Сан және санау (1-ден 10-ға дейінгі сандарды санау)

 


Мектепалды даярлық сыныбының
жетекшісі: Қуатбаева Айдана Саматқызы

Мектепалды даярлық  тобы: 0 « ғ» сыныбы

ҰОҚ: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Сабақтың тақырыбы: Сан және санау (1-ден 10-ға дейінгі сандарды санау)

Сабақтың мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі тура кері санай білуге және «қанша», «сонша», «тең» деген  ұғымдарды  меңгертуді мақсат еткен сабақта балалардың зейінін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, дидактикалық ойындар арқылы балалардың ақыл ой белсенділігін тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс: Сұрақ –жауап, көрнекілікпен жұмыс, түсіндіру, ойын.

Көрнекілік: сандар, суреттер, қима қағазда, интерективтік тақта.

Сабақтаң барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар орындарынан тұрып (үш тілде қонақтармен сәлемдеседі)

Жылулық шеңбері.
Жақсы көрем әкемді,
Жақсы көрем анамды.
Жақсы көрем әпкемді,
Жақсы көрем ағамды.

Я люблю папу,
Я люблю маму.
Я люблю сестренку,
А также брата.

I love my father
I love my mother
I love my sister
And my big brother

 

Мұғалім:
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап.
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнді бастайық!.

Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

Өткен тапсырманы қайталап сұрау.

— Балалар! Біз сендермен 1-10 ға дейінгі сандарды өткен болатынбыз. Енді бүгінгі тақырыбымыз 1-ден 10-ға дейінгі сандарды санау. Сендердің білімдеріңді тексеру барысында үй құрастырамыз.

№1 тапсырма

Ондай болса геометриялық пішіндерді ата және көлемі бойынша орналастыр.

— Балалар, гоеметриялық пішіндерді үш тілде атап, көлемі бойынша орналастырады. Тапсырманы дұрыс орындағаны үшін үйдің қаңқасы (тіктөртбұрыш) қойылады.

№2 тапсырма

Сандарды ретімен және кері орналастыр (үш тілде санау)

Балалар, тура және кері санайды. Карточкалардағы цифрларды дұрыс орналастырады.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10  (1-ден  10-ға дейін тура)

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1  (10- нан 1-ге дейін кері)

Тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда үйдің шатыры қойылады.

№3 тапсырма

Жоғалған сандарды тап.

1 2   4   6 7   9  
1   3   5 6   8   10

Балалар жоғалған сандарды атап дұрыс орналастырады. Тапсырманы  дұрыс орындағандықтан үйдің есігін орнына қояды.

 

 

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қоссақ,
Болады екен он саусақ.
Оңға  қарай иіліп,
Солға  қарай иіліп.
Алға  қарай бір адым,
Артқа қарай бір қадым.
Бір отырып, бір тұрып,
Шынығып біз алайық.

 

Кинезиологиялық жаттығулар:

  1. Саусақтармен гимнастикалық жаттығулары
  2. Дене жаттығулары
  3. «Үй, кірпі,қол» жаттығулары
  4. «Құлақ-мұрын» жаттығуы
  5. «Сақина» жаттығуы.

 

 

№4 тапсырма

Көршісін тап. Карточкадағы жазылған сандардың алдыңғы артқы көршісін дұрыс табу.

Балалар, берілген карточкадағы тапсырманы дұрыс орындап үйдің терезесін орналастырады.

№5 тапсырма

Карточкадағы заттарды санап шыққан сандарды салыстыр.

 

Балалар, заттарды санап оң және сол жағындағы заттардың сандарын дұрыс жазып, тиісті таңбасын қойып салыстырады. Тапсырманы дұрыс орындағаны үшін түтікшені орнына қояды.

 

Қорытынды:

— Балалар бүгінгі сабақ сендерген ұнадыма?

— Қандай ойындар ойнадық? 1-ден 10-ға дейін тура және кері санап үйрендік пе? Балалар, үй геометриялық пішіндерден құралатынын түсінді.

Тапсырма орындау барысында  осындай үй құрастырып  үйрендік.

Бағалау: Балалар, сендер бүгінгі оқу қызметіне барлығың белсене қатыстыңдар.

(Жұлдызшалар таратылады)

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.