«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»

Сынып сағатын дайындаған 9б сынып оқушылары ,сынып жетекшісі:Исикенова С.К
«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»
Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар, ардагер ұстаздардың презентациясы, плакаттар, нақыл сөздер.
Барысы:1 Жүргізуші. Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Ақшұқыр мектеп-лицейинің қүрылғанына ғжыл тойына арналған «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты мерекелік кешкі кездесу бағдарламасына кешіне қош келдіңіздер! Бағдарлама жүргізушісі Султанмұрат Гулназ және Айбекұлы Коркембек
2 Жүргізуші : Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым — парасатымен, талғам — танымымен танылатын асыл жандар!
Интелектуалдық әлеуеті мықты, эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздарЕңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!
1 Жүргізуші : Ұстаз -барша мамандықтың көш бастаушысы.
Құйылады жыр-ағын, көптендара пырағым.
Құтты болсын мерекең, заңғар тұлға мұғалім, — деген өлең шумақтары бүгінгі қонақтарымыз ардагер ұстаздарға арналады.
2 Жүргізуші: Ия,бұл ұстаздарымыз мектебімізде бірталай жылдар бойы қызмет жасай отырып, шәкірттерін талай додалардың биік шыңын бағындыра білді.
1 Жүргізуші : Мінекей, осындай ұлы тұлға ардагер ұстаздармен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!
2 Жүргізуші:Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты жандар!

1 Жүргізуші
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
2 Жүргізуші
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Мерекеміз 5жылдық құтты болсын!
2 Жүргізуші: Ұлағатты ұстаздарымыздың құрметіне қабыл алыңыздар.
Күй;
1.Жүргізуші:Әл-Фараби: «ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма? Бұл сөзден біз бүгінгі қонаққа келіп отырған ұстаздарымыздың бейнесін көреміз.
2 Жүргізуші
Ақбала апай — мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсең дер тек.
-Ортаға мектебіміздің жоғарғы санатты ұлағатты ұстаз Майшаева Ақбала апайды шақырамыз

1 Жүргізуші:
-Ақбала апай бағдарламамызға қош келдіңіз.(Ақбала апайғасұрақтар)
— Балалық шақтан есіңізде не бар?
— Туған жер сізге несімен ыстық?
— Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
— Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
— Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
— Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
— Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
— Қазіргі жастар қандай?
— Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
— Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
— Сіздің мінезіңіз қандай болды?
— Мектеп оқыған кезде балдармен төбелестіңіз бе?
— Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
— Мамандықтың басқа түрін таңдар ме едіңіз?
Сұхбатыңызға рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.
2 Жүргізуші
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты Ибаш апай анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
-Ортаға мектебіміздің ардагер ұстазы Ибаш апайды шақырамыз.

-Ибаш апай бағдарламамызға қош келдіңіз.
— Балалық шақтан есіңізде не бар?
— Туған жер сізге несімен ыстық?
— Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
— Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
— Мектепте қалай оқыдыңыз?
— Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
— Ұстаз болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?
— Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
— Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме? Несімен есте қалды?
— Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
— Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
— Сіздің мінезіңіз қандай болды?
— Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?- Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?
Ибаш апай сұхбатыңызға үлкен рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.
2-Жүргізуші: Сіздердің сұхбатыңызды тыңдау кезінде бізді таң қалдырған жағдай – сіздердің өздеріңізге сенімділіктеріңіз. Сіздердің қиындықтан мойымайтын осынша қайраттылығыңызға, қажырлығыңызға қайран қаламын, қызығамын. Үлкен сеніммен атқарған, атқарар істеріңізге сәттілік болсын демекпіз.
2-жүрг. Гулназ, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1-жүргізуші: Ал ендеше баста.
2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»
1-Жүргізуші: Коркембек екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған әндеріне кезек берелік.
Ән «…Ұстазым.» Орындайтын хор
2 Жүргізуші:ал енді,құрметті қонақтар, оқушылардың сұрақтарына кезек берсек….
1 Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
2 «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?1- Жүргізуші: Рахмет,ұстаздар.
2 Жүргізуші:Ұстаздар, ұлағатты зиялылар, сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады, шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар.
1- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше ұстаздарымызбен ойын ойнасақ.
Ұстаздар шардың ішіне бір қағазға сұрақ жазылады, сол шарды жарып ішінен сұрақты алып жауап берулеріңіз керек.
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
2 Жүргізуш: Ұстаздар үлкен рахмет. Орындарыңызға жайғассаңыздар болады.
1Жүргізуші: Коркембек, Ұстаздар кім болуды армандайды?
2Жүргізуш: Сен де қызық сұрақтар қояды екенсің. Ұстаздар кім болсам екен деп армандамайды..
1Жүргізуші: Неге? Армансыз адам болмайды гой
2Жүргізуші :Сен дұрыс түсінбедің . Менің айтайын дегенім басқа еді. Білгің келеді ма ?
1Жүргізуші: ммммммммм, әрине
2Жүргізуші: Ұстаздар бастық болуды армандамайды .Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 25-30 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе?
1Жүргізуші:Ұстаздар сот болуды да армандамайды. Ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. Ал, енді сот демей көріңдерші.
2Жүргізуші яяяяя, өте дұрыс айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы емес деп көріңізші.
1Жүргізуші: охо, бір адамның бойынан қаншама мамандықты көріп тұрмыз. Онда біз аяулы ұстаздарымызды дарынды, шебер деп айтсақ артық болмас. Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
2Жүргізуші:— Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Безендіруші де өзі. Іңкәр, осы біз кейде кабинетте қағаз шашып, кезекшілікті атқармай кететінімізге ұялып тұрғаным ай.
1Жүргізуші: —-яяяя , біздің балалығымыз бен шалағымызды кешіре білген ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
1 Жүргізуші- Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?
2 Жүргізуші : сөзіңе қосыламын. Ұстаздар бізге не үйретпеді дейсің … бәрін, бәрін !!!Ендеше,келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаздарымызға береміз.
Ұстаздар сөзі:Біздің сынып жетекшіміз ардагер ұстаз, Батыр ана Исикенова Сауле Карлыбаевнаға береміз.
Біріншіден келген қонақтарға алғысымды білдіремін.Дендеріңіз сау,немере қызығын көріңіздер дегім келеді.Ұстаз болғанымызға 43 болыпты.Ұстаз жолы ауыр әрі қызықты.Баламен бірге ойнайсың,күлесің.Бар мейіріміңді төгесің,уақытпен санаспайсың.Мен сендерге шәкірттерім ашық аспан,талмас қанат,ұшқыр ой,ата-аналарыңды ренжітпеулеріңе тілектеспін.Рахмет көп-көп.
1 Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым»
2 Жүргізуші:Құрметті Акбала апай,Ибаш апай сіздердің ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіз-саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше,кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды.
1 Жүргізуші:Сондықтан сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болып,немере-шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана бақытына бөленулеріңізді тілейміз! Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз шаттыққа кенелсін демекпіз.
Бірге «Біз сіздерді жақсы көреміз!»
1,2 Жүргізуші:Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.