ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ (ХХ ғасырдың алғашқы ширегі)

Зиялылық және ұлт зиялысы
Ұлттың интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруда зиялылар
әлеуметтік күш ретінде аса зор рөл атқарады. Бұл тұжырымның шындықтан
алыс еместігін қазақ тарихынан, әсіресе оның ХХ ғасырдың алғашқы
ширегіндегі кезеңінен анық байқауға болады. Өкінішке орай, бұл тақырып,
яғни ұлт зиялыларының ұлтты және оның интеллектуалдық мүмкіндігін
қалыптастыру әрекеті тәжірибе ретінде терең талдауға алынды деп айту қиын,
анығырақ айтқанда кешеуілдепкеле жатқан іс. Осы ретте сол алғашқы буын
зиялылар қатарында болып, соңында терең іс қалдырған жеке тұлғалардың
пікірі мен тұжырымыдарына көңіл аудару қажет-ақ. Мақаламызды Мұстафа
Шоқайдың зиялылық пен ұлт зиялысы жөнінде жасаған талдауларына арнайы
тоқталудан бастағанымыз міне осы қажеттіліктен туындап отырғандығын
мойындаймыз.
«3иялы» бұл араб сөзі [1]. Оқыған, білімді азамат деген ойды білдіреді.
Яғни ол мағынасы жағынан орыс тіліндегі «интеллигент» сөзіне жақын. Ал
орыс тіліндегі «интеллигенция» сөзінің әлеуметтік жүгі бар. Ол басым түрде
қоғамдық өмірде өз орны мен ұстанымы арқылы танылған әлеуметтік күшті
еске салады.
Түп-төркіні еуропалық бұл сөзге ХІХ-ХХ ғасырлардағы орыс шындығы
дербес мазмұн және сипат берді. Ресейлік зерттеушілердің пікірінше қоғамдық
күш ретінде орыс интеллигенциясының шынайы қызметі XIX ғасырдың 60-шы
жылдары мен XX ғасырдың 20-шы жылдары аралығына тұс келеді [2]. Осы
тарихи кезеңде ол өсу, жіктелу және дағдарыс сатыларынан өтіп, социалистік
қоғам тұсында өзінің бұрынғы белсенді қоғамдық қызметінен ығыстырылды.
2
Белсенді қызметінің өрлеу тұсында ол қоғамдағы «үштіктің» (халық —
билік — интеллигенция) бірі ретінде мойындалды.
Қоғамдық көзқарасы ресейлік шыңдық жағдайында қалыптаскан М.
ІІІоқай тұжырымдарынан зиялылыққа байланысты Ресей қоғамындағы
ұстаным және пікірлердің ықпалын байқамау, әрине, мүмкін емес. Сонымен
бірге, зиялылар қызметіне қатысты оның талдауларына негіз ретінде сол
тарихи кезеңдегі түркістандық өмір алынғандығы да даусыз.
М. Шоқай түсінігінде «зиялылық» бұл нақты тарихи құбылыс. Басқаша
айтқанда, ұлт зиялысының қызметі ол өмір сүрген тарихи кезеңдегі елінің
мүддесімен өзектес, өзара үйлесімді болғанда ғана белгілі бір мәнге ие болмақ.
Сол сияқты «зиялыларсыз ұлтқа айналган саяси, әлеуметтік халық бұқарасы
бірлігі ешқашан болған емес» [3]. Яғни ұлт пен зиялы өзара органикалық
байланыстағы бірінсіз-бірі жок қоғамдық құбылыстар.
Міне осы арада мынадай жағдайды ескерген жөн. Ресей империясында
болып өткен 1917 жылғы тарихи өзгерістер және оның ізін ала 20-30-шы
жылдары жүргізілген түбегейлі кеңестік реформалық шаралардан соң осы
мезгілде зиялылар жүріп өткен жолды, олардың іс тәжірбиесін еркін талдауға
алған бірден-бір зерттеуші тұлға М. Шоқай болды. Сондай-ақ оның бұл
міндеті жоғары дәрежеде әрі адал орындап шыққанын атап айтқан жөн.
