Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж

  • Балабақша тәрбиешілерін артық есеп беруден арылтатын бұйрық туралы

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2022

  • Мектептің мектепалды даярлық сыныбына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудыңүлгілік оқу жоспары(5 жастағы балалар)

  • Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

  • Бөбек жасы балаларына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспары

  • Білім стандарты. 2022 жыл. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы

  • Инструктивно-методическое письмо. Детский сад. 2022-2023 уч. год

ПАЙДАЛЫ
Home›ПАЙДАЛЫ›Темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық зиянды әдеттерінен аулақ болыңыз!

Темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық зиянды әдеттерінен аулақ болыңыз!

By Камилова Жанар Кайхыевна
21 мая, 2020
2555
0
Share:

Темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық зиянды әдеттерінен аулақ болыңыз!

Тамақсыз бірнеше апта, сусыз – бірнеше күн, ал ауасыз – бірнеше секунд қана өмір сүруге болады. Дәл осы ауаның экологиялық жағынан қатты ластанғанын ескерсек, өкпеге баратын ауаның қаншалықты кір екендігін елестетіп көріңізші… Ал шылым шегетін адамның өкпесіне тарайтын түтіннің әсері одан да сорақы екені хақ.
Шылым шегудің ағзаға тигізетін пайдасы жайлы қандай деректеріңіз бар? Бұл сұраққа бірде бір жағымды жауап таппайсыз. Ал керісінше, оның зияны туралы бірқатар дәлелдерді келтіруге болады.
Шылым, көпшілік ойлағандай, суықта жылытпайды, мидың жұмысына серпіліс әкелмейді. Керісінше, адамды ұзаққа созылатын тәуелділікке душар етеді. Әсер ету күші жағынан ішімдік пен есірткіден әлсіздеу болса да, тигізетін зияны асып артылады десек те қате болмас. Өйткені темекі түтіні адамның барлық мүшелеріне, әсіресе тыныс жолдарына қауіпті әсер етеді. Қазіргі таңда ауаның құрамында оттегінің кемуіне және көміртегінің артуына қатысты (оған темекі түтіні мен автомобиль газын қосыңыз) мәселені есепке алсақ, тыныс жолдарын зақымдайтын аурулардың артқандығы жайлы белгілі болды.
Соның ішінде созылмалы обструктивті өкпе аурулары – нақты бір ауру емес, бұл өкпеге келіп тұратын ауа ағымының шектелуіне алып келетін созылмалы өкпе аурулары үшін қолданылатын жалпылама термин. Бұл темекі шегушінің жай жөтелі емес, жеткілікті түрде диагноз қойылмайтын, өмірге қауіп төндіретін өкпе ауруы. СОӨА негізгі белгілері ентікпе немесе ауа жетіспеушілік сезімі, қақырықтың көп бөлінуі және созылмалы жөтел болып табылады.
Мәселенің түп төркініне үңілетін болсақ, темекі тартатын адамдардың қандай да бір шешілмеген ішкі сыры бар. Ол көп жағдайда стресстен туындайды. Шешімі табылмаған немесе ұзақ уақыт бойы адамды сары уайымға салдыратын мәселелердің нәтижесінде тәттілерді жеу, ішімдік ішу, темекі тарту сияқты жағымсыз әдеттерге жол беріледі. Бірақ шындығында, бұл іс-әрекет өмір шындығынан алыстауға және тәуелділіктің пайда болуына әкеп соқтырады.
Темекі шегетіндер көптеген қиындықтарға тап болады. Біріншіден, шылым шегуші темекіге деген тәуелділіктен өз бетінше арыла алмайды. Екіншіден, одан құтылу үшін көптеген қаржы жұмсау қажеттілігі артады. Үшіншіден, аз-аздан зақымдалған ағзаға біртіндеп көптеген аурулар «қоныстай» бастайды. Кейін олардың темекі шегетін ата-анадан балаға «көшетінін» тағы бір есептеп қойыңыз. Оның үстіне темекі түтіні шылым шегушінің ғана емес, оның жанындағы адамдардың да денсаулығына зиян тигізетінін қосыңыз. Сонда бір темекінің бір адамның емес, қоғамның денін құртатынына көз жеткізуге болады.
Қазіргі кезде хош иісті ауаны ыдыстарға енгізіп, қызықтырған адамдарға сату мәселесі де қолға алынды. Сондықтан темекі түтіні мен жұпар иісті, мықты денсаулықты және тұлғалық тәуелсіздікті таразылап өлшеп көріңізші. Қай жағы ауыр тартады? Қай жақта өмір сүрген ыңғайлы әрі пайдалы? Бір мезет ойланып, салауатты өмір салтына аяқ басыңыз. Сонда, сіз соңғы темекіңізді тастаған соң:
— 20 минуттан кейін қан қысымы мен тамырдың соғуы тұрақталып, қалыпқа келеді. Қан айналымы, аяқ пен қол температурасы жақсарады.
— 8 сағаттан кейін темекі шегуден бас тартқан соң, қандағы көміртегі тотығының деңгейі төмендеп, оттегі деңгейі айтарлықтай арта түседі.
— 24 сағаттан соң қандағы көміртегі тотығы толығымен қалпына келеді. Содан соң өкпеден жағымсыз әдетпен әуестенген уақыт бойы жиналған сілемей мен бөгде уытты заттектер шығарылып, тыныс алу әлде қайда оңайырақ болады. Темекі шегу кезінде зақымдалған жүйке талшықтары қайта қалпына келе бастайды.
ІШІМДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ

Ішімдік – бұл спирттік сусындарды ішуге физикалық және психикалық әуестігі бар күрделі ауру. Әртүрлі жастағы ер және әйел адамдар, кей кезде жасөспірімдер мен балалар да ішімдіктің құрбаны болады.
Біздің қоғамымыздың міндеті адамдарды осы қауіптен қорғау, ішімдік салдары және оның дамуы туралы ақпараттың қол жетімдігі мен таралуына ықпал ету, дені сау адамдарға спирттік суысын ішудің қатерін түсіндіру, жаңадан ішуді бастап келе жатқан ішкіштерді тоқтату және науқастарға көмектесу. Бұл үшін қорғаныс факторларын нығайту (ішімдікті ішу жағдайлары) және қауіп факторларын төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу керек.
Қорғаныс факторлары:
Отбасындағы амандық, отбасы мүшелерінің берекелігі, өнегелі тәрбие, отбасындағы конфликттердің болмауы;
Жоғары интеллект деңгейі, физикалық және психикалық денсаулық, күйзелістерге деген төзімділік;
Молшылық, баспанамен қамтамасыздануы;
Үнемі медициналық бақылау;
Тұратын мекендегі қылмыстықтың төмен деңгейі;
Өзін-өзі жоғары бағалау, туындаған проблемаларды тиімді шешу қабілеті, қыспаққа шыдамдылығы, эмоциясын және өзінің жүріс-тұрысын бақылауда ұстай білу;
Қоғамдық нормаларды сақтау.
Қауіп факторлары:
Индивидтің психикалық және физикалық денсаулық проблемалары;
Ішкіш ата-анадан туылған және олардан тәрбие алған балалар;
Ішімдікті үнемі пайдаланатындармен сөйлесуі және құрдастарының қыспағына қарсы тұра алмауы;
Жеке бас қасиеттері (төмен интеллект, өзін-өзі төмен бағалауы, көңіл-күйінің ауыспалылығы, өз-өзіне сенімсіздігі, әлеуметтік нормаларды, құндылықтар және жүріс-тұрыс т.б. ұстануды қаламауы);
Жыныстық қатынасқа ерте түсу;
Отбасында жиі болатын конфликттер, отбасындағы төмен табыс;
Мектептегі төмен үлгерімі, оқығысы келмеуі;
Туыстармен, құрдастармен сөйлесу кездегі проблемалары.
Адам өмірінде әртүрлі оқиғалар, жағдайлар болады, оларға әртүрлі уақытта қорғаныс және қауіп факторлары ықпал етуі мүмкін.
Ішімдіктің алдын алу спирттік сусынға деген негативтік қатынасты қалыптастыруға бағытталған. Осындай өмір салтын ұстанған адамның ішімдікке құмартуы соқпайды.
Ішімдік туындауын алдын алу шаралар тоқтатады. Алдын алу жұмысы әңгімелесу, семинарлар өткізу, тыңдаушыға ішімдіктің салдары мен қауіптілігі, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ықпал етудің басқа формаларымен түсіндіріп, жеткізу. Адам санасында ішімдіктің проблемаларды шешу құралы еместігі туралы түсінік қалыптасу керек. Спирттік сусындарды ішуші тұлғаларға психологиялық қолдау, медициналық және әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Ішімдік тек бір адамның өзіне ғана емес, оның отбасы мүшелеріне, жалпы қоғамға кесірін тигізеді. Қорытындылай келе айтпағымыз, сендіру және қорқытуға қарағанда салауатты өмір салтын қалыптастыру ішімдіктен сақтанудың ең тиімді жолы.
НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Нашақорлық көптеген қайғылы оқиғалардың, адам өлімінің себепшісі. Ата-ана махаббаты және материалдық қамдану бала бақытының қалтқысыз болуына жеткіліксіз.
Балаңыздың жүріс-тұрысын бақылаңыз! Нашақорлық бірнеше сағатта пайда болмайды, ол бір ай, не болмаса бірнеше ай көлемінде немесе оны үнемі қолданудың алдында дамиды. Дәл осы кезден бастап сіз балаңыздың жүріс-тұрысындағы өзгерістерді байқауыңыз мүмкін. Балаңыз әлі де болса науқас болып үлгермегендіктен, онымен терең түрде ашық әңгімелесу жеткілікті болуы мүмкін. Егер де сіз осы сәттен айрылып