Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережесі

  • ҰБТ кезіндегі стрессеті жою

  • Робототехника — балаларды дамытуға бағытталған технологияның пайдасы

  • Ортаңғы топ балаларына арналған ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ «Физкультошка»

  • спорттық үйірме «Спорттық карусель»

  • Дене шынықтыруда Су- джок терапиясын қолдану.

  • Дене шынықтыруда Су- джок терапиясын қолдану.

  • «Батыр бабамыз — Бейбарыс»

  • Ертегілер еліне саяхат

  • Армысың, әз-Наурыз!

  • «Бала — біздің болашағымыз»

  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы

  • 1 наурыз -Алғыс айту күні

  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

Балабақша
Home›Балабақша›Балабақшада ұлттық ойындарды дамыту ерекшеліктері

Балабақшада ұлттық ойындарды дамыту ерекшеліктері

By admin
29 марта, 2018
4341
0
Share:

Мәкетай Сымбат

Бала тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың орны ерекше. Ата бабамыздан келе жатқан мұра. Осы ойындарға әр заманға сай, оң өзгерістер мен жаңашылдықтар енгізіп отырса, балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығы артады.Сол арқылы тәрбиеленіп, өнеге үйренеді. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Балалар ұлттық ойындардан «үлкенге ізет, кішіге құрмет», достық, шыншылдық, қайырымдылық деген көптеген қазақы мінезге сай жақсы қасиеттерді бойына жинайды. Осы жақсы қасиеттердің арқасында бұл ойындар ұрпақтан ұрпаққа жалғасын табуда. Сонымен қатар отан сүйгіштікке тәрбиелейді, ұлттық салт дәстүрлерімізді кішкене кезінен бастап бойына сіңіріп өскен балалар, ертеңгі болашағымыздың кепілі.

Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың мына пікірін ескеала кетейік : «Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған».Сондықтан келешекке адамды  тәрбиелеу — бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын — балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.

Ойын дегеніміз — халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.Мектептеде  тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс  түрі — ойын әрекеті.Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін  және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту  үшін  және  айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың  маңызы  зор. Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап — ақ маңайындағылармен қарым-қатынас  жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты  тілді  біртіндеп  меңгереді.

Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл –қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.

Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге — құрмет, кішіге — қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің?» ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді.

Әтеш — шақырады

Есек – бақырады

Күзен – шақылдайды

Бақа-бақылдайды

Шыбын – ызылдайды

Шіркей ызындайды

Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен тұратынын ескеруіміз керек:

ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс;

ойынның басталуы мен ойналу барысы;

ойынның аяқталуы.

Дене тәрбиесі іс -әрекеті мазмұны негізінен қимылды, ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік , шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл – ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі.

Сонымен бірге ойын ойнау негізінде бала:

— көңілді болып жақсы демалады;

— денесі қимылдап, бойы сергейді, миы тынығады;

— ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді, ұйымшылдыққа үйренеді.

 

Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:

— ұлттық ойындар дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру;

— қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;

— жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты :

балалардың денсаулығын нығайту;

денені шынықтыру;

мәдениетін қалыптастыру;

өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.

 

Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:

қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;

қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;

денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;

қызығушылығын қалыптастырып дамыту;

Оқу іс-әрекеттерінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру іс-әрекеттерінде қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда тәрбиешінің өз еркінде.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға болады.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік құрал болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады.

Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. Сонымен қатар бірнеше ұлттық ойындарды шартымен ұсынамын:

Қуыр-қуыр қуырмаш.

Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де,сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға:

-ортанғы саусағымды тапшы,-дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады да, міне,-деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса,ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.

  1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап бередуі: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. Бес саусағын түгел жұмады. Тағы да бас бармағыннан бастап, былай деп 5 саусақты түгел жазады.

Сен тұр қойыңа бар.

Сен тұр түйеңе бар

Сен тұр жылқыңа бар

Сен тұр сиырыңа бар

Сен кішкентай әлі жас екенсің

Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.

Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:

Қуыр-қуыр, қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әжең келсе есік аш

Қасқыр келсе мықтап бас

Шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды. Осыларды істеп бола беріп:

Мына жерде қой бар

Мына жерде жылқы бар

Мына жерде жылқы бар

Мына жерде түлкі бар

— деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды

 

Хан талапай.

Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі,хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды, хан талапай жасауы тиіс. Хан кімнің қолында кетсе, келесі үйірі кезегі соған беріледі екен, хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін ,алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады. Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға, орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан.

Теңге ілу.

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салынады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады. Сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға тез жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

Бала тәрбиесі қиын да , жауапты міндет.Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның , заманның бағыт-бағдармен, тыныс- тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап  жандыратыны сөзсіз.

Previous Article

Қыс М.Наурзалиева,»Бөбек» балабақшасының тәрбиешісі Батыс Қазақстан облысы,Тасқала ...

Next Article

Өзара түсіністік тренингі

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    Көңілді қыс.

    24 декабря, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Заттардың кеңестікте орналасуына санның тәуелсіздігі. Үлгі бойынша санау. Шеңбер, сопақша

    1 мая, 2017
    By admin
  • Балабақша

    «Жануарлардың қысқы мекені»,«Ұзын құлақ ақ қоян»

    19 июля, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Интерактивтік ойындар

    21 мая, 2020
    By admin
  • Балабақша

    ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (23-27Қазан 2017 ж.) «Балапан» 2- кіші топ

    8 января, 2018
    By admin
  • Балабақша

    Есеп құрастырып шешу.

    25 декабря, 2017
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Сабақ жоспары

    «Қ» дыбысы және әрпімен таныстыру.

  • Балабақша

    Көліктер

  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Сиқырлы әріптер

 

Жаңа жарияланымдар

  • Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережесі
  • ҰБТ кезіндегі стрессеті жою
  • Робототехника — балаларды дамытуға бағытталған технологияның пайдасы
  • Ортаңғы топ балаларына арналған ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ «Физкультошка»
  • спорттық үйірме «Спорттық карусель»
  • Дене шынықтыруда Су- джок терапиясын қолдану.
  • Дене шынықтыруда Су- джок терапиясын қолдану.
  • «Батыр бабамыз — Бейбарыс»
  • Ертегілер еліне саяхат
  • Армысың, әз-Наурыз!
  • «Бала — біздің болашағымыз»
  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы
  • 1 наурыз -Алғыс айту күні
  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

Күнтізбе

Июнь 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
« Май    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика