«Аң стилі» – Ұлы даланың ТЕҢДЕССІЗ ӨНЕРІ Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру «Аң стилі» шығармашылығын дамыту.

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
№17 ЖОББМ
бастауыш сынып мұғалімі
Баяхметова Жанат Назарбековна

«Аң стилі» – Ұлы даланың ТЕҢДЕССІЗ ӨНЕРІ
Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылық қасиеттерін
қалыптастыру «Аң стилі» шығармашылығын дамыту.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі десек болады.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды», – деп жазды.Осыған орай Қазақстан Республикасы «Білім туралы заңында» жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқылығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Яғни, бала қозғалысы дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек. Оқушыларда эстетикалық сезімді дамытып,арнайы термин-дермен сөздік қорын байыту. Аң стилі. Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ор¬та¬мен етене өмір сүріп, өздерін таби¬ғат¬тың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл бас¬ты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы ме¬кен-деген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Олардың мұрасының жарқын көрі¬ні¬сі, көркем болмысы мен рухани бай¬лы-ғы¬ның айшықты белгісі – «аң стилі өне¬рі».
Жануарлар бейнесін тұрмыста пай¬далану адам мен табиғаттың өзара ба鬬ланысының символына баланып, көш¬пенділердің рухани бағдарын айқын¬дап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мы¬сық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қол¬данған. Егемен Қазақстанның сим¬вол¬дарының бірі – жергілікті жануарлар әле¬мінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың ай¬рықша жоғары өндірістік тәжірибесі бол¬ғанын көрсетеді. Олар оюлап кес¬кін¬деуді, металмен жұмыс істеудің тех¬никасын, соның ішінде, мыс пен қоладан бал-қымалар жасаудың және құймалар құю¬дың, жайма алтын дайындаудың күр-делі әдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнер-дегі биік белестердің бірі саналады.
Оқушылармен «Аң стилі өне¬рі» концепциясы жасау жұмысында берілген табиғи затты,үлгіні немесе суретті үнемі талдап отыруды қажет етеді.Оқушылар оларды дайын бұйыммен салыстырады.Арнайы әзірлеп қойған аңның суреттеріне қарап заттың ерекшеліктерін анықтап, осының негізінде істелетін жұмысты жоспарлауға үйрету.Бұл еңбек түрінің өзгешелігі оның табиғи қоспа (тұзбен ұнның)бейнелеу өнеріне жататындығында, еңбек ету барысында оқушыларға эстетикалық тҽрбие беріп, заттар мен қоршаған орта құбылыстарын бейнелей білуге үйретеді Қолдан ұсақ-түйек заттарды жасау балалардың ең жақсы көретін шығармашылық жұмыстары. Мұндай жұмыс балалардың қиялдарын, «Аң стилі» атқа басқада жануарларға қарап және елестету арқылы, сазбалшықтың және басқа да материалдардың бүтін бөліктерін соза отырып, , түрлі пішіндегі, көлемдегі жануар, құстардың модельдерін қарапайым геометриялық пішіндер негізінде қалыптастырып «Аң стилі» концепциясын дамытып нәтиже көрсетті. Жақсы таныс затты елестету арқылы жасау, балалардың зат туралы білімін бекітіп,есте сақтау қабілетін жаттықтырып, жинаған тҽжірибесін жұмыста қолдануға мүмкіндік туғызады.Сонымен бірге қарапайым композицияны елестету арқылы илеу,берілген тақырыпқа үлгі жасау балалардың шығармашылық талпынысын ашып,кеңістікте бағдарлауларын қалыптастырады. Сыныбымыздың бір бұрышын оқушылар өздерінің қолдарынан шыққан «Аң стилі» табиғи қоспаның көмегімен жануарларды мүсіндеп толықтырып аса зор жетістікке қол жеткізді. Өздері жасаған шығармашылықтарына сүйіспеншілікпен қарап, кіші жас ұрпаққа үлгі боларлық естелік қалдырды.Ата — бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санағанын олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі — «аң стилі» өнері екенін әңгімелеп айтып бере алады.
Оқушылардан күтілген қасиеттер:
1.Саусақтардың және қол буынының жақсаруы;
2.Жалпы қимыл- қозғалыстық белсенділіктің артуы;
3.Қол және көз, қозғалысының үйлесуі және нақтылығының жақсаруы;
4. Әңгімелеу,сөз бен сөзді байланыстыра отырып бір-біріне көмектесуі.
5. «Аң стилі» концепциясы дамыту мақсатына жетуі.
Бұл әр адам бойындағы тәжірибелік қабілет нышандарының физиологиялық және биологиялық ерекшелігіне байланысты екенін білдік. Адамның белгілі бір тәжірибеге деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Жалпы алғанда, болашақ жас ұрпаққа сапалы да саналы білім беру мен тәрбиелеу барысында, олардың бойында қалыптастыру мен ары қарай дамыту жолдарын табу қажет. Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта оқыту Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі. Әрбір мұғалімнің басты міндеті — оқушының жеке басының қасиеттерін,қабілеттерін дамытып,талантын,шығармашы-лығын ашу.
Қорыта айта келгенде атам қазақ: «Алуан, алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын», — дегендей әр адамның өзінің қабілетінің салаларына қарай дара айырмашылығы да алуан болып келетінін жоғарыдан білдік. Біздің байқағанымыздай тәжірибелі қабілетті адамның бірі – зеректілігімен, екінші біреуі байқағыштығымен, үшіншісі ақылдылығымен, ал төртіншісі іскерлігімен байқалады.Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін,ұлттық құндылықтарымызды,сана сезімдерімізді рухани қазынамызды жалғастыру, дәріптеу бүгінгі ұрпақ еншісінде. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!» — деп ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен аяқтаймын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.