Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға

Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға
Қай салада болсын әр адамның белгілі бір жетістікке жеткісі келеді.Отбасында бақытты,кәсіпте табысты,қызметте мансапты болғанын қалайды.Ал аңсар арманымызға жетер жолда бір нәрсе үнемі ұмыт қалып жатады.Жетістіктің жолы ауыр екендігін білеміз.Ал біз үшін жетістікке апаратын қандай жолдар бар?Осы сұраққа жауап берсек.Жетістіктің жалғыз құпиясы-әрекет.
Менің таңдаған мамандығым-МҰҒАЛІМ.Иә,құлаққа жағымды естіліп,барлығы сізбен әңгіме айтап,сыр шертуге құштар болады.Біздің көзімізше мұғалім әрдайым білімқұмар,іздемпаз және жасампаз болуы керек.Қазіргі заман талабыда сондай.
Ұстаз болудың ең қиын қадамы-жақсы көре алу.Алдына келеген 25 оқушыға бірдей қамқорлықпен қарау.Өзін жақсы көре алмаған адам өзгені жақсы көруі екіталай.Ұстаз баланы оның бар қателігін,кемшіліктерін көре тұра жақсы көре алады.ЖақсыНЫ көре алады.Біз осы себептерді көру арқылы ұстаз болудың аса оңай жол еместігін көре аламыз.Сонымен ұстаз болу үшін бізге ең алдымен өзімізді жақсы көру керек.Екінші өзімізді ТАНУ керек.Дамыту,өз кемшіліктерімізбен жұмыс жасау,артықшылықтарымызды біреумен бөлісу керек.
Мұғалім әрдайым оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу керек.Яғни,ұстаз ретінде өзіне сену керек.Оптимист болу керек.Сенімсіз басталған әрекеттің жемісті болуы екіталай.Адамдардың «Осы баладан ештеңе шықпайды!» деген сөздеріне көніп қалмай керісінше сол балаға барынша көңіл бөлу керек.Адамзат үшін ең күшті мотиватор ол бала.Мұғалім мен ата-ананыда байланыстыратында бала.
Заман ағымына сай адамдар өзгеріп қоғамда ревалюция болады.Сонымен қатар олардың талғамдары,көзқарастары өзгереді.Бұрын біз мұғалімді мамандығын қағаз басты,журнал толтырып жүретін,балалармен ісі болмай тек қана сол қағазбен жұмыс жасайтын қағазбасты деп танитын едік.Ал қазір басқаша.Қазір қоғам мұғалімнің жан-жақты болуын талап етіп отыр.Иә,бұрынғыдай қағаз толтыру немесе қағазбастылық жұмыстардың болмауы мүмкін бірақ оның орнын жаңа педагогикалық техникалар алып жатыр.Бұл дегеніміз мұғалім өз жұмысын аса мұқияттылықпен қарауын қажет етеді.
Бұрын маған «Сен не үшін мұғалім болғын келеді,-деген сұрақты қойғанда ойланбастан «Менде өскенде өзімнің сынып жетекшім сияқты өте алғыр,өте ұқыпты болып, балаларға жазуды,сызуды,оқуды,бәрін үйретемін.Сынып жетекшім сияқты болғым келеді »,-деп жауап беретін едім.Бұл жерде мені алға жетелеп тұрған күштердің бірі еліктеушілік.Сол адамға ұқсауға деген ұмтылыс.Уақыт өте келе менде осы арманынмның орындалуы үшін мұғалім мамандығына түстім.
Ал қазір мүлдем басқа жауап қайтарамын.Өзімнің мамандығыма деген махабат пайда болып осы жолдың ең биік шыңына шыққым келеді.
«Мен бұл мамандықты өз еркіммен,өз таңдауыммен,өз сүйіспеншілігіммен, өз махабатыммен таңдап,жақсы көріп түстім.Бұл мамандықты таңдағаныма ешқашан өкінбеймін.Ертеңгі болашағымды бүгінгі таңдауыммен тікелей байланысты.Осы мамандықты қызылмен бітіріп,ары қарай университтет оқып осы саланың білікті де білімді яғни нағыз шебері болғым келеді.Әрине мен дипломды басқа адамдар сияқты шаң басып жату үшін алмаймын.Болашақта менің көретін күнімнің жемісі осы дипломмен байланысты екенін білемін.Ел тағдырын ойлайтын,болашағына сеніммен қарайтын жастарды тәрбиелеп оқытқым келеді.Ортасын да болсын,қоғам да болсын,отбасында болсын барлығына дұрыс бағыт-бағдар беріп өміріне өзіне сеніммен қарайтын жасты дүниеге әкелгім келеді.Мамандығымды қате таңдамағандығыма сенемін.Мені биікке шығаратын мамандық осы екендігіне сенемін.»
Бұл менің оқу жылыма енді түскен кездегі жазған ойым еді.
Қазірде дәл осы ойдамын.Осы ойымды өрбітпеген болсам,оны алып тастау ойымда жоқ. Менде осы саланың ең биігіне жетіп,сауатты педагог атанғым келеді.Қоғамда өте білікті де білімді жастар санын көбейткім келеді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.