КҮЗГІ ПЕЙЗАЖ

Шаухарова Умут

Мақсаты: күзгі табиғат  туралы түсінік беру.

Білімділік міндеті: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту. Пейзаж,Натюрморт, Портрет ұғымдарын түсіндіру. Табиғатты аялауға, құрметтеуге, баптауға үйрету.

Дамытушылық міндеті: Балаларды дәстүрден тыс әдістер арқылы жұмыс жасай отырып, сурет салу  қабілетін дамыту

Тәрбиелік міндеті: күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру,дәстүрден тыс  сурет салу.

Көрнекі құралдар: үлгі ретінде үлкен көлемдегі табиғаттың суреттері, сурет салу дәптері,түрлі-түсті бояулар,мақта таяқшасы, сүлгі,су.

Қостілділік  компоненті: соңғы күз-поздняя осень, емен-дуб,

қайың-береза,терек-тополь.

Тәрбиеші: Сәлемдесу әдептілік белгісі балалар, алдымен оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын амандасып алайық. Балалар: сәлеметсіздер ме!

Шаттық шеңбер!

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауада демалып

Жүрек жылуын алайық

Осы жақсы лебіздерді

Балаларға сыйлайық.

Сұрақ-жауап айдары:

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Төрт жыл мезгілі бар.

-Қалай аталады?

-Көктем,жаз,күз,қыс.

-Жылдың қай мезгіліне келіп жеттік?

-Соңғы күз.

-Күз айларын атайықшы?

-Қыркүйек,қазан,қараша

-Қазір соңғы күз келіп жетті, табиғатта қандай өзгерістер бола бастады?

-Күн суыта бастайды, адамдар жылы киімдерін киеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар сарғайып түсті. Жемістер мен көкөністер піседі. Егіс алқабы да пісіп қамба дәнге толады. Қатты жаңбыр жауған кезде адамдар жылы киініп, қолына қолшатыр ұстайды.

-Күзде адамдардың еңбегі орасан зор.  Олар көктем мезгілінде еккен егінді, жемістер мен көккөністерді жаз бойы суарып, баптайды. Арам шөптерін жұлады. Сөйтіп күзде жыл бойы еккен еңбегінің жемісін көреді.

Балалар суретші болу үшін қандай болу керек?

Дұрыс айтасыңдар ақылды, ойшыл және суретті жақсы салу керек.

(тақтамен жұмыс)

Қандай атақты суретшілерді білесіңдер?

-Әбілхан Қастеев, Гүльфайрус Ысмайылова.

-Сендер суретші болғыларың келеді ме?

-Ендеше  барлығымыз бір айналып, суретшілер көрмесіне барайық.

Тәрбиеші: Суретшілердің біреулері портреттер жазғанда ұнатса, екіншілері пейзаждарды, үшіншілері тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар.

Живописьте мынадай жанрлар бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет

  • Сұрақ –жауап

Живопись дегеніміз не?

Живопись дегеніміз- әр түрлі бояу түрлерімен жазықтық, бетінде орындалатын көркем шығарма.

-Пейзаж дегеніміз не?

Пейзаж- белгілі бір жердің, табиғаттың көрінісі.

Қайсы бір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр.

-Портрет дегеніміз не?

Портрет – адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай суреттеп  салу, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсету. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады.

Натюрморт дегеніміз не?

Натюрморт— дегеніміз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген көркем шығарма.

Натюрморт – француз сөзі дәлме-дәл мағынасы. «Өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.

Пейзаж туралы тақпақты кім айтады?

Картинадан көрсең сен

Қарағайлы тау шыңын,

Немесе бұлақ-тау суын,

Немесе жасыл бақшаны,

Салынған мұндай суретті

Пейзаж ғой деп қарарсың.

 

Картинадан көрсең сен

Әжеңнің ожау-тостағын,

Атаңың қара торсығын,

Немесе алмұрт алманы

Қасында тұрған-шабдалы

Салынған мұндай суретті

Натюрморт деп қарайсың.

 

Картинадан көрсең сен

Егер ақын Абайды,

Немесе ұстаз Ыбырайды

Өзі екен деп қаларсың

Салынған мұндай суретті

Портрет қой деп қарасың.

Сергіту сәті:

Шуақ шаша алтын дала,

Мөлдір таза ауада.

Табиғаттың бәрі оянды

Оян сенде бар бала.

-Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?

Қарағай –сосна

Үйеңкі-Клен

Емен-Дуб

Қайың –береза

Терек-Тополь

Қостіліділік компонент: соңғы күз-поздняя осень, емен-дуб, қайың-береза, терек-тополь.

Қайың-өзі жылдам өседі. Оның бүршіктерінен дәрі дәрмек жасалынады. Қайың ағашынан жиһаздар жасайды.

Бүгін міне «Күзгі пейзажды бейнелейміз». 

Үстелге отыру. Баяу музыка қосылып тұрады «Табиғат»

-Бүгін оқу іс әрекетіміз ерекше болады, өйткені дәстүрден тыс сурет салу әдісімен табиғатты суреттейміз. Суретті мақта таяқшасын қолдана отырып саламыз.

-Сурет салу жолдары түсіндіріледі.

-Алдымен қылқаламмен ағаштың діңін саламыз.

-Төменнен жоғары қарай жуан-жіңішке, биік-аласа таяқша саламыз.

-Қандай ағаш түрі пайда болды?  -Қайың ағашы

Мақта таяқшасын сары бояуға батырып қайыңның сары жапыраған саламыз.

-Енді жасыл түсті бояуды қолданамыз, мұндай түсті азырақ қолдансақ болады. Қоңыр түсті дақтарды қосамыз. Қара түсті майлы қарындашпен бұтақтарын, ағаштың діңін саламыз. Қоңыр түсті қолданып шөптерін саламыз. Қара түспен, ашық сары түсті қолданып ағаштың арасындағы қылқаламды нұқып отыру тәсілін қолдану.

Шығармашылық суреттерін балалар  бағалайды.

Қортындылау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.