«Менің досым»
Ниязбаева Алима Мустафаевна
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№16 «Ертегі» балабақшасы
Қызметі: Тәрбиеші
Материал тақырыбы: «Менің досым»
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Менің досым
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға «дос» сөзіне түсінік беру, өзінің досының есімін және досы туралы айта білуге үйрету. Сөйлеу мүшесінің қозғалыс қимылын, саусақ моторикасын жаттықтыру.
Дамытушылығы:_Зейінің, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін дамыту, ойын дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу тілін және сөздік қорың дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ойындар арқылы еркін, дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Өзін тануына, достарын бағалауға, бір-біріне көмектесіп қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап алу, әңгімелесу, бой сергіту, ойындар.
Көрнекі-құралдар:Достар тақырыбына арналған суреттер, жыл мезгілдерінің суреттері, баулар.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қорғаушы |
-Шаттық шеңбері. Арайлап таң атты, Күн нұрын таратты. Аспанымыз ашық болсын, Деніміз сау болсын, Достарымыз көп болсын, Қайырлы күн достарым!
— Жарайсындар балалар, қане барлығымыз орындарымызға отырайық.
– Балалар қазір жылдын қай мезгілі? — Күз мезгілінің алдында қандай мезгіл болды? — Ал күз мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді? — Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.
|
-Шаттық шеңберінде тұрып бір-бірімен амандасады.
— Қазір жылдын күз мезгілі. — Жаз мезгілі болды.
— Қыс мезгілі келеді.
-Ауа райысалқындайды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жиіжаңбыр жауды, жапырақтар сарғайып жерге түседі. Жер сап-сарыкілемге айналады. |
|
-Балалар бүгін біз дос жайлы әңгімелесеміз. «Дос» деген сөз екі немесе бірнеше бірге ойнап, бір-біріне кез келген сәтте көмектесе білетін, ренжітпейтін, ойыншықтарың бөлісетін, ұрыспайтын, бірге саябаққа, музейге, асханаға, театрға баратын, бірге би-билеп ән айтатын өзара достығын айтамыз. — Балалар біз кез келген баламен дос болу үшін, біз мейірімді, ұқыпты, тәртіпті әр сәтте бір-біріне көмектесе білетін, жақсы бала болуымыз керек. Егер біз қасымыздағы баланы ренжітіп, ұрсатын болсақ, ол бала бізбен дос болмайды. -Сондықтан балалар сендердің достарын көп болсын десендер, алдымен өздерін жақсы әрі тәртіпті болуларын керек. |
-Балалар зейін қойып тыңдайды, түсінеді. Әңгімеге араласады. |
Іздену- ұйымдастырушы |
— Балалар мына тақтадағы суреттерге қарандаршы? -Бірінші суретте үш ұл бала бірге бір дастархан жайып, шәй ішіп отыр. Қанекей балалар суреттегі балаларға есім берейікші, Бұл балалар бір-біріне жақсы достар екен, себебі Тараз бен Айқынды Болат ойыннаң соң үйіне шақырып шәй беріп отыр. — Келесі суретте қыздар мен ұлдар бірге қосылып ән айтып, ойыншықтарды бірге бөлісіп, ойнап жүр екен. — Ал, мына суретте ұлдар мен қыздар бірігіп дос болып, далада серуендеп жүр екен. Мінекей балалар ұлдар ұлдармен, қыздар қыздармен және ұлдар, қыздар болып жақсы дос болып ойнауға болады. — Балалар сендердің әрқайсыларының өз топтарын бар. Сол топтың ішінде көптеген жақсы балалар бар, бірақ сендердің сол топта немесе басқа топтан достарың барма?
2. Сергіту сәті: Қане достар орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. алақанды ашайық, Саусақтарымызды атап шығайық, Басбармағым- ағасы. Балаң үйрек-нағашы, Ортан терек-атасы. Шылдыр шүмек-анасы, Шынашағым-қарлығаш. Барлығына қарындас, Бесеуі де бауырлас. Ағайын, дос, бауырлас! Жарайсындар балалар, қане орнымызға отырамыз.
3. «Ақ тілек» ойыны. Шарты: Балалардың қолына гүл шоқтары беріледі, балалар шеңбер құрып гүлді бір-біріне беру кезінде жақсы ақ тілек сөздер айтады. Мақсаты: Бір-біріне деген мейірімділігін, достық сезімдерін ояту, ойлау қабілеті мен сөздік қорың дамыту. -Дәптермен жұмыс. -Жеке жұмыс. |
-Шәй құйып отқан баланың есімі Болат, кесе ұстап отырған баланың есімі Тараз, ал қасындағы баланың есімі Айқын.
-Балалар суретбойынша әңгіме құрайды. Өз ойларын айтады.
-Өз достары тура әңгімелейді, есімдерін айтады.
-Сергіту сәтін қимылдармен орындайды.
-Мен сенің досын болғым келеді, Мен сенімен барлық жерде бірге болғым келеді. Мен сендермен саябаққа барғым келеді. Менің достарым көп болсын. Достарым ешқашан ауырмасын. Біздің ойыншықтарымыз көп болсын. Достарымды мен ренжітпеймін, оларға көмектесемін. Достарымды мен жақсы көремін. Барлығымыз бақытты тәртіпті бала боламыз.
-Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексті коррекциялаушы |
-Сонымен балалар сендердің достарың барма? -Жақсы дос болу үшін, сендер қандай болуларын қажет? -Жарайсындар балалар, бүгінгі ойындар сендерге ұнады ма? -Мадақтау. |
-Балалардың жауабы. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: «Дос» тақырыбында әңгіме құрайды. Мейірімділікті, таулықты.
Игереді: Берілген тапсырмаларды дұрыс орындауды.
Меңгереді:Күз мезгілінің ерекшеліктерін .