Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»

Сабақтың  тақырыбы Ш. Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
Мақсаты Оқушыларға Ш.Құдайбердіұлының өмір жолы туралы мәлімет беру, өлеңнің негізгі идеясы мен тақырыбын ұғындыру; ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту,  адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі        • Шәкәрім туралы білімдері молаяды; • Өлеңнің тақырыбы мен негізгі идеясын ұғынады; • Топта жұмыс жасай біледі; • Өзіндік ой – пікірі ,көзқарасы,таным-талғамы қалыптасады. • Сөздік қоры молаяды.
Сабақта қолданылатын
әдіс-тәсілдер  сұрақ- жауап, диалог. бағалау топтық жұмыс
Керекті жабдықтар Оқулық, жұмыс дәптері, АКТ, үлестірме парақшалар
Сабақ барысы:
Сабақ  кезеңдері Мұғалім  әрекеті  Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру
бөлімі  1.Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару. 2.Психологиялық тренинг . 3. Топқа бөледі.Абай өлеңдері арқылы Оқушылар психологиялық тренингке қатысады.  Топқа бөлінеді.
«Қызығушылық
ты ояту»  «Отыз бірінші сөзін» мазмұндау. Ой шақыру стратегиясы. § Шәкәрім кім? § Қандай шығармаларын білесіңдер? § Абаймен қандай туыстығы бар? Диалогқа түсіп, сұрақтарға жауап беру
Мағынаны тану  Топтық тапсырма беру  1-топ. Өлеңдері 2-топ. дастандары  3-топ. аудармалары 4-топ. Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы мағлұмат.  «Адамдық борышың» өлеңі мәнерлеп оқылады. Түсіндірме сөздік. Мансап-атақ Нәпсі-жаман іс Тұл-ешнәрсесі жоқ Ғибрат-үлгі  1-топ. Өлеңді құрылысына талдау. Авторы- Негізгі тақырыбы- адамзат міндеті Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру. Жанрлық түрі-поэзия Шумақ- Тармақ- Бунақ- 2-топ. 1.Адамдық борыштарды жазамыз. 2.Ақынның айтуынша адам бойындағы адамдық қасиетті қалай жоғалады? 3.Өлеңдегі қорытынды ой қай шумақта айтылған? Тауып оқы мәнін түсіндір. Әр топ жеке-жеке өз беттерімен жұмыс істейді.                        1.адал еңбек ету 2.білім мен өнер үйрену 3.келешекке жол көрсету 4.үлгі болатын іс қалдыру
3-топ. Адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазайықшы. 4-топ. —  Тақырыбы,идеясы  жағынан  Шәкәрімнің «Адамдық  борышың»  өлеңі  Абайдың  сендер  білетін  қай  өлеңдеріне ұқсайды? -Осы  өлеңдері  арқылы  Абай  мен  Шәкәрім  жұртты  қандай  қасиеттерге үндейді?  Сергіту тренингі
Ой-толғаныс
Деңгейлік сұрақтар  Жоғары деңгей сұрақтары 1. «Адамдық борышың » өлеңі туралы өз пікірің? 2. «Менің борышым» өлең жазу  Орта деңгей сұрақтары 1. «Ақ жолдан айныма»сөз тіркесінің мағынасы қандай? 2.Ақын «шын бақыт» деп нені көрсетті?  Төмен деңгейдің сұрақтары 1.Адамдық борыштарды ата. 2.Қандай істерден аулақ болу керек? Оқушылар ойы тыңдалады
Үйге тапсырма  «Адамдық борышың» өлеңін жаттау. «Менің борышым» тақырыбына шығарма жазу. Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.
Бағалау  Талқылау парағы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.