Т дыбысы және әрпі
БҚО,Орал қаласы
Д.Қонаев атындағы
№44 мектеп-гимназиясының тәрбиешісі
Батырова Айсара Утебаевна
Тобы:Мектепалды даярлық О в
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу
Тақырыбы: Т дыбысы және әрпі
Мақсаты:0.1.1.2Өткен дыбыстарды қайталау,зейінін бақылау.
0.1.2.2 Жаңа Т дыбысымен таныстыра отырып,сөздер,сөйлем құрауға және дұрыс буынға бөлуін қадағалау.
0.1.4.1.Қолдарын әдемі жазуға тәрбиелеу және қызығушылығын арттыру.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбер
Қонақ куту салтымыз Оқып,біліп жатырмыз Келген қонақ сіздерге Сәлем бердік жалпымыз Жалқаулықты тастаймыз Оқу қызметін біз бастаймыз Білім жолы сара- жол, Қиындықтан қашпаймыз |
-Балалар қайталап айтады
|
Іздену-ұйымдастырушы | Дидактикалық ойын «Көңілді күн»
Шарты:Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты қайталау. -Балалар,бәріміз тақтаға қарайықшы.Біздің күнімізді қара бұлттар торлаған.Балалар сіздер күніміздің жарқырап,сәуле шашқанын,көңілді күнге айналғанын және де бүгінгі күніміз сәтті болғанын қалайсыздар ма? -Ол үшін балалар мен сендерге сұрақ қоямын,сол сұраққа толық әрі нақты қол көтеріп жауап берсеніздер.Сол кезде қара бұлттар көшеді. -Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? -Әріп дегеніміз не?Әріпті біз не істейміз? -Дыбыстар нешеге бөлінеді ?қандай түспен белгіленеді? -Алма сөзінде неше буын бар? -Сауат ашу пәні нені үйретеді?
-Жарайсың,балалар өткен тақырыптарды жақсы меңгерген екенсіздер. -Балалар мен сіздерге бүгінгі өтетін жаңа әріпке байланысты жұмбақ жасырғым кеп тұр.Шешеміз бе? Ендеше бәріміз мұқият тыңдаймыз 1.Өзі айлакер өзі бір қу Жүрген жері айқай шу 2.Киелі бір жануар Үстінде екі тауы бар 3.Шыр-шыр етеді Құлағыңнан өтеді Ұстай алсаң, Сөйлеп кетеді -Дұрыс-ақ.Осы түлкі,түйе,телефон сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр. -Біз бүгін Т дыбысы және әрпімен танысамыз.Оны біз қандай текшемен белгілеміз?Ендеше алдарыныздағы қалақшаларды алып түсін көрсете қойыныздар Тағы Т әрпінен басталатын сөздерді айтайықшы.Торт,Тақия.Тиын,Тасбақа Тақтаға 3 сандықтың суреті ілінеді. 1-сандық.Т Дыбысы сөздің басында кездеседі 2-Сандық Т дыбысы сөздің ортасында кездеседі 3-Сандық Т дыбысы сөздің ортасында кездеседі Т әрпін тақтадан салып көрсету,ауада жазу. Сергіту сәті. Торғай торғай торғайсың Таяу келіп қонғайсың Жем шашайын тойып ал Сонда аязға тоңбайсың Жазу орталығы- 1 топ Жазбаша Т әрпін салады. 2-топ Тал,Тас сөздерін жазады. 3-топ.Дыбыстық талдау жасайды. Оқу орталығы- Кітаппен жұмыс Пікір алмасу сұрақтары.. Кітапхана дегеніміз не?
Кітапхана мен дүкеннің қандай айырмашылығы бар? Кітап беретін адамды кім дейміз? Бұл кітаптар не туралы деп ойлайсың? Сен қандай кітапты таңдар едің? Еңбек орталығы 1-топ-Тақияны қазақи ою-орнектермен жапсырады 2-топ.Тортты сәндейді 3-топ.Табиғат бейнесін жасайды |
-ия,әрине
-42 -Көреміз,айтамыз,жазамыз
2 дауысты,дауыссыз
-2 Әріптерді,буынға бөлуді.Сөйлем кұрауды
-ия
-Түлкі
-Түйе
-Телефон
-Т
-Көк текшемен
-Түлкі,түйе,телефон
-Кітап,Отбасы
-Ат ,Сағат
-Кітаптар жинақталған қор -Бар.Кітап дүкенінен біз кітапты сатып аламыз
-Ою орнектерді жапсырмалайды -Тортты сәндейді -Табиғат бейнесін жасайды. |
Рефлексивті-Коррекциялаушы | -3 Құмыра болады.Сыртында Жаксы,Орташа,Жаман смайликтер бейнеленген.Топтар гулдің сабағына стикер арқылы жапсырып, бағалайды қорытындылайды. |
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі.Т дауыссыз дыбыс екенін,сөздің басында ортасында соңында кездесетінін
Баланың меңгеруі;Буынға бөледі,дыбыстық талдау жасайды,жазады
Баланың жасай алуы.Шығармашылықпен жұмыстанады.