Жиын дегеніміз не?

Пән:математика

Сынып:1

Мектеп: 71 ж.о.м.
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Құрбанбаева Маржан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Жиын дегеніміз не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

1.4.1.2. Жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:  Жиындарды элементтерінің белгілері  бойынша құрастырады және жіктейді.

Көптеген оқушылар:

Жиындарды элементтерінің белгілері бойынша салыстырады.

Кейбір оқушылар: Жиындардың ортақ белгілері бойынша жиын құрастырады және  атайды

Жетістік критерийлері -Жиын элементтерін атайды.

-Элементтердің ортақ белгілерін анықтайды.

— Ортақ белгілері бойынша жиын құрастырады

Тілдік  мақсаттар Жиын,элемент

Диалог: -Жиын деген не?

-Заттардың ортақ белгілері деген не?

-Жиынды қалай құраймыз?

-Жиынды қалай жіктейміз?

Құндылықтарды дарыту

 

Мәңгілік Ел патриоттық актісі.

 Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір – тағдырымыз ортақ.

Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мың жылдықтарға жалғасады

 

Пәнаралық байланыстар  Дүниетану және күнделікті өмірмен байланыс
АКТ қолдану дағдылары Осы сабақта оқушылар қандай АКТ дағдыларын дамыта

алатынын көрсетіңіз 

Алдыңғы меңгерілген білім

 

Заттарды ортақ белгілері бойынша топтастыра алады және атайды
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

 Ұйымдастыру кезңі

(ҰЖ) Шаттық шеңбері:

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып-білім аламыз.

Математиканы игеріп,

Біз білімді боламыз.

(Ж.Ж.) «Ғажайып қоржын» әдісі

 

 

Мақсаты: оқушылардың сабаққа ынтасын ояту және қызығушылығын арттыру.

1-топ: «Жемістер»

2-топ: «Көкөністер»

3-топ: «Доптар»

4-топ: «Ойыншықтар»

(Т.Ж.)Әр топтың атауындағы тапсырманы топпен орындайды.

 

Тапсырмалар:

1.Жемістерге нелер жатады?Олардың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?

2.Көкөністерге нелер жатады?Олардың қандай пайдасы бар?

3.Доптардың денсаулықты нығайтуға қандай үлесі бар?

4.Ойыншық ойнаудың пайдасы бар ма?

Дескриптор:

-Жемістердің атын және пайдасы туралы айтады.

-Көкөністердің атын және пайдасы туралы айтады.

-Доптың дене шынықтыру үшін пайдасын айтады.

-Ойыншықтарды ұқыпты пайдалану керектігін айтады.

 

ҚБ. Жұлдызшалар тарату арқылы бағалаймын

 

«Миға шабуыл»

-Балалар, біз топқа қалай бөліндік?

-Таңдап алған ойыншықтарымыздың ортақ белгісіне қарап бөліндік.

-Ортақ белгісі бар заттар жиынтығы қалай аталатынын білу үшін тапсырмалар орындайық:

Жаңа сабақ:(ТЖ) «Сандар сөйлейді» әдісі

Мақсатым: оқушыларды топта ойласа отырып,ортақ шешімге келе білу дағдыларын қалыптастыру.

          3-2= …          5-4=…         6-5=…        8-7=…

6-4=…           7-5=…         8-6=…        5-3=…

8-5=…           9-6=…         4-1=…        2+1=…

3+1=…          2+2=…        1+3=…        5-1=…

1-Ж        2-И           3-Ы           4-Н

Дескриптор:

 1.Өрнектердің мәнін табады.

2.Сандарды өсу ретімен қояды.

 

ҚБ. Жұлдызша тарату арқылы бағалаймын.

 

-Балалар,өрнектің мәндерін өсу ретімен орналастырғанда қандай сөз шықты?

-Жиын деген сөз.

-Демек, ортақ белгісі бар заттар жиынтығы қалай аталады екен?

-Жиын деп аталады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ойыншықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұлдызша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

таратпалар

 

 

 

 

 

 

 

 

жұлдызша

Сабақ ортасы  Жаңа сабақ:

Мұғалімнің түсіндіруі:

-Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Жиын деген не?»

-Ал, жиын деген не екен?

Ортақ белгісі бар заттар жиынтығын жиын дейміз.

-Біз қандай жиындар құрадық?

-Жемістер жиыны,көкөністер жиыны, доптар жиыны, ойыншықтар жиынын құрадық.

