Шеңбер және Сопақша

«Адина» жеке балалар бақшасы

«Балапан» ересектер тобы

Тәрбиеші: Макешова Ақнұр Абубакірқызы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым Математика

Тақырыбы: «Шеңбер және Сопақша»

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін кеңейту,геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратып атай білуге үйрету.Қиял болжамдарын дамытып,қабілеттерін шыңдау,таным өнерін сөздік қарым-қатынастарын байыту.Білімдерін жүйелі түрде көрсете алуға баулу,дидактикалық шеберлігінің артуына ықпал жасау.Теориялық білімін тәжірибеде қолдана білу құзіреттілігін қалыптастыру.Балалардың ойлау,көріп тану,зейінін,есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту,дербес іс-әрекетке тәрбиелеу.Бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.Өзін жеке тұлға ретінде сезініп,берілген тапсырманы орындап,өз ойын еркін айтуға жетелеу.

Көрнекілігі: үлгі пішіндер, таяқшалар,үлестірмелі материалдар

Сөздік жұмысы: Шеңбер,сопақша,төртбұрыш,үшбұрыш.

Билингвалды компонент:  Шеңбер-круг-circle, Сопақша-овал-oval, Үшбұрыш-треугольник-triangle,Төртбұрыш-четырехугольник-guadrangle.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық «Қайырлы таң» психологиялық дайындығы:

 

 

Жылулық шеңбері.

-Жүрегіміз қандай, ол қалай соғып тұр?

 

 

 

 

-Жылы,жұмсақ жүрегіміздің жылуын келген қонақтармен бөлісейікші.

Қайырлы таң,адамдар!

Мейірімді жарандар!

Біз бастаймыз оқуды,

Бақылаңдар,қараңдар!

 

Балалар жүрек тұсын ұстап,оның қалай соғып тұрғанын айтады.

Жүрегіміз жылы,жұмсақ,ол «тук»- «тук»-деп соғып тұр.

 

«Уф» -деп қонақтарға қарай үрлейді.

Ұйымдастыру-іздестіру -Жарайсыңдар балалар.

Қараңдаршы балалар,менің қолымдағы жай таяқша емес бұл сиқырлы таяқша.Менің сиқырлы таяқшам сендерді  «Ойнайықта ойлайық» деген қызықты пішіндер еліне апарғысы келеді сендер барғыларың келе ме?

 

 

«Поезд» Тіл ұстарту жаттығу.

Пыш-пыш,пыш-пыш біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік.

Гу-гу,гу-гу гуілде,

Қалып қойма біріңде.

-Балалар,біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық.Қане,поездан түсейік.

Балалар қараңдаршы қандай керемет әлем.Біз қандай пішіндер әлеміне келдік?

Бұл пішіннің неше бұрышы бар санайықшы.Бұл пішіннің үш бұрышы бар,бұл үшбұрыш деп аталады.Үшбұрыштардың түсі қандай,үшбұрышқа ұқсас заттарды табайықшы?

Келесі қараңдаршы қандай пішін екен?Бұрышын санайықшы,

Бұл пішін төртбұрыш деп аталады,бұл пішіннің төрт бұрышы болғандықтан төртбұрыш деп аталады.

Төртбұрыштың түсі қандай,бұл пішінге тобымыздан ұқсас заттарды табайықшы?

Балалар енді мынау пішін Сопақша деп аталады.Сопақша пішіннің бұрыштары бар ма?Сол себепті оны сопақша деп атаймыз.

Ал,сопақшаға ұқсас қандай заттарды білесіңдер?

Балалар мынау шеңбер.Шеңбердің бұрыштары болмайды.Сол себепті бұл пішінді шеңбер деп атаймыз.

Шеңберге ұқсас тобымызда қандай заттар бар?

Жарайсыңдар балалар.Орнымызға жайғасайық.

Ғажайып сәт.

Төртбұрыш кіреді.

 

 

 

Ой балалар бұл кім?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсіңбе төртбұрыш!Сен мұнда қайдан жүрсің?

 

 

 

 

 

 

Төртбұрыш сен ашуланба!Кел отыр қазір біз балалар мен бірге пішіндерден не құрастыруға болатынын ойластырамыз.

Балалар көмектесеміз бе?

Ал көрейік бұл пішіндерден не құрастырсақ екен?

Балалар мен сендерге қызықты өлең оқып берейін сендер мұқият тыңдаңдар.

Қызыл сары,жасыл,көк

Алуан,алуан пішіндер.

