Оқушылардың математикалық қабілетін дамыту

Түйін: Математиканы оқытудың негізгі мақсаттарының бірі адамның ойлау, ой тұжырымдау, абстрактілі нысандармен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту екендігін көрсету.
Кілт сөздер: интернет, логика, АКТ
Қоғамның ой-санасының өсуі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, әлемнің өркениетті елдерінің қатарына қосылуы жаңа заман жастарынан жаңашылдықты, ізденімпаздықты талап етеді. Бұл орайда математика пәні басты мәнге ие. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған мәселелер аз емес. Солардың бірі – оқушылардың логикалық ойлау ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру.
Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш-қуаты мен сенімін арттырып, қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.
Математика мектеп курсының негізгі пәндерінің бірі бола отырып, үлкен техникалық прогреске байланысты ерекше мәнге ие болды. Математикалық әдістер және математикалық ойлау стилі адамның барлық өміріне енеді. Егер бұрын ерекше дарынды балаларды іріктеу туралы сөз қозғалса, онда кең математикалану салдарынан бұқаралық мектепте математикалық қабілеттерді диагностикалау қажеттілігі пайда болды.
Математика бойынша тереңдетіп оқытатын сыныптар 8-11 сынып оқушылары үшін құрылатынын, ал дарынды балаларды дамыту бойынша жұмыс осындай балаларды «жоғалту» қаупі бар 5-6 сыныптарда басталуы тиіс. Осы жерден математикаға жоғары қабілеттілікті көрсететін оқушыларды дер кезінде анықтау туралы сұрақ туындайды.
Қабілеттер мәселелерін зерттеуге белгілі психологтар Б. Г. Ананьев, С. Л. Рубинштейн, Н. Ф. Талызина, Б. М. Теплов, В. Я. Шадриков және т.б.елеулі үлес қосты.
Психологтардың көпшілігі белгілі бір қызметті тез және жеңіл меңгеруге, үлкен табысқа жетуге мүмкіндік беретін жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері деп санайды.
Әрбір оқушы математикаға сауатты болуы үшін төмендегі мақсаттарды жүзеге асыру тиіс:
1. математика іс – әрекет сипатына сай логикалық ойлауды қалыптастыру;
2. математикалық білімді игеру мақсатында тәжірибеде қолдану;
3. болмысты, табиғат пен қоғамды тануға қажет математиқалық мазмұнда ойлап, сөйлей алуы қажет;
4. қойылған сұраққа немесе есептің жауабына дәл (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу;
5. қоғамдық өмір практикасында қажетті математикалық ойлауды қалыптастыру.
Солардың бірі — балалардың шығарамашылық іс-әрекетке бейімдеу мақсатын көздейтін, «Атамұра» баспасы бойынша оқулықта жасыл түсті қоршауға, ал «Алматыкітап» баспасы бойынша әр сабақта қалыптан тыс және қызықты жаттығулар, шығармашылық деңгейге арналған логикалық есептер, тапсырмалар беріледі. Ол жаттығулар негізінен балалардың логикалық ойлау қабілетін, ақыл-ойын дамытуды көздейді. Ондай жаттығуларды орындау барысында оқушылар мазмұнға сәйкес объектілерді бақылайды, байқайды, салыстырады; сондай-ақ әр алуан ақыл-ой іс-әрекеттерін орындайды, практикалық жұмыстар жүргізеді, зерделілік білдіреді, ізденеді, болжам айтады және оны негіздеп беруге немесе дәлелдеуге талпынады, математикаға деген қызығушылығын, ынта-ықыласын тудырады.
Шығармашылық жұмыстар математикалық біліммен қатар күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты болғаны дұрыс. Сондықтан есептерді оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негіздеймін. Баланың ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту барысында олардың логикалық есептер, кестелер, суреттер, ребустар, сөзжұмбақтар, анаграммалар, оқулық-дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады. Нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері жетіледі. Оқушылардың математика сабағында шығармашылық қабілеттерін дамытудың стратегиялары өте көп. Ол іс-әрекеттер оқушыларды еркін ойлауға, ақыл-ойын дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға талпындырып, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеуге, басқаларды тыңдай білуге, қарым-қатынас жасауға, ел алдында өз ойын еркін айтуға мүмкіндік береді. Шығармашылық ізденіс, талдау және т.б. есептерді шығару, талдау жұмыстары жеке – жұппен – топпен атқарылады. Бұл кезеңнің оқушыға қоятын талабы жоғары. Сондықтан да оқушы сапалы білім мен шығармашылығын ұштастыра білу керек. Мектептегі оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамытуда математика курсының алатын орны ерекше. Сонымен қатар, дарынды балалардың математика сабағында жаңа ақпараттық технологияны, интернет жүйесін қолдануы, шығармашылық ізденістері өзіндік қабілеттерін ашып қана қоймай, жеке бір салаларды дамытады.
Осындай ой шеберлігін шынықтыратын тапсырмалар арқылы тың жаңалықтар да ашуға болады. Ол үшін мұғалім ізденіске жетелейтін зерттеу тақырыптарын беруі керек. Оқушылар арасында математика саласындағы шығармашылық сайыстарын ұйымдастырып, практикалық жұмыстарға қатысу, пән бойынша олимпиадаларға, Online олимпиадаларға, әртүрлі конкурстарға қатыстыруы керек.
Дарынды оқушыларды шығармашылыққа дайындаудың негізгі мақсаты: шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы шығармашылық ойлау, танымдық қабілетін дамыту болып табылады.
Аталған жұмыстарды ұйымдастыру оқушылардың өз бетімен ізденуіне жəне өз бетімен ізденуіне және өздерінің логикалық ойлау тұрғысынан шығармашылық жұмыстарын жүзеге асыруларына мүмкіндік береді.
Біз ақпараттық қоғамда өмір сүретін жеке тұлғаларды тəрбиелеп жүргенімізді міндетті түрде ескеруіміз қажет.
Шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті жеке тұлғаны қарым-қатынас арқылы дамыту ғана емес, математиканы компьютерлік технологиясымен сәйкестендіре отырып, келешекте өз өмірлерін өнермен байланыстыра білген жан-жақты дамыған шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу ең басты фактор болып табылады.
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.

Қорытынды: Мен өзімнің шығармашылық жұмысымды қорытындылай келе, мұғалім – оқушының жеке тұлғалық және зияткерлік дамуын жобалаушы екендігін айтқым келеді. Бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеуді, олардың ізденімпаздық дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағыттарын талап етеді. Шығармашылық —бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Әбілқасымова А.Е., Көбесов А.К., Рахымбек Д., Кенеш Ә.С.
«Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі». Алматы
«Білім» 1998ж
2. Дүйсенбекова «Оқушылардың танымдық әрекеттерін дамыту».
Бастауыш мектеп №10. 1999ж.
3. Ю.К.Бабанский «Выбор методов обучения в средней школе». — М: Педагогика, 1981
4. Парфенов П.А. «Использование логики в системе правовых знаний». М., 1987.
5. Тұрғынбаев Ә. «Логика» А., 2000.
6. Бабаева,Ю.Д. Психология одаренности детей и подростков.// Лейтес,Н.С.- М.: Академия,1996.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.