Өмірмен байланыстыру:

-Ал, енді осы сынып бөлмесіндегі элементтерден бірнеше жиындар құрастыруға бола ма, қалай ойлайсыңдар…?

-Қыздар жиыны, ұлдар жиыны, оқу құралдары жиыны, гүлдер жиыны т.т.б.

«Жаңа ұғым» — Жиындағы заттар элемент деп аталады.Жиын элементтерден құралады.

 

Сергіту сәті: (Т.Ж)  «Пазылды құрастыр» әдісі

 Мақсатым: топта ынтымақтастыққа, бір-бірін құрметтеуге дағдыландыру.

 

Дескриптор:

1. Геометриялық фигураны құрастырады.

2. Фигураның атын атайды.

3. Топтық ережені сақтайды.

ҚБ. «Тамаша!» жұлдызша тарату.

 

Оқулықпен жұмыс:  1-тапсырма

«Ойлан,тап» әдісі

Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін пайдаланамын.

 

Мақсаты: оқу үлгерімі төмен оқушыға қолдау көрсету.

 

                    

 

Кеселер жиыны, гүлдер жиыны, құстар жиыны, аттар жиыны

ҚБ. «Жарайсың,тамаша!» әдісімен бағалаймын.

 

2-тапсырма: Суреттен жиындарды тауып,атын атайды   Ж.Ж.Әр

топтан қол көтерген оқушылардан сұрау.

ҚБ. Жұлдызша ұсыну арқылы бағалаймын.

 Дескриптор:

Барлық оқушылар

Жиын элементтерін атайды.

Көптеген оқушылар:

Жиынды элементтердің белгілері бойынша салыстырады.

Кейбір оқушылар:

Жиындарды элементтердің белгілері бойынша жіктейді,

 

ҚБ. «Сендер өте мықтысыңдар!»

 

(ЖЖ) Дәптермен жұмыс: (күнтізбені, тақырыпты жазу)

Тапсырма: «Жұмбақ суреттегі» элементтің атын анықтайды

және жиынның атын дәптерге жазады.

Дескриптор:

1. Көркем жазу.

2. Қатесіз жазу.

 

(Т.Ж) «Кім жылдам?» әдісі

«Тапсырма саралау» тәсілімен әр оқушының деңгейіне қарай қолдау көрсете отырып, тапсырманы орындатамын.

Мақсаты: дұрыс тұжырым жасауға дағдыландыру.               

 

Тапсырма:

1,3-топ. Әр жиындағы артық элементті тап. Жиынның атын

ата.

Мақсатым: Оқушыларда қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.

 

 

Дескриптор:

1. Артық элементті табады.

2. Жиындарды элементтердің белгілері бойынша жіктейді.

3. Жиыннан оның бөлігін айырып алуды көрнекі түрде кескіндейді.

 

ҚБ. «Сендер өте мықтысыңдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Геометриялық фигуралар

 

 

 

 

 

 

 

жұлдызша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жұлдызша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жұлдызша

Сабақтың соңы  Рефлексия:

«Түнгі ашық аспан» әдісі

-Балалар,сабақ ұнаса және бүгінгі жаңа тақырып түсінікті болған болса, алдарыңда тұрған жұлдыздарыңды тақтаға жабыстырып, аспандағы жарқырап тұрған жұлдыздарды құрастырайықшы.

Мұғалім әр топтың жинаған жұлдызшаларын санап,жеңімпаз топты анықтап, оқушыларды топта және жеке-жеке мадақтау және ескерту арқылы бағалайды.

 

жұлдызшалар
Саралау– оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Үндеме,досың сөйлесін»

оқу деңгейі төмен оқушыға «диалог және қолдау көрсету» тәсілін пайдаланып, сұраққа жауап аламын.

«Кім жылдам?» әдісі арқылы саралаудың «қорытынды жасау» тәсілін пайдаланамын.

Жұлдызшалар арқылы топты бағалау;

Қалыптастырушы бағалау;

«Жарайсың,тамаша!»

«Сендер өте мықтысыңдар!»

«Түнгі ашық аспан» әдісі арқылы оқушылар сабақты бағалайды

Партада дұрыс отыру.

 

Дәптер

мен жұмыс кезінде қарын

даш,қаламсап ұшын абай

лау.  Электр құрылғылары

нан абай болу.

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
Жалпы баға

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.