Үшбұрыш төбесі

Төртбұрыш денесі

Тіктөртбұрыш аяғы.

Ал бұл тұрған сопақша.

Шеңбер болсын көздері.

Балалар,қараңдаршы мен не құрастырдым?

Мен бағдаршамды қандай пішіндерден құрастырдым?

Алдарыңдағы үлестірмелі материалдардан шеңберді тауып беріңдерші.Ал, енді сопақша пішінді тауып беріңдерші.

Алдарыңдағы пішіндерден қандай басқа заттар құрастыруға, болатынын ойластырып, төртбұрышқа көрсетейік.

 

 

(Жеке баламен жұмыс).

Сопақша мен Шеңбер кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Төртбұрыш:Келіңдер достар міне қараңдаршы маған балалар пішіндерден әр түрлі заттар жасап берді.Рахмет сендерге балалар.Сау болыңдар!

 

Билингвалды компонент:  Шеңбер-круг-circle, Сопақша-овал-oval, Үшбұрыш-треугольник-triangle,

Төртбұрыш-четырехугольник-guadrangle.

 

 

 

Сергіту сәті

 

Дәптермен жұмыс.

Балалар бүгінгі оқу қызметін қаншалықты түсінгендеріңді білу үшін мен сендерге тапсырма дайындадым.

Мына парақшадағы барлық пішіндерді ата.Бұрышы бар пішіндерді жасыл түспен,ал бұрышсыз пішіндерді қызыл түспен боя.Қандай пішіндердің саны артық болып шықты,жасыл ма әлде қызыл ма?

 

Енді біз қызықты «Не өзгерді?» деген ойынды ойнайық.

Ойын шарты: Үстелдің үстіне бірнеше пішіндер қойылады.Баладан пішіндердің бір-біріне қатысты  қалай орналасқанын есіне сақтауды сұрайды.Содан соң ол көзін жұмады,ал жүргізуші бір-екі заттың орнын ауыстырып қояды.Бала көзін ашып,ненің орны өзгергенін анықтап,заттың алдында қайда тұрғанын айуы тиіс.Мысалы, қоян мысықтың сол жағында тұрған,енді мысықтың оң жағында тұр.

 

 

 

 

 

 

 

Иә,барғымыз келеді.

(бірге көздерін жұмып ұшады)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үшбұрыш

 

 

 

 

 

Үйдің шатыры,шырша.

 

 

 

 

 

 

Парта,тақта,терезе,шкаф,

Жастық.

 

 

 

 

 

Жұмыртқа,картоп,айна,

қоңыз.

 

 

 

 

Сағат,доп,тарелке т.б

 

 

 

 

 

Төртбұрыш.

Сәлеметсіздер ме балалар!

 

 

Төртбұрышпын, төртбұрышпын

Төрт қабырғасы бар бұрышпын,

Қай жағынан қарасаңда,

Төрт қабырғам тең бұрышпын.

 

 

Төртбұрыш:мен достарыммен ойнап отыр едім,мына пішіндерден не құрастыратынымды білмей басым қатып кетті.

 

 

 

 

 

 

-Иә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдаршам.

Үшбұрыш,төртбұрыш,

Тіктөртбұрыш,шеңбер,

сопақша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мен сопақпын,мен сопақ

Ұзартылған домалақ

Соңым жоқ,басым жоқ

Енді бірде жапалақ.

 

Домалақпын,домалақпын

Дөңгелек боп домаладым

Ай сияқты,күн сияқты

Шар сияқты домалақпын.

 

 

 

 

 

Шеңбер-круг-circle, Сопақша-овал-oval, Үшбұрыш-треугольник-triangle, Төртбұрыш-четырехугольник-guadrangle.

 

 

Балалар әуенмен бирге қимылын жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынды қызыға ойнады.

Рефлексифті-түзетушілік Жарайсыңдар балалар,бүгін барлықтарың оқу қызметіне жақсы қатыса білдіңдер.Пішіндерді де ажыратып атай білетін болдыңдар. «Ойнайық та,ойлайық» елі сендерге ұнады ма? Осындай көңілді көңіл күймен тобымызға қайтамыз.  

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Шеңбер,үшбұрыш,сопақша,төртбұрыш секілді геометриялық пішіндерді.

Нені игереді: Шеңбер және Сопақша қасиеттері туралы түсінікті.

Нені біледі: Әр түрлі заттармен материалдардан түрлі пішіндер мен ұқсас заттарды құрастыру.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.