Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • Бауырсақтың бастан кешкен оқиғалары

  • 412 бұйрық. МДҰ педагогтарына

  • 412 бұйрық. Балабақша

  • И.Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде»

  • «Білімділер әлемі»

  • «Бағдаршам»

  • «Бағдаршам»

  • Ұлттық тағамдар

  • «Астана-туған елдің жүрегі!»

  • Көктем келді

  • «Балабақшадағы болашақ азаматтарды қалыптастыру «

  • Күзгі баққа саяхат

  • МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТИІМДІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

  • Мен қазіргі заман мұғалімімін

  • «Сиқырлы бояу патшалығы»

  • «Сиқырлы бояу патшалығы»

  • 1 ЖЕЛТОҚСАН ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

  • Балабақшадағы ересек топтарда танымдық қабілетті дамыту

  • Мектепке дейінгі жаңа іс — тәжрибе мен әдістеме

  • Түлкінің тапсырмалары

Балабақша
Home›Балабақша›Бала тәрбиесі отбасынан басталады

Бала тәрбиесі отбасынан басталады

By admin
14 января, 2018
1434
0
Share:

Орынбаева Гүлнар Алимбекқызы

Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ата-анасынан алады. Әрине, әркім өзінің баласын жаман болсын,-демейді. Баланың тәрбиелі, білімді болғанын қалайды, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп тілейді.

Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата -аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.

Жақсы тілекпен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын да ата-ананың өзі. Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Балаға дүниеге келісімен көп көңіл аударып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн. Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы жеті жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Баламызды балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан-жақты білімді болуына көп байланысты. Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минут та көңіл аударуға уақыт бөле алмайды, немесе тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осындай үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп, үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді. Әрбір ата-ана осыны білуі тиіс.

Previous Article

«Үй жануарларының төлдері»

Next Article

Пойызбен саяхатқа барамыз

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    Тамаша көңіл күй әлемінде

    7 сентября, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Ашық оқу қызметі «Жыл бойы не үйрендік?»

    9 сентября, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Сөйлеуді дамыту «Ойыншықтар»

    14 ноября, 2020
    By
  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Көркем әдебиет шығармалары арқылы балалардың адамгершілік қағидалары туралы түсініктерін қалыптастырудағы дамытушы ортаның маңызы

    21 ноября, 2016
    By admin
  • БалабақшаТехнологиялық карта

    Тәуелсіздік тұғыры биікте

    8 ноября, 2017
    By admin
  • Балабақша

    « Мамандығым-мақтанышым!»

    23 сентября, 2020
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Аттестаттау материалдарыАттестация материалдарыКвалтестОнлайн тест мұғалімдерге аттестацияПробные тесты для учителейТест для аттестацииТесты для учителей

    Тарих тест

  • Сыныптан тыс

    Улица мальчишек и девчонок

  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Таң, күндіз, кеш, түн

Жаңа жарияланымдар

  • Бауырсақтың бастан кешкен оқиғалары
  • 412 бұйрық. МДҰ педагогтарына
  • 412 бұйрық. Балабақша
  • И.Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде»
  • «Білімділер әлемі»
  • «Бағдаршам»
  • «Бағдаршам»
  • Ұлттық тағамдар
  • «Астана-туған елдің жүрегі!»
  • Көктем келді
  • «Балабақшадағы болашақ азаматтарды қалыптастыру «
  • Күзгі баққа саяхат
  • МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТИІМДІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
  • Мен қазіргі заман мұғалімімін
  • «Сиқырлы бояу патшалығы»

Күнтізбе

Июнь 2022
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
« Май    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика