Толағай» отбасылар сайысы

Бекджанова Мадина

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!

Ел басымыз н. Ә. Назарбаев «Қазақстан — 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық сропттық сайысты ұйымдастырып отырмыз.

Сайысымызға 4 топ: Қыран тобы, Сұңқар тобы, Бірлік тобы, Барыс тобы қатысқалы отыр.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң

Топтарымызды шақырамыз.

( музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз)

Әр таңды бақытпенен арттырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз

Сайысқа қатысуға енді ортаға

«Барыс» тобын шақырамыз.

 

Салауатты өмір салтын сақтайтын

Жаттығудан ешқашанда қашпайтын

Қыран тобы келді бүгін сайысқа

Өз топтарын жақтайтын- деп ортаға «Қыран» тобын шақырамыз.

 

Ұстанған салауатты өмір салтын

Жасқанып ешқашанда мойымайтын

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық «Тұлпар» тобын

 

Әр таңды бақытпенен арттырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз

Сайысқа қатысуға енді ортаға

«Бірлік» тобын шақырамыз.

Жүргізуші: Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар  таныс болыңыздар:

Балабақшамыздың директоры: Джаманшалова Гүлжан Науаровна

Балабақшамыздың әдіскері: Лепесбаева Қамажай Көмекқызы

Балабақшамыздың медбикесі: Нұрдаулетова Тлектес Балғабаевна

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады. Сайыстың бағдарламасы  7 кезеңнен тұрады.

І-кезең: «Таныстыру». (Топты таныстыру, ұраны)

ІІ-кезең: «Жеміс жидек жинау» сайысы.

ІІІ- кезең: «Шығыршықпен бір-бірін тасымалдау»

ІV- кезең: «Аю апаны»

V-кезең: «Кім жылдам»

VІ- кезең: «Білімді кенгуру»

Шынықсаң шымыл боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талаға?

Болмасаңда ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ.Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз.

Ендеше «Таныстыру» кезеңімізді бастаймыз.

Ойын шарты: Әр отбасы қздерінің топтарын таныстырады.

Барыс тобының ұраны: Жеңістерге бет алдық

Спортта сұлтан атандық

Жетсін деп топ  мақсатқа

«Барыс» тобы деп атадық

«Қыран» тобының ұраны: Қыран тобы алға, биіктерге самға

Толағайда топ жарып жеңістерді

Жалға, алға, алға, алға.

«Тұлпар» тобының ұраны: Тұлпар болып самғаймыз,

Жарыстан еш қашпаймыз!

«Бірлік» тобының ұраны: Бәріміз біріміз үшін

Бірімізбәріміз үшін

Жүргізуші: Құрметті әділ қазылар І кезеңіміз бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың,- деп келесі екінші кезеңге көшеміз.

«Жеміс жидек жинау» сайысы. Ойынның шарты:  жерге жемістер мен көкөністер шашылады. Анасының көзін байлап баласы шашылған жемістер мен көкөністерге қарай бағыттайды. Анасы тездете жинайды.

Жүргізуші: әділқазылаар сайыстың екінші бөлімі бойынша бағалаврыңызды беруіңізді сұраймын!

Жүргізуші: Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің- деп сайысымыздың 3 бөліміне көшеміз. «Шығыршықпен  бір-бірін тасымалдау».

Шарты: әр топқа 2 шығыршық беріледі. Алдыңғы тұрған ойыншы 1 шығыршықты жерге қойып бәрі ішіне тұрады. Екінші шығыршықта осылай қайталанады. Ойын шарты түсінікті болса, ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші: Құрметті әділ қазылар 3 кезеңіміз бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

Келесі кезеңімізге көшейік. «Аю апаны» ойыны.  Шарты: Екі топтың басшысы спорттық матрасқа дейін жылдамдықпен жүгіріп, баспен домалау арқылы 2 метрләк дайындалған кедергі ішінен еңбектеп өтіп, белгіленген нысаннан айналып келеді. Ойынды топтың екінші мүшесің жалғастырады. Бірінші келген соңғы ойыншының тобы жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Құрметті әділ қазылар 4 кезеңіміз бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

5 кезеңіміз «Кім жылдам». Шарты: Кедергілер арасынан секіріп жүру.

 

6 кезеңіміз «Білімді кенгуру».

Ойын шарты: ата-анасы, баласы  кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден өтіп, математикалық бі-бір есепті шығару керек.

 

Жүргізуші: Құрметті әділ қазылар 6 кезеңіміз бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

Қорытынды бөлім

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады,- демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.