«Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру»

Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасы Н.Ə.Назарбаев халыққа осы уақытқа дейін 4өптеген жолдаулар жолдаған болатын. Солардың бірі «Қазақстан-2050»жобасы. Өздеріңіз білетіндей болашаққа қойған мақсатымыз айқын, яғни, ол — әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Қазіргі таңда еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болуы үшін бірқатар ауқымды жұмыстар қолға алынуда.
Заман талабына сай білімді болуымыз керек. Мемлекет басшысы да білімге құштарлықты арттыруға ерекше мəн бе- румен қатар, бəсекеге қабілеттілік, сондай-ақ сананың ашықтығы жайында, өткеннен сабақ ала отырып, болашаққа нық қадам жасай білуге шақырды.
«Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» — деп президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев пікір білдіргендей, тарихтың шаңына емес, келешектің қойнауына бой ұсынған абзал.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында таяу жылдардағы орындалатын мідеттерді атап көрсеткендей: 1. Қазақ тілін біртіндеп латын əліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау; 2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы; 3. «Туған жер» бағдарламасы; 4. Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»жобасы; 5. «Жаһандану замануи Қазақстандық мəдениет» жобасы; 6. «Қазақстандағы 100 Жаңа есім» жобасы. «Біздерге қазіргі заманғы жəне болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет» — деген болатын. Осы жобалардың ішіндегі бірегейі «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу. Бұл бағдарламаны қолға алудағы басты мақсат қандай? Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім беру, яғни, білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау.
Сатыбекова Айым Маратовна,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Филология және әлем тілдері факультетінің Қазақ тілі әдебиеті кафедрасының
1 курс студенті.
Фатима Ақынбаевна Қозыбақова,Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих және археология, этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, ғылыми жоба жетекшісі

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.