М. Шоқай өзінің «Ұлттық зиялы» аталатын мақаласында «зиялы» деген
ұғымга мынадай анықтама береді: «Ұлттық зиялы деп кімдерді айтамыз. Бір
қарағанда жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде бұл сұрауға дұрыс жауап қайыру
оңай емес. Оқыған, тәрбие көрген адамның бәрін зиялы деп атап, оны сол адам
өзі тән болған ұлттың «ұлттық зиялысы» қатарына қоса беруге болады деп
ойласақ, сөзсіз қателесеміз. Біздіңше, белгілі бір мұрат-мақсаттардың соңында
жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттары төңірегіне жиналған
оқымыстыларды ғана зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына
тек өз халкының саяси, экономикалык және әлеуметтік дамуына қалтқысыз
қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады [4].
М. Шоқай берген анықтамадан анық байқалып тұрғандай, бұл
әлеуметтік топқа жатқызуға болады деген кісінің білім дәрежесі немесе алған
тәрбиесі зиялылықтың басты өлшемі немесе көрінісі бола алмайды. М. Шоқай
түсінігінше зиялылықтың басты өлшемі оның қызметінің ұлт өмірінің негізгі
сұраныстарына сәйкес болуында, олармен үйлесімді жүруінде.
М. Шоқай осы аталған мақаласында «халық» және «ұлт» ұғымдарының
өзара айырмашылығына тоқталып, «халық бірін-бірі және өзін-өзі басқара
алмайтын, басқалардың басқаруында ғана болатын тобырлар», ал «ұлтбасқаларға тәуелді болмаған, өзінің мекемелеріне ие және өзінің бірыңғай
мүддесі бар халықтар жиынтығы. Философияның тұжырымдауынша, халық —
объект (object), ұлт — субъект (subject) [5], деген ойды білдіреді.
Міне осы халыктық сападан ұлттық сапаға өтуде аса зор міндет
зиялылар үлесіне тимек. «Халықты ұлт деңгейіне көтеру, яғни жері, суы,
қазынасы, тілі мен діні бір болған халық бұқарасын бірлестіріп, олардың
санасын біртұтас саяси, әлеуметтік, ұлттық санаға жеткізуде ұлы тарихи
3
міндеттің маңызды бір бөлігі зиялылардың үстіне жүктеледі [6], — деп
көрсетеді ол.
Қазақ халқының ұлт ретінде ұю процесі Ресей империясының
отаршылдық ұстанымдағы күштермен арпалысты идеологиялық күрес
жағдайында жүрді. Ал отарлау ісінде батыстық мемлекеттердің түрлі
құйтырқы әдіс-айласын әбден меңгеріп алған Ресей билігі қазақ қоғамын түрлі
идеологиялық құралдар арқылы илеу ісін XIX ғасырда-ақ бастап кеткен
болатын. Мұндай илеуге алдымен ұлттың билеуші тобы, әсіресе, орысша білім
алған алғашқы оқығандары түсті. Отарлаушы әкімшілік енді ғана
қалыптаса бастаған қазақ оқығандары мен шенеуніктер тобынан орыс
билігіне шексіз берілгендікті талап етіп қана қойған жоқ, сондай-ақ ол
берілгендігін күнделікті ісімен бекітіп отыруларын да бақылауға алды. Бұл
талапқа сәйкес келмеген қазақ оқығандары бірден қызметінен шеттетілді,
немесе қызмет сатысымен жоғары өсу мүмкіндігінен айырылды. Сондай күйді
ең алғашқылардан болып өз басынан кешіргендердің бірі Шоқан Уәлиханов
еді. Алған еуропалық білімін өз отандастарының тұрмыс жағдайы мен өмір
сүру салтын түзетуге жүмсамақ болған ол Атбасар округы бойынша аға
сұлтандық қызметке сайлауға түсіп, екі жақтың да (ресейлік әкімшілік және
қазақ сайлаушылары) қолдауын ала алмаған күйде сайланбай қалады. Осы
оқиғадан кейінгі өзінің көңіл күйін ол досы Ф.М. Достоевскийге жазған
хатында мынадай сөздермен білдірген еді: «Сен біздің (мен Ресейде тәрбие
алған қазақтар жөнінде айтып отырмын) жағдайымызды көз алдыңа келтіріп
көрші. Жерлестеріміз бізді жолынан жаңылған кәпір деп біледі, өйткені, өзің
де келісерсің, іштей сенім болмаған соң тек саясат үшін ғана күніне бес мәрте
Аллаға мадақ айту қиын, ал генералдар болса шығысқа тән мәймөңкелігім
кемшін болғандықтан да жақтырмайды. Шайтан алғыр, осыдан соң құла-дүзге
каңғып кеткің келеді [7].
Бұл хатты 1862 жылы жазған жиырма жетідегі Шоқанның алдында
бұдан да үлкен сындар күтіп тұрған еді.
1864 жыл орыс әскерінің Бас Штабы Шоқан Уәлихановты Орталық
Азияны Ресей құрамына қосу ісін біржола аяқтауға тиіс болған полковник
Черняев отрядына жергілікті халықпен ара қатынасты «жұмсартушы» міндетін
атқаруға тиіс офицер ретінде енгізеді. Тапсырылған міндетті адал орындап
келе жатқан Шоқан полковник Черняевтан Әулие-Ата қаласын бейбіт жолмен
алуды ұсынып, қаланы зеңбірекпен атуды тоқтатуды талап етеді.
Полковниктен дөрекі жауап естіп қорланған Шоқан отрядты тастап, Алтын
Емелдегі (Жетісу) Тезек төре ауылына жетіп, сонда 1865 жылы бақилық
болады. Сөйтіп зор ақыл иесі Шоқан да өмірінің соңына қарай туған елінің
отаршылдықтың ауыр қамытын кигелі тұрғанын көзімен көріп, жанымен
сезінеді [8].
Біздің тақырыбымызға байланысты бұл арада көңіл аударуға лайық
нәрсе интеллигент Шоқанның отарлаушы орыс әкімшілігі мен оның илеуіне
түсуден үрейленген қазақ қоғамы арасындағы жағдайы еді. III. Уәлиханов енді
ғана басталған осы екі қоғам арасындағы қатынастың бастапқы кезеңінде
4
толық табиғи да негізді белсенділік танытып, бүл екеуара қатынастан
халқының алар үлесінің молырақ болғанын қалап, осы мақсатқа құлшына
қызмет те жасады. Бұл ретте Шоқан казақ халқының демократиялық орыс
мәдениетіне деген ұмтылысы мен сенімінің жинақы көрінісі десе де болғандай
еді. Сонымен бірге Шоқан феномені осы кіршіксіз ұмтылыстың алғашқы
жемісі болумен бірге, оның алғашқы опық жеуі, яғни бұл процестің алдағы
ауыр салдарынан қауіптенуі, іш тартуы да еді.
Жоғарыда аталған «Ұлттық зиялы» аталатын мақаласында М. Шоқай
Шоқан тәжірибесіне тоқталып «Шоқан орыс (Батыс) халқының рухымен өз
халқын бақытты ету мүмкіндігін іздеді. Шоқан өзі басынан кешірген ащы
сабақтардан, қайғылы оқиғалардан кейін барып өз халқына өгей болып бара
жатқандығын сезінді [9], — деп жазды.
М. Шоқайдың Шоқан тұлғасына байланысты ой толғаулары негізінде
тарихилық (историзм) катынас жатты, яғни ол Шоқан өмір сүpreн тарихи
мезгіл мен өзі өмір сүрген уақыттың өзара байланысын, сонымен бірге
айырмашылықтарын да ескерусіз қалдырған жоқ еді. Осы ретте М. Шоқай
«Орыс миссионерлігі» атты мақаласында Шоқан тұлгасына тағы да оралып, Г.
Потаниннің естеліктеріне сүйеніп Пішпек пен Әулиеатаны алу кезінде орыс
әскерінің қазақ пен қырғызға, жергілікті халыққа жасаған қиянатының
Шоқанды терең күйзеліске, рухани дағдарысқа әкеліп тірегендігін айта келіп
«Шоқан Уәлиханов шынында орыс мәдениеті мен орыс билігінің миссионері
еді. Бірақ ол орыстардың өз халқына істеген хайуандығын көргенде оларға
қарсы шығуға батылдық жасай алмады. Шоқан Уәлихановты сынауға тек
біздің ғана құқымыз бар. Ал өздері орыс большевизмі мен орыс
диктатурасының миссионері болып отырғандардың құқы жоқ» [10], — деп
большевиктердің ұлт саясатымен ымыраға келуге мәжбүр болған қазақ партия
және кеңес қызметкерлерін сынға алады. «Біздің ғасырымыз, — деп жазды ол, —
Шоқан дәуіріне қарағанда мүлде басқа. Шоқан ол кезде жалғыз еді. Және оның
алдында халқын ұлт деңгейіне көтеру міндеті де тұрган жоқ болатын. Бұл
мәселені ойдан шығарып алған жоқпыз. Тарих пеп өмір қажеті, оянған
халықтың мағыналы түйсінулері осы бір маңызды міндетті біздің
алдымыздан шығарып отыр [11].
Сонымен М. Шоқайдың бұл жасаған тұжырымынан айқын аңғарылып
тұрғандай жаңа заманда зиялылардың алдында тұрған негізгі міндет — «халқын
ұлт деңгейіне көтеру» Бұл ретте оның алдында тұрған бастапқы міндет, әрине,
өз елін «жат үстемдіктің тепкісінен құтқарып өз мекемелеріне ие, тәуелсіз бір
жеке тұлғаға айналдыру», ал бұл мұратқа жетер жолда «ұлттық зиялы қауым
мен ол өзі тән болып отырған халық бұқарасы арасында бір ортақ сана болуы
тиіс» екендігін де айтады.
Өз ұлтын қалыптастыру жолында тұрган зиялылардың қызметі осы
заман сұранысына сай жалпыұлтгық мақсат-міндеттерді айқындау, «халықтың
тілегін дұрыс және анық бір формаға келтіру. аталған мақсатқа жету үшін іс
пен әрекет бағдарламасын жасау» болмақ.
5
Көріп отырғанымыздай, М. Шоқайдың зиялылық пен зиялылар
қызметіне байланысты жасаған талдаулары мен тұжырымдарының негізінде
ұлтшылдық идеясы(жағымды мағынада)жатты.
XX ғасырдың басында қалыптасқан қазақ және Түркістан ұлтшылдығы
осы тарихи мезгілде жалпы шығыс елдерінде көрініс тапқан ұлтшылдық
идеологиясымен тамырлас және өзектес, толық табиғи, өмірлік негізі бар
қуатты құбылыс болатын [12]. Қазақ ұлтшылдығының жинақы көрінісі болған
Қарқаралы петициясында, (1905) мәселен, мынадай талаптар қойылды: ішкі
ресейлік губерниялардан қазақ жеріне жаппай қоныс аударушылық тиылсын,
жергілікті халық орналасқан жерлер олардың Заңды меншігі екені
мойындалсын, діни сенімдерді атқаруда, оқу-ағарту жүйесін жүргізуде
халықтың мүддесіне қайшы келетін шектеулер жойылсын, қажет көлем және
деңгейде қазақ мектептерін ашуға қарсы кедергілер болмасын, қазақ халқының
мұң-мұқтажын еркін талқылауға мүмкіндік туғызатын құрал-цензурасыз газет
шығаруға және баспахана ашуға рұқсат берілсін [13].
Қазақ ұлтшылдығы, кейінірек кеңестік идеологтар дақпыртқа
айналдырғандай, өмірде болмаған қазақ «буржуазиясының» мүддесін
қорғайтын, агрессияшыл ұлтшылдық емес-тін. Қазақ ұлтшылдығының өзекті
жібі, діңгекті ойы «менің ұлтым өзгеден ерекше, артық» сияқты мазмұндағы
ұран болған жоқ. Ол елім деген қазақтың оқыған азаматының надандық пен
отарлық езгінің құрсауында тұншыққан жұртын азаттыққа шығару, өзгемен
тең ету жолындағы қызметке әзірлігін білдіретін шешімі және осы мақсат үшін
күреске шақырған үндеуі болатын. Қазақ ұлтшылдығының концептуалдық
деңгейде және жалпыадамзаттық құндылықтар арнасында қалыптасып, оны
ұлт зиялыларының сенім және күрес қаруы дәрежесіне жеткізу ісінде Әлихан
Бөкейханов жетекші рөл атқарды. Оның бұл қызметін тіптен қарсыластары да
мойындады. Сондай опоненттерінің бірі Бақытжан Қаратаев Бөкейхановқа
1910 жылы 3 қыркүйекте жолдаған хатында: «Меніңше, жалғыз сен ғана
халықтың ықыласына лайықсың. Жалғыз сен ғана халқым үшін қызмет
жасадым деп айтуға хақылысың» [14] — деп жазды.
Сонымен бірге, мәселеге байланысты біржақтылыққа ұрынбау үшін Б.
Қаратаев білдірген пікірге мынадай мазмұндағы кішкене анықтау енгізген де
артық бола қоймас. Қазақ ұлтшылдығының жалпы қазақ оқығандарының
сеніміне айналып, нақты күш дәрежесіне көтерілуіне 1909 жылы жарық көріп,
үлкен бедел және ықпалға ие болған мынадай үш бірдей кітаптың маңызын
бөліп атаған жөн. Олар Петербургте жарық көрген Абайдың өлеңдер жинағы
мен Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысалы» (Крылов шығармаларының
аудармасы) және Уфа қаласында жарық көрген Міржақып Дулатұлының «Оян,
қазағы!» еді. Бұл аталған кітаптардың жаңа мазмұндағы қазақ коғамдық
ойының қалыптасуына жасаған ықпалын асыра бағалау мүмкін емес. Олардың
артын ала өмірге келіп, бірден жалпыұлттық деңгейге көтерілген «Айқап»
журналы (1911-1914) мен «Қазақ» газеті (1913-1918) қазақ ұлтшылдығының
көзқарас және ұстаным ретінде біржола калыптасуын қамтамасыз етті.
Қорыта айтқанда, XX ғасырдың басында, яғни М. Шоқай белсенді
қоғамдық қызметке араласып, Ресей мемлекеттік думасы жанындағы
6
мұсылмандар фракциясына хатшылық қызметке тұрғанда (1914) қазақ
зиялылары арасында қазақ ұлтшылдығы көзқарас және ұстаным ретінде
біржола қалыптасып қалған еді. Міржақып Дулатұлының 1921 жылы «Шынын
айтқанда, күні кеше бәріміз де ұлтшыл емес пе едік? Қазақ оқығандарының ең
әуелгі тобы ұлтшылдар емес пе еді?… «Мен әлімсақтан бері коммунист едім…
мен 1905 жылдан бері партияда едім…» деушілердің ертегісі біздің
құлағымызға кіріп те шықпайды. Ат сыры иесіне мәлім. Біз білмейтін
қазақтың сыры жоқ! Ал ұлтшылдарымыз қанша еді? Шын ұлтшылдың өзі аз
еді. Ұлтшыл еместердің көбі өзімшіл, дәреже құмар, парашыл, шағымшыл,
зорлықшыл еді» [15], деген сөзі тура осы мезгілге тән ақиқат болатын.
М. Дулатұлының бұл пікірінің жалпы түркістандық шындыққа да сәйкес
келетіндігін Мұхамеждан Тынышбайұлы да қуаттайды. Ол 1932 жылы ОГПУ
тергеушілеріне берген жауабында кеңестік биліктің алғашқы жылдарына
байланысты «Түркістан коммунистері осы сөздің мазмұнына лайық дәрежеде
коммунисте» болған жоқ еді, ол кезде коммунистердің бізден (яғни
ұлтшылдардан-авт.) айырмашылығы да тым аз-тын, сондай-ақ олардың
идеологиясы да біздің идеологиямыздан көп өзгеше емес-тін [16], деген негізді
пікірді ашық та анық білдірген болатын.
Дегенмен, кеңестік билік біржола орныққаннан кейінгі уақытта
ұлтшылдық идеологиясының ықпалы да мүлдем тарыла түскендігі мәлім.
Қазақстандағы және басқа Түркістан республикаларындағы социалистік
құрылыс тәжірибесі көрсетіп бергендей, кеңестік билік өзінің алғашқы
күндерінен-ақ ұлтшылдық ұстанымындағы ұлт зиялыларын «халықты ұлт
деңгейіне көтеру» ісінен біржола ығыстырып тастаған болатын. Ұлт
зиялылары жөніндегі өзінің еңбектерін 30-шы жылдары жазған М. Шоқай
отанындағы мұндай жағдайдан хабардар ма еді? — деген сауалдың тууы әбден
мүмкін.
М. ІІІоқай, әрине, кеңестік Түркістандағы жергілікті ұлт зиялыларына
қарсы жүргізіліп жатқан репрессиялық шараларды білді және мұндай саясатқа
деген шексіз наразылығын тез арада үлкен жігермен білдіріп отырды. 1931
жылы ол өзінің басшылығымен Берлинде шығып тұрған «Яш Түркістан»
журналының 15 санында «Ақ-Қызыл» деген мақаласын беріп, онда
«большевиктер Түркістанда орыс үстемдігінің екінші бір дәуірін» бастап кетті,
ендігі уақытта «біздің ана тіліміз ұлы орыстың рухани мәдениетін таратушы
техникалық құралдың» рөлін ғана атқаратын болады» деген тұжырым
жасайды.
Міне осы мақаласында М. Шоқай кеңестік биліктің мәдениет
саласындағы саясатын бірнеше бағытта сынға алып, жергілікті мәдениеттің ірі
тұлғалары — зиялылардың жағдайына тоқталады. Бұл ретте ең алдымен М.
Шоқай сынына ұшыраған «түрі — ұлттық, мазмұны — пролетарлық» аталатын
социалистік мәдениеттің іргелі принципі еді. Ол бұл қағиданы орыс емес
халықтарды орыстандыру ісінде колданылатын қулық-сұмдықтардың «жаңа
формуласы» ретінде бағалады. «Асылында, — деп жазды ол, — халықтың рухани
дүниесі (мәдениеті) біртұтас нәрсе. Оны «мазмұнға» және «формаға» бөлуге
болмайды. Кез келген рухани мәдениет өзінің мазмұнымен айқындалады.
Пушкин, Тургенев, Толстойлар жасаған «ұлы орыс тіліне» большевиктер
өздері ғана табынып қалмастан, барлық империя халықтарын да бас июге
үндеп отырғандықтарын айта келіп, ол «Пушкин дворяндар» тобына жатады.
Тургенев те қыруар мүлікке ие жоғарғы жікке тән болатын. Толстой болса
асқан бай «граф» еді. Орыстың осы аттары аталған ақын-жазушылары жасаған
ұлы әдебиеттің іші де, сырты да ұлттық болды. Онда пролетариаттың иісі де
жоқ…» , — деп жазды ол.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.