Ашық оқу қызметі «Дене мүшелері»

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің
технологиялық картасы
«Нұрбалапан» бөбекжайы МКҚК
«Бәйтерек» тобы
Күні: 19.11.19ж
Тақырыбы: Дене мүшелері
Білім беру салалары: Коммуникация
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты:Білімділік: Адам дене мүшелерін,олардың атқаратын қызметтерін үйрету.
Дамытушылық: Тілдерін дамыту.Логикалық ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік:Тазалыққа,ұқыптылыққа үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Адам туралы қысқаша түсінік беру
Әдіс-тәсілдер:Амандасу,шаттық шеңбер,Суретпен жұмыс,түсіндіру ,ғажайып сәт,тыныс алу жаттығуы,әуенді сергіту сәті,ойын,мадақтау.
Қажетті көрнекі құралдар:Адамның дене мүшелерінің суреттері,адам ішкі ағзасының макеті.
_________________________________________________________________________
Қостілділік компонент/билингвальный/: Дене мүшелері-части тела-Body parts
Бас-голова-Head, Шаш-волосы- Hair Көз-глаза- Eyes Мұрын-нос-Nose
Ауыз-рот- Mouth Құлақ-ухо- Ear Қол-рука- Hand Аяқ-нога-Legs

Іс-әрекет
Кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығу-
шылығын
ояту
кезеңі

-Сәлеметсіңдерме,балалар!
-Көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Олай болса мен сіздермен көріскеніме
қуаныштымын.
-Балалар ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық.
Шаттық шенбер
Кел, достарым келіңдер.
Қолдарынды беріңдер,
Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еңіндер.
-Балалар бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміз сөйлеуді дамыту.
— Тақтамен жұмыс
-Балалар бәріміз тақтаға назар аударайық.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Балалар күз мезгілінде неше ай болады екен? ( атап өту)
-Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Өте дұрыс жарайсыңдар!
-Сәлеметсізбе
-жақсы

Күз мезгілі
Үш ай.
қыркүйек,қазан,қараша.
Күз мезгілінде күн суытады.жаңбыр жауады,жапырақтар сарғайып,жерге үзіліп түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.жемістер мен көкөністер піседі
Ұйымдас-
тырушы-
лық
ізденіс
кезеңі

Кіріспе әңгіме
-Балалар бүгін біздер «дене мүшелері» деген тақырыпқа әнгімелесетін боламыз.
Суретпен жұмыс.
Балалар ең алдымен біздер кімдерміз?
-дұрыс.
Адам-жер бетіндегі тіршілік иесі. Адамның дене мүшелері болады олар:
Бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, иық — адамның дене мүшелері . Мұны адамның қаңқасы дейді.  Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, аңдай, т.б. мүшелер орналасқан. Осы мүшелердің атқаратын өз қызметтері бар. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен
сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды.
Бұлардан басқа көзбен көруге болмайтын ағзалар да бар. Олар:
асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе тамақ, іш.  Өкпе –адам қабырғаларының ішінде орналасқан.Адамда екі өкпе бар,оң жақ өкпе және сол жақ өкпе.Осы өкпе арқылы ауа ішімізге кіреді және сыртқа шығады.жүрек әрқашан өзімізбен бірге өсіп тұрады.Жүрек сол жақта орналасқан.Жүрек барлық мүшелерге қан шашып тұрады.жүрек адамның маторы,жүрек спортпен,жаттығулармен айналысқанды жақсы көреді.Әр адамның жүрегі өз жұдырықтарындай болады. Бауыр-қанды тазартуға ,удан арылтуға көмектесетін,дененің оң жақ,қабырғалардың астында орналасқан ішкі мүше. майлы тағамдар бауырдың қас жауы. Ішек-ол бұлшық етті мүше.Ішек ирелеңдеп орналасқан.Ішек арқылы жеген тағамдарымыз алға қарай жылжып отырады екен. Әр адам өз дене мүшелерін таза ұстау керек. Адамның денсаулығы жақсы болу үшін құнарлы тағамдар жеу керек.Көкөністер,жемістер көп жеу керек.сонымен бірге су көп ішіп тұру керек Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щёткасымен тазалап отыру керек. Шашты жиі жуып, құлақтың ішін сабынды сумен жуып тұру керек. Денсаулықтың кепілі — тазалық. Дені сау болу үшін спорттық жаттығулармен айналысу керек көбірек. -Ғажайып сәт
-Дәрігер кіреді.
-Балалар мен сендердін дене мүшелері мен танысып жатқандарынды естіп сендердін тазалықтарынды қарауға, және тыныс алу жолдарынды тексеруге келдім.
-дәрігер балалардын тазалықтарын қарап шығады.
тыныс алу жаттығуы: өкпені түтік арқылы үріп балалар демдерін сыртқа шығарады.
-дәрігер біздің балаларымыздын өкпелері таза дендері сау. Сондықтан сен басқа топтын балаларын қарауға баруынға болады.
-Балалар бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
-Сергіту сәті видео(әуенімен).
Ойын «дұрыс көрсет»,
Ойын барысы: тәрбиеленушілердін көздерін жұмғызып әр дене мүшенің киімдерін орнындарын ауыстырып қойып дұрыс табуларын талап ету.
-Жарайсындар балалар,рахмет сендерге.
-Билингвальды компонент: Дене мүшелер-части тела- body parts, Бас-голова- Head ,Шаш-волосы- Hair ,Көз-глаза- Eyes , Мұрын-нос- Nose ,ауыз-рот- Mouth ,құлақ-ухо-Ear.
Бір бала шығып көрсетеді,қалғаны алынып тасталады.

Адамдармыз
Іс-әрекетті
бақылау кезеңі

Қорытындылау
-Балалар бүгін біздер қандай мүшелермен таныстық?
-Қандай дене мүшелерімен барлығымыз атап өтейік?
-Дене мүшелерінің атқаратын қызметтері қандай?
-Деніміз сау болу үшін күнделікті немен шұғылдануымыз қажет?
-Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.
-Сондықтан мен сендерге марапаттау қағазын табыс етемін.
-Сау болыңыздар!

Дене мүшелерімен

Балалар дене мүшелерін атайды.

Бас-ойлау үшін.көз-көру үшін, мұрын –демалу, иіс сезу үшін,ауыз-сөйлеу,тамақтану үшін.
Деніміз сау болу үшін үнемі жаттығумен айналысып дене мүшелерімізді таза ұстауымыз қажет.
Рахмет

Сау болыңыз.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Адамның сыртқы және ішкі мүшелерін біледі
Қандай түсініктерді игерді: Тыныс алу мүшелерін өкпемен тура байланысты екенің түсінеді:
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Жеке басымыздың гигиенасы,дене шынықтырумен шұғылдану тыныс алу жолдарына жақсы әсер ететінің меңгерді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.