Суға зерттеу

Cельтекеева Асия Еркинкизи

Мақсаты: Су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Су, сүт, ғаламшардың суреті, стакан, қасық, таяқшалар, пішіндері әр түрлі ыдыстар, мұз.

 Сөздік жұмыс: Сұйық, сусымалы.

Шаттық шеңбері:

Күндей жарқырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.

Тәрбиеші: Балалар табиғат дегеніміз- бізді қоршаған орта.

Табиғат екі түрлі болады: тірі табиғат және өлі табиғат.

Тірі табиғатқа ағаштар, жәндіктер, жануарлар, гүлдер.

Ал өлі табиғатқа қар, жаңбыр, су, тас, күн жатады.

Балалар енді жақсылап ойланып мына бір жұмбақты шешейік.

Жалт- жұлт еткен,

Жылғадан өткен

Бұл не(Су)

Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді

Бұл не?

(Жаңбыр)

Олай болса, бүгінгі оку іс- әрекетіміз су туралы суғуа байланысты

айтамыз.

Тәрбиеші: Балалар, мына суретте ғаламшардың суреті.

Ғаламшар- жердің мекені.

Ғаламшар неге ұқсайды?

Шарға ұқсайды.

Тәрбиеші: Балалар, ғаламшарға қарасақ, бірақ түсті көрінеді. Себебі, жер бетінде су өте көп. Сондықтан , картада, ғаламшарда суды көк  түспен белгілейді. Көк түс судың түсі.

Сылдыр- сылдыр, сылдыр су,

Сылдыр суға бетіңді жу

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің маңдайың.

Қане, балалар, су туралы мақал- мәтелдер айтайық.

  1. Судың да сұрауы бар.
  2. Су- тіршілік көзі.
  3. Сусыз өмір жоқ.
  4. Су- тазалықтың досы.
  5. Бұлақ көрсең көзін аш.
  6. Сумен жер көгерер.

Тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.

  1. Судың түсін ажырату және судың түсі қандай болатынын көреміз.

 

1 стакан суға шай қасықты салу. Қасығымыз көріне ме?

Балалар: Көрінеді.

1 стакан сүтке шай қасықты саламыз. Сүттің ішінде қасық көрінеді ме?

Балалар: Жоқ көрінбейді.

 

Балаларға суы бар стакан және бояу жағылған таяқшалар. Бояу жағылған таяқшалар арқылы суды балалар бояйды.

 

Тәрбиеші: Балалар, судың түсін өзгертуге болама екен?

Балалар: Болады.

 

  1. Мендеекі түрлі ыдыс бар, пішіндері әр түрлі. Бұлардың ішінде су бар. Судың пішіні қандай?

Балалар: Әр түрлі.

Тәрбиеші: Су қандай ыдысқа құйылса, сол ыдыстың пішініндей пішінге айналады.

  • Балалар, су қандай зат екен?

Балалар: Су- сұйық зат екен.

 

  1. Тәжірибеміз мұз.

Мұзды еріту. Мұзды бір ыдысқа салып, қайнаған суды үстіне құю. Мұз суға айналады.

 

Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып,

Ағаштарға су құйып,

Өсіреміз саябақ.

Тәрбиеші оу іс- әрекетін қорытындылап, балаларға сұрақ қойып,  балалар өз ойларын айтып, тәжірибенің қызық болғанын, не көргендерін айтып береді.

 

Күтілген нәтиже:

Білуі: Судың сұйық зат екенін біледі.

Меңгеру: Тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын меңгереді.

Жасай білуі: Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.