эсселер жинагы

Менің болашақ мамандығым

Мамандық сөзін естігенде ойымызға бірден дәрігер, тігінші, мұғалім т.б келетін еді. Кішкентай кезімізден бастап мамандық таңдауды үйрендік. Балалық шақтағы мақсаттар үлкен армандардың бастауы болатын. Бірақ қазір өскен сайын әрбір мамандықтың өз қиындығы бар екенін түсіндік. Оған қандай пәндер керек екенін де білеміз. Алайда адам баласы сол қиындыққа төтеп бере білуі қажет.Мақсатқа жету үшін,арманыңды дұрыс таңдауың керек. Егер арман іске аспаса, мақсатыңның құр болғаны.
Мамандық таңдау-өміріңіздің кірпішін дұрыс қалаумен пара-пар.Егеменді елдің ертеңі біздің дұрыс таңдар мамандығымызға байланысты. Бұл зор дайындық пен жауапкершілікті талап етеді. Ең бастысы адамда сенім керек. Сол сеніммен ғана мақсатыңды, мамандығыңды дұрыс таңдағанына сенесің. Менің қазіргі алға қойған мақсатым-медицина саласына оқуға түсу. Арманым- хирург болу. Бұл мамандыққа жету екенің бірінің қолынан келе бермейді. Қай салаға болсын адам өз еңбегімен түсуі керек. Менің өмірлік қағидам «Тек алға!» Сондықтан да мен ешкім ашпаған жаңалықты,ешкім жетпенген жетістікті ашқым келеді. Дәрігер болу жауапты іс деп білемін. Адам баласы мамандық таңдар алдында өзінің қызығу пәніне бейімділігіне қарай таңдауы қажет. Меніңше , дәрігер болу менің қолымнан келеді. Мен оған толықтай сенімдімін. Таңдаған еңбек жолында үлкен мәртебелі жетістікке жету үшін,ең алдымен-зейінді, еңбекке қабілетті және де бағалы үлес қосатындай болу қажет деп есептеймін. Мамандық таңдар алдында ойыңды саралап, нақты бір шешімге келу керек. Жұмысыңды зор ықыласпен, шабытпен істеген жұмыс қана биікке жеткізеді. Дәрігер-қыздай икемді, анадай мейірімді, арыстандай айбаттылықты қажет етеді. Хирург болу үлкен жауапты іс. Өйткені өлім мен өмірдің арасында жатқан жанға жаңадан өмір сыйлау міндетті жауапкершілік. Өзім әлемдік деңгейдегі ең мықты әрі қатал хирург болғым келеді. Ел мақтанар дәрігер болу мақсатым. Бәсекеге қабілетті маман ретінде өз ойымды, тұжырымдамаларымды ашқым келеді. Жалпы мамандығымды таныстырар болсам, бұл медицинаның ішіндегі ең жоғарғы оқу. Баршаңызға осы оқу үшін кемінде жеті жыл керек екені мәлім. Ал егер жоғарғы деңгейдегі маман болып шығу үшін 10-13-жыл оқу қажет. Әрине, бұл өте ұзақ мерзім. Бірақ, адам баласының өмірін өлімнен арашалап қалып, оны құтқару, оған көмек қолын созу бұл оқудан да қиын нәрсе. Маған адамдарға көмектескен қатты ұнайды. Көмектесу арқылы өзіме күш алғандай боламын. Осы қасиеттерді мейірімділік пен адамгершілік деп атар едім. Мамандығыма да,осы қасиеттердің ықпалы өте зор. Болашақ арманым-қалаған оқуыма ойдағыдай түсіп,ойдағыдай аяқтау. Бұл тек арманымның бір бөлшегі. Әлі де талай асуларды бағындырғым келеді. Қазірден бастап түрлі олимпиадар мен жарыстарға белсене қатысып жүрмін. Әрине, мені осылай оқуыма, таңдар пәнімде озат болуға ұстазымның көмегі мол. Мен химия-биология пәнін сүйіп оқимын.Таңдар пәнім де осы. Әрі қарайда биік шыңдарға шығып, осы қалпымнан таймауға серт етемін. Себебі, мамандығым-болашағымның жемісі.

Савит Нурсулу
Ақмола облысы

Ана туралы

Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. «Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!

Төртқара Ажар
Қостанай облысы

Нағыз досты таба білу

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

Қарпташарова Шынар
Қостанай облысы

Достық
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық –өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге көмектеседі. Дос-жарандардың мінездері әртүрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екіжүзділік, өтірік айту, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының өзі де жақсы», «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны – өлгені, қайғының бәрі соның басында». Достыққа қарама-қарсы ұғым – қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көре алмайды, достық дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу – өмірлік мақсаттардың бірі. Саясаттанудағы достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек, өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
Ибраева Самира
Қостанай облысы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.