Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • «Мен жақсы ата-анамын!»

  • «Мен жақсы ата-анамын!»

  • « Мектеп жасына дейінгі балалардың жұптық жұмыс арқылы танымдық қабілетін дамыту»

  • Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу

  • Абай-ұлы ақын.

  • Нөсерлеу сөз табы

  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)

  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді

  • «Құстарға қыста қамқор бол»

  • Бала өміріндегі ең басты әрекет

  • «Жарқын елдің шамшырағы”

  • Дала жануары

  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”

  • тьт ьб б

  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым

  • № 412 бұйрық. 24 қыркүйек

  • Үлгілік оқу жоспары. Жаңа

  • Әдістемелік нұсқау хат. Мектепке дейінгі ұйымдар

  • «Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы»

  • Вариатив көңілді бояулар

Балабақша
Home›Балабақша›«Step by step» технологиясының тиімділігі

«Step by step» технологиясының тиімділігі

By admin
18 ноября, 2019
1076
0
Share:

Ельчибаева Азиза Мелсбайқызы

Білім беру жүйесінің алғашқы қадамы мектепке дейінгі ұйым, балабақша болғандықтан тәрбиешілер мен жетекшілерге жауапкершілік жүктеледі.

Мәдениетті,ұқыпты,білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін тәрбиешінің өзі тәрбиелі,білімді болу қажет.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатты қоғам талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет.

Педагог кәсіби шеберлікке жету,өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін түсіну қажет. Сондықтанда өскелең ұрпақтың болашағын жарқын етіп ,өміріне жолдама алуға жағдай жасағысы келсе ізденісті тоқтатпай,кәсіби шеберлік пен білім деңгейін арттыра түссе толық нәтижеге жететінін анық айтамын.Менің алдыма қойған мақсатым ; Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан-жақты қалыптастыру. Менің мақсатым орындалу жолында ізденудемін. Педагогтердің мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеру-бала тұлғаның табысты дамуының кепілі.

Жаңа технологияларды оқып үйрену,меңгеру кезеңінде арнайы курстарға барып кәсіптік біліктілігімді арттырудамын.

Қазіргі технологиялардың жан – жақты тараған түрінің бірі «Тәй-тәй» технологиясы.Баланы өмірге бейімдеу дамытушылық ортада жүзеге асады. Дамытушылық ортасы дегеніміз-балалардың қызығушылығын туғызатын алуан түрлі,тартымды материалдар ашық қолжетімділікте болатын,педагог жасаған зат-кеңістік ортасы;ондағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы әрбір балаға өзінің жеке қарқынмен дамуға мүмкіндік береді.

Біздің балабақшада «Тәй-тәй» технологиясы мен әдістемелерді оқу-тәрбие үрдісінде қолдануда тиімділігін байқадық. «Тәй-тәй» технологиясының негізгі мақсаты әр баланың жеке қабылдауы мен даму кезеңдерін есепке ала отырып білім беру.

Технологияның балаларға іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен шұғылдануына, іскер және тапқыр болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісіне отбасы белсенді қатысады.Ата-аналар жалпы ашық есік күндері өнер орталығына қатысып, өткізілген әртүрлі тақырыпқа сай табиғи материалдардан заттық мазмұнды және сәндік сурет салу,немесе сәндік бұйымдар жасауға жетекшілік етеді.Алдын ала дайындық жұмыстар жүргізіліп табиғи материал қалдықтарын жинауға көмектеседі.Ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізіледі.Өнер орталығында балалардың қабылдауын,көрнекі-бейнелі ойлауын,зейінін дамытуға,дербестігімен жауапкершілігін қалыптастыру,ұсақ саусақ қозғалыстарын,ептіліктерін дамыту арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.

Сондықтан, «Тәй-тәй» технологиясы бойынша ата-аналар берілген білімді үйде бекітіп, толықтыруға көмектеседі; тәрбиешілер балалардың үйдегі үйренгенін оқу бағдарламасын игертуге пайдаланады. Мұнда ата-аналардың қатысы қандай түрде болмасын қолдау табады: олар тәрбиешіге сабақ үстінде көмектесуі мүмкін; ата-аналар алқасы салмақты шешімдер қабылдауға белсенді қатысады; олар балаларының жақсы жақтары мен көмек қажет ететін әлсіз жақтары туралы мәліметтер бере алады. Балабақша мен отбасының байланысы тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара құрметі мен сеніміне және әріптестік қарым-қатынас орнату үшін бірлесе күш жұмсауында.

«Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыстануда тәрбиешінің қызметі«Тәй-тәй» технологиясымен жұмыс істейтін топтардағы тәрбиешілер мәлімет беруші емес, бағыттап, танымдық процесті жеңілдетеді. Ол біліктілікті ынталандырып, оқуға деген жауапкершілікті бөліседі; ол топтағы ортаның қауіпсіздігін жоспарлайды.Тәрбиеші балаларды түрлі материалдармен қамтамасыз етеді

және қоршаған ортамен шектеусіз қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады. Тәрбиеші балаларға ашық сұрақтар қою арқылы балалардың зерттеу мен жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі. Ашық сұрақтарға бірнеше жуық жауаптар берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар баланың ойлау жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Сұрақ-жауап ойлауды ғана емес, баланың тілін де дамытады. Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, әңгімелеседі. Ол балалардың білсем деген ынтасын бөлісіп, олар ұйымдастырған заттың бәріне қызығушылық танытады.

«Тәй-тәй» технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаға өз бетімен жұмыстануға жағдай туғызады. Балалар да өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге асырады. Қызықты, әрі икемделген жұмыс түрлерін (тапсырмаларды) жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын немесе ойнағанын бақылай отырып, тәрбиеші материалдар мен тапсырмаларды ауыстыруы, не жеке балаға бейімдеп өзгертуі мүмкін. Әр баламен жеке жұмыс жасау үшін топтық жұмыстарды шағын топтарда өткізу тиімді. Осындай көзқараспен оқыту баланың өз деңгейінде өсуі мен дамуына игі әсер етеді. Орта қауіпсіз, жайлы, қолайлы, орта көп қызметті, вариативті іс-әрекет өзгеруіне байланысты өзгере алатын алғашқы дүниетанымдық мағлұмат бере алатын орта болуы тиіс.

Дамыту орталары заттар мен ойыншықтарды балалардың еркін қолдана алуын, тілінің, танымдық, эстетикалық дамуын, баланың ізденімпаздық қабілетінің дамуын, технологиясымен жұмыс жасайтын топтардағы ахуалдың өзі балаға өз бетімен таңдау жасауға мүмкіндік беруін қамтамасыз етуі керек.

Оқу іс –әрекеттеріне қолайлы көркем әдебиет, құм және су, ғылым , өнер, ойын және математика орталықтары жұмыс жасайды.

Көркем әдебиет орталығында жасына лайықты көркем әдебиет шығармаларын оқып беріп,оқылған шығарма мазмұнын әңгімелетуге,мақал-мәтел оқу,жұмбақ жасыру арқылы балалардың тілін ширатып,көркем сөз өнерін сүйе білуге баулып,адамгершілік сапалары игертіледі.Мазмұнды суреттер арқылы жүйелі сөйлеп құрап,сөйлеуге үйретіледі.

Құм мен су орталығында сезім қабілеттері дамиды,кеңістік және көлемдік өлшеу түсініктері қалыптасады,ірі және майда қозғалыстары жетіледі.

Ғылым орталығында Баланың табиғатқа деген сүйіспеншілік,қамқорлық қарым-қатынасын қалыптастыру мақсаты көзделеді.Жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырларына деген қызығушылығы әртүрлі зерттеу,іс-тәжірибе жүргізу,бақылау жұмыстары арқылы артады.

Ойын орталығында желілі-рольдермен танысуға мүмкіндік беріліп,әлеуметтік дамуы мен қатар қарым-қатынас ептіліктері де ойын үстінде дамиды.

Математика орталықтарында математикалық ұғымдар мен геометриялық пішіндерді ұғынуға,сандарды ауызша есептеп,есептер шығаруға және өз тарапынан есептер құрастыруға үйренеді.Жәнеде заттардың кеңістікте орналасу бағытын,уақытты бағдарлауға,заттардың түр түсіне ,пішініне,көлеміне қарай салыстыруға,ажырата білуге үйретіледі.

Орталықтардағы жинақталған материалдар балалардың белсенділігін ынталандырады, олардың барлық бес сезімін ашып, қолдануға итермелейді. Тәжірибе жасап, зерттеп, жаңалықтар аша отырып, балалар өз «болжамдарының» дұрыстығын тексереді, білімді өзіндік жеке тәсілмен игереді. Дәл осындай әдіспен балалар мәселе қойып, оны шешуге, сын тұрғысынан ойлауға, таңдау жасауға және түсініктер қалыптастыруға үйренеді. Еш уақытта кіші жастағы балаларды өздерін қызықтырмайтын тапсырмаларды орындатуға, тақырыптарды оқып үйренуге мәжбүрлеуге болмайды. Топтың ішкі көрінісі балаға орталықтар мен материалдарды таңдауға мол мүмкіндік беретіндей жағдайда ұйымдастырылуы тиіс.

Топта балалармен өткізілетін әртүрлі сабақтарды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші барлық үйде болатын, әдетте тасталатын алуан түрлі материалдарды қолдануы мүмкін. Әрбір тәрбиеші белгілі бір сабақтарға қажетті материалдардан «тілек» тізімін жасап, оны жинауға ата-аналар мен балаларды қатыстыруы керек. Бұл тізімді ата-аналарға арналған хабарландыру тақтасына, немесе жеке жазып беруге болады. Материалдар төмендегідей болуы мүмкін:

-табиғи – тастар, тұқымдар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар; – тұрмыстық – түрлі ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, банкалар, тамаққа қосылатын бояулар, ағаш және темір қалдықтар, әжетхана қағазы, газеттер, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, шегелер, шуруптар, мата қиықтары, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, журналдар, календарлар, үй бұйымдарының сынықтары. – жұмыстан немесе дүкеннен әкелінген материалдар – еденге төсегіштің қалдықтары, оқшауланған сымдар, ағаш сынықтары, ағаш үгінділері, пайдаланылған принтерге арналған қағаздар, қажетсіз деп тасталған әртүрлі заттар. Барлық жиналған материалдарды жүйелеп жазып, реттеп, қажет уақытында алуға ыңғайлы жерге сақтау керек. «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім салаларына байланысты балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті педагог-тәрбиешінің шығармашылық ізденісі арқылы, педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда педагогтар жаңашыл тәсілдерді пайдалануы жақсы нәтижелер көрсетуде.

Қорытынды Бүгінде балабақша жалпыға міндетті үш қадам бойынша жұмыс жасап келеді.Осы жылдан бастап «Тәй-Тәй» технологиясы енгізіліп,ондағы орталықтар бойынша балалар зерттеу бағытында,еркін ойнауға,өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктері бар. Жалпы алғанда «Тәй-Тәй» бағдарламасы баланы жан-жақты дамыту және ата-анамен тығыз байланыс орнату секілді екі бағытта жұмыс жасайды. Ең негізгісі ата-аналардың оқыту процесіне еркін қатысуларына жағдай жасалуда

Previous Article

«Дәрумендермен достасайық».

Next Article

Бала тәрбиесі-баршаға ортақ

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    Бала тəрбиесі бəріне ортақ

    26 мая, 2020
    By admin
  • Балабақша

    Ыдыстар.

    24 декабря, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Валеология еліне саяхат

    15 августа, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Шын дос –асыл қазына

    22 апреля, 2020
    By admin
  • Балабақша

    “Көктем кафесі” 8 Наурыз аналар мерекес3н34 сценарий

    29 мая, 2020
    By admin
  • Балабақша

    Ертегідегі  ертекші,әжемізде  қонақта

    22 июня, 2020
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Жалпы рубрика

    Мектеп пен ата – ана арасындағы ынтымақтастық

  • Қазақ әдебиеті

    Айтыңыз құтты болсын 20.03.2019

  • Балабақша

    “Жеміс-жидек бағына саяхат”

Біздің Инстаграм каналымызға тіркеліңіз

Жаңа жарияланымдар

  • «Мен жақсы ата-анамын!»
  • «Мен жақсы ата-анамын!»
  • « Мектеп жасына дейінгі балалардың жұптық жұмыс арқылы танымдық қабілетін дамыту»
  • Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
  • Абай-ұлы ақын.
  • Нөсерлеу сөз табы
  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)
  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді
  • «Құстарға қыста қамқор бол»
  • Бала өміріндегі ең басты әрекет
  • «Жарқын елдің шамшырағы”
  • Дала жануары
  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”
  • тьт ьб б
  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым

Күнтізбе

Март 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
« Фев    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика