Мемлекеттік рәміздердің тарихи мәні

Алматы қаласы
Түрксіб ауданы
№32 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Имашева Анар Ануарбековна

Мемлекеттік рәміздердің тарихи мәні.
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы- білімді де саналы, тәрбиелі ұрпақ. Ел келешегі бала тәрбиесінде тікелей байланысты болған соң сөз басында бабамыз әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берген білім үлкен қасіретке әкеліп соғады» деген пікірін ескере келе, тәрбиенің бір ажырамас бөлігі- елжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық туралы, оларды қалыптастыру жолдары туралы баяндағым келеді. Осы үш қасиетті бойына сіңірген рухта тәрбиеленген бала ертеңгі еліміздің іргесін ілгері ұстамақ. Өз Отанын сүйетін шәкіртіміз ертең елдің қорғаны, мәдениетіміз бен өнердің жалғастарушысы. Шәкірттеріміздің бойында отаншылдық қасиетті дамыту үшін елдің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті тәрбиелеу қажет.
Мемлекеттік нышандардың дүниеге келуі жаңалық емес, олардың бастауы сонау ерте түрік заманынан басталған, елдің елдігін дәлелдеп, рухын көтеру үшін ата- бабамыз көк бөрі бейнеленген байрағын көтеріп, айбат шегіп, жауының бетін қайтарған, жазу-сызу болмаса да таңбасын тасқа ойып жазған. Ерте заманда-ақ әр елді оның бейнелеушісінің жеке белгісі арқылы танитын болған.
Жетпіс жылдан астам уақыт желбіреген Кеңес өкіметінің қызыл туы, осы өкімет үшін жанын қиғандардың қанына малынған деген рухта бәріміз тәрбиеленгенбіз. Кешегі Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан талай жауынгер, жаудан тазарған жердің әрбір тіліміне қызыл туды тігіп, желбіретті. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік нышандар тарихы да ел тарихының ажырамас бөлігі. Ол да халық тағдыры туралы сыр шертеді. Еліміздегі жаңа қабылданған Гимн мен ел тарихында ерекше орын алған 1992 жылы қабылданып бекітілген мемлекеттік нышандар еліміздің ажырамас бөлігі. Олардың Қазақстан азаматтарының өміріндегі алатын орны ерекше. Келешек ұрпақтың бойында мемлекеттік рәміздерге деген құрметті ояту және сіңіру ұстаздардың міндеті.
Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдері бар- бірлесіп, кереге-уықтай кіргізіп, күш-жігержұмсап аяғынан тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отауымыз- тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей болады да тұрады. Елтаңба композициясын құрап тұрған келесі бір құрамды бөлік- ай мүйізді, алтын қанаттықос пырақ бейнесі. Жалпы тыныс- тіршілігіміздегі, мәдениетіміз бен өнеріміздегі жануар біткеннің төресі- жылқы түлегіне қатысты ерекшеліктеріміздің бәрін шолып өтудің өзі оңай емес. Өйткені ол біздің ұлттық сана-сезіміміз бен тіршілік салтының ажырамас бөлігіне айналған.
Елтаңбадағы назар аударатын белгілердің бірі маңдайдағы бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып, ілесетін ниетіміз бар дегенді меңзейтін бес бұрышты жұлдыз бізге бұрыннан таныс. Бес бұрыш формасы күлтегін ескерткіштерінде де қолданылған. Аспан денелерін, әсіресе, күн мен айды, одан кейін жұлдыздарды кие тұтатын халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген ниетпен асыл зеңгір көк нұрдың қосылуы мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіріп, беделдендіріп тұр. Жалпы қай жағынан алғанда да кемел келісім тапқан Елтаңба- елімізді танытар белгі екені анық.
Гимн- асыл қазына. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар қып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес. Ел басшылары ресми сапарларының беташары болатыны да содан. Музыка халықтың жан даусы десек, әсем Гимнның халқымыздың ұлттық мінезі, асыл аңсары тәңірлік тілмен төгіліп жатуы қандай ғажап !
Біз осындай көркем, әсем, мағыналы рәміздерімізді сақтап, сол рәміздерімізді мақтан етуіміз керек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.