Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • Бауырсақтың бастан кешкен оқиғалары

  • 412 бұйрық. МДҰ педагогтарына

  • 412 бұйрық. Балабақша

  • И.Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде»

  • «Білімділер әлемі»

  • «Бағдаршам»

  • «Бағдаршам»

  • Ұлттық тағамдар

  • «Астана-туған елдің жүрегі!»

  • Көктем келді

  • «Балабақшадағы болашақ азаматтарды қалыптастыру «

  • Күзгі баққа саяхат

  • МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТИІМДІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

  • Мен қазіргі заман мұғалімімін

  • «Сиқырлы бояу патшалығы»

  • «Сиқырлы бояу патшалығы»

  • 1 ЖЕЛТОҚСАН ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

  • Балабақшадағы ересек топтарда танымдық қабілетті дамыту

  • Мектепке дейінгі жаңа іс — тәжрибе мен әдістеме

  • Түлкінің тапсырмалары

Балабақша
Home›Балабақша›Қызықты математика

Қызықты математика

By admin
17 ноября, 2019
1694
0
Share:

Тәрбиеші: Сейтжапарова Гульмира Кусаиновна. Сәтбаев қаласы №7 «Алпамыс» балабақшасы

Топ: ортаңғы сәбилер тобы

Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті: «Математика»
Тақырыбы: «Қызықты математика»

Тақырыбы: Қызықты математика. (математикадан қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әртүрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.

Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:

Армысың, мейірімді Аспан — Ата
Армысың, қайырымды Жер — Ана
Армысың, шұғылалы Алтын – Күн
Армысың, балабақша, дос — жаран..
Жылулық шеңбер.
— Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
— Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
— Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
— Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды, қолдарын шапалақтайды.
— Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.
— Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу – іс-әрекеті.

Қызықтыру сәті:

Әуенмен «Білім ханшайымы» келеді.
Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!
Білім ханшайымы:

Балалар мен сиқырлы әлемнен келген «Білім ханшайымымын». Сіздерді білімді балалар деп естіп келдім. Менің қызықты тапсырмаларымды орындағыларың келе ме?
Балалар: Иә.
Білім ханшайымы: Олай болса мен сіздерге құр қол келген жоқпын. Өзіммен бірге сіздерге
сыйлық ала келдім. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар сыйлыққа ие боласыңдар .
Тәрбиеші:

Қош келдің Білім ханшайымы. Біздің балалар ақылды және сіздің берген тапсырмаларыңызды орындайды. Сіз жайғасып балаларымыздың білімін тамашалап отырыңыз.
Ендеше балалар Білім ханшайымы қандай тапсырма әкелді екен қарайық.

1 — тапсырма:
1. Жылдың төрт мезгілін ата?

2. Қазір жылдың қай мезгілі?
3. Бір жылда неше ай бар?
4. Бір аптада неше күн бар?
5. Бүгін аптаның нешінші күні?
6. Қазір тәуліктің қай мезгілі?

Ойын: «Шардың түсімен жыл мезгілін сәйкестендір»
(қызыл, сары, ақ, жасыл)

2 — тапсырма: «Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?»
Тәрбиеші:

Балалар 2 — тапсырмада былай делініпті: «Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?» Ақ қағаз бетінің ортасына сопақша, сол жақ бұрышының жоғарғысына үш бұрыш, төменгі бұрышына төртбұрышты орналастыр. Оң жағының жоғарғысына шаршыны, төмеңгі бұрышына шеңберді орналастыр.

Дидактикалық ойын: « Қай пішінге ұқсайды?»
Сергіту сәті. Балаларға жәшіктен әр түрлі геометриялық пішіндерді таңдап алу ұсынылады, балалар әуенге қосылып билейді де, әуен тоқтағанда қолдарындағы геометриялық пішін бойынша үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер жасап тұрады.

3 — тапсырма:
1 — ден 10 – ға дейін тура және кері санау.

Дидактикалық ойын.. «Жоғалған сан».
Сандардың көршісін табу. (кубиктермен)
(1 — ден10 — ға дейін сандар бойынша ретімен тұрады, балалар көршілерін табады.)
Сергіту сәті:

Жаттығуды жасаймыз

Бір дегенде – тік тұрамыз.

Екі дегенде – екі рет айналамыз,

Үш дегенде – үш рет секіреміз

Төрт дегенде – отырамыз.

Тәрбиеші:  мына математикалық жұмбақтардың шешуін табайық.
4 — тапсырма: «
математикалық жұмбақтар»

Нарселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай,

Жан – жағына қарамай

Айтыңдаршы бұл не? (сандар)

Бес ін, бес іннің аузы бір ін   (қолғап)

Әншейінде жекесің, қарай қалсаң екеусің   (айна)

Төрт бұрышты, бір ауызды    (сандық)

Киелі бір жануар, үстінде екі тауы бар  (түйе)

Тәрбиеші: Енді балалар Білім ханшайымының әкелген соңғы тапсырмасын қарайық.
5 — тапсырма:
Логикалық есептер
1. — Дүкеннен анам дөңгелек 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды? (1)
2. — Қоянда неше құлақ бар. (қоянның суретін көрсету)
3. — Қолда қанша саусақ бар? (саусақтардың суретін көрсету)
4. Ағашта
3 құс отыр, оның 2 – уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
5. Себетте 2 алма, табақта
1 алма қосқанда барлығы болады неше алма?

Білім ханшайымы: Балалар сендер менің сұрағыма мүдірмей дұрыс жауап бердіңдер. Бір — бірлеріңе көмектесіп өз білімдеріңді көрсеттіңдер, енді сіздерге қуана — қуана сыйлығымды беремін. Енді мен басқа балабақшаға барамын, сау болыңдар.
Әуенмен «Білім ханшайымы» шығып кетеді.

Қортынды: Балалар, бүгін қандай тапсырмаларды орындадық, қане, есімізге түсірейік. Біз енді пішіндерді білеміз. (Бірге қайталау) 1 — ден 10 — ға дейін тура және кері санаймыз. (Бірге қайталау) Жыл мезгілдерін білеміз. Апта күндерін білеміз.
— Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.


Previous Article

Ертегілер еліне саяхат

Next Article

Дамытушы орта

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТИІМДІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

    19 декабря, 2021
    By
  • Балабақша

    Қауіпсіз жолдар еліне саяхат. Бағдаршам суретін салу

    9 октября, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Табиғат бұрышындағы құстар

    9 декабря, 2018
    By admin
  • Балабақша

    Қыркүйек айының циклограммасы

    3 сентября, 2020
    By admin
  • Балабақша

    Самат нені үрлей алды?

    2 сентября, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Бала тәрбиесі-баршаға ортақ

    18 ноября, 2019
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Жалпы рубрика

    Ғажайып алаң

  • Балабақша

    Аналар мерекесіне арналған сценари

  • Балабақша

    Русская народная сказка «Репка»

Жаңа жарияланымдар

  • Бауырсақтың бастан кешкен оқиғалары
  • 412 бұйрық. МДҰ педагогтарына
  • 412 бұйрық. Балабақша
  • И.Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде»
  • «Білімділер әлемі»
  • «Бағдаршам»
  • «Бағдаршам»
  • Ұлттық тағамдар
  • «Астана-туған елдің жүрегі!»
  • Көктем келді
  • «Балабақшадағы болашақ азаматтарды қалыптастыру «
  • Күзгі баққа саяхат
  • МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТИІМДІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
  • Мен қазіргі заман мұғалімімін
  • «Сиқырлы бояу патшалығы»

Күнтізбе

Июнь 2022
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
« Май    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика