағылшын тілі. (Педагог жоспары бойынша)

 

3.Ертегі әлемі (вариативтік)

Тақырыбы: Қаңбақ шал ертегі.

Мақсаты:Балаларды ертегіні мұқият тыңдай білуге үйрету,ертегі мазмұнын түсіндіру.Баланың ойлау,қабылдау,

таным, көру, есту қабілеттерін дамыту. Балаларды татулыққа, бірлікке,достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:

мәнерлеп оқып беру,әңгімелеп түсіндіру,әңгімелету.

1.Жұмбақ.

Аяғынан тұсаулап,

Кемпір оны ұстайды.

Желмен ұшар желпілдеп,

Босап кетсе бұл шалы.

(қаңбақ шал)

2. «Қаңбақ шал»ертегісін оқып түсіндіру.

3.Сұрақ-жауап.

-Ертегі кейіпкері неге Қаңбақ шал деп аталған?

— Қаңбақ шал неден қорлық көріпті?

— Қаңбақ шал мен дәу қалай күш сынасады?

— Қаңбақ шал кемпірін қалай үйретеді?

-Қаңбақ шал дәулерді қалай қарсы алады?

-Дәулерге не кездеседі, қандай ақыл береді?

-Қаңбақ шал түлкі мен дәулерден қалай құтылады?

Сергіту сәті.

4. «Не жоқ?» дидактикалық ойыны. Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.

 

5.Қорытындылау.

 

 

 

 

 

3.Орыс тілі. (Педагог жоспары бойынша)

 

 

3.Қауіпсіздік мінез-құлық негіздері. 

Тақырыбы: Көшедегі қауіпсіздік ережелері мен таныстыру.

Мақсаты:Көшеде өзін қауіпсіз ұстаудың қарапайым ережелері туралы түсінік беру. Төтенше қызметтердің телефондарын білу. Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,түсіндіру,

сұрақ-жауап.

1.Ой қозғау.

-Көліктер қайда жүреді?- Жолда.

-Көшедегі жолдар қандай болады екен?  -Ұзын, қысқа, тар-кең.

-Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді?-Жаяу жүргіншілер.

2.Жұмбақ жасыру.

Үш көзі бар қаз қатар,

Кезек-кезек ашады.

Үшеуінен байқасам,

Үш түрлі нұр шашады.

(бағдаршам)

3.Бағдаршам туралы түсінік беру.

4.Слайд бойынша түсіндіру.

— Төтенше қызметтердің телефондарын атау.

101-өрт қызметі,

102-полиция,

103-жедел медициналық жәрдем,

104-газ қызметі,

112-төтенше жағдайдағы құтқару қызметі.

5.Сұрақ-жауап.

-Бағдаршамның неше көзі бар,түстері қандай?

-Қай түс жанғанда машиналар жүреді?

-Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?

6.Сергіту сәті:Ойын: «Сақ бол»

Қызыл көзін жағады,(қозғалмай тұру)

Сары көзін жағады.(қол шапалақтау)

Жасыл көзін жағады.(бір орында тұрып жүру)

 

Қорытынды жасау.

 

 

3. Дене шынықтыру.

(әуенмен)

 

 

11:15-11:40

4.Музыка. (Педагог жоспары бойынша)

 

4.Дене шынықтыру.

 

4.Мүсіндеу.

 

4.Музыка.

4.Сиқырлы қылқалам.

(вариативтік)

 

«Табиғат аясында»
Серуенге дайындық.

11:40-11:50

Киіну: серуенге шығу.

 

 

 

Серуенге шығу. Серуен.

11:50-12:30

Серуен.Бақылау.№17

Қайтқан құстарды бақылау.

Серуен.Бақылау.№21.

Солып қалған гүлдерді бақылау.

Серуен.Бақылау. №3 

Бұлтты бақылау.

Бақылау.№6.

Ағаштардан желмен ұшып түсіп жатқан жапырақтарды бақылау.

Серуен.Бақылау.№9

Күз мезгілінде желді бақылау.

«Ас —  адамның арқауы»

Түскі ас.

12.30-13.00

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу  бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

«Тәтті ұйқы»

Ұйқыға дайындық, ұйықтау.       

13:00-15:20

Балалардың тыныш ұйықтауына  жағымды жағдай орнату.

«Ұйқымызды ашайық»

Ұйқыдан ояну. Шынықтыру шаралары.            

15:20 – 15:45

 

 

 

 

 

«Астарыңыз дәмді болсын!»

Бесін ас.        

15:45 – 16:10

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу  бойынша жеке жұмыс.

Баланың  даму картасынасәйкес

жекежұмыс.  

16:10-16:40

 

 

 

 

 

 

 

 

Үстел үсті  театры

«Үйшік» ертегісі.

 

 

 

 

Сюжетті-рөлдік ойын

«Қуыршаққа қонаққа барамыз»

Альбомдар,сюжетті картиналар қарастыру.

 

Суретті кітапшаларды бояу, пазлдар, мозаика және т.б.

 

 

 

Сюжеттік ойыншықтармен ойындар,

ертегі оқып беру;

үстел үсті театры және т.б.

 

 

Серуенге дайындық

16.40-16.50

Киіну: серуенге шығу.

Серуен

16.50-18.00

Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу.

«Келесікездескенше!»

Балалар, ата-аналар мен қарым-қатынас

Балалардыңүйгеқайтуы.            

18.00

Ата аналармен  балалардың тәртібі жөнінде сөйлесу.

Ата аналармен балалардың бүгінгі іс-әрекеттері туралы әңгімелесу.

Ата аналармен алдағы күз мерекесі туралы әңгімелесу.

Ата аналармен балалардың төлем ақысы  туралы әңгімелесу.

Ата аналармен балалардың тазалығы туралы әңгімелесу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Previous Article

ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (25-29-желтоқсан 2017ж.) «Күншуақ»ересек ...

Next Article

ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (20-24 қараша 2017ж.) ...

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    Балабақша

    27 сентября, 2021
    By 1989
  • Балабақша

    Логикалық есептер. Геометриялық пішіндер мен денелер

    17 июля, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Балабақшада не үйрендік?

    2 сентября, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Үй құстары

    21 апреля, 2018
    By admin
  • Балабақша

    Нан дастарханға қалай келеді?

    22 мая, 2017
    By admin
  • БалабақшаӘдістемелік құралдар

    Мектепалды даярлық сынып балаларымен жүргізілетін әдістемелік жұмыстардың педагогикалық шарттары

    10 августа, 2017
    By admin

1 пікір

  1. Аяужан 25 февраля, 2021 at 16:17 Ответить

    Маған ұнады

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    «Денсаулық — зор байлық»

  • Балабақша

    Ұлы жеңіс күні

  • Uncategorized

    Жаңашыл ұстаз — заман талабы.

 

Жаңа жарияланымдар

  • «Бала — біздің болашағымыз»
  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы
  • 1 наурыз -Алғыс айту күні
  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды
  • Жүн және одан жасалатын заттар
  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»
  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • Республика күніне арналған ашық сабақ

Күнтізбе

Март 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
« Фев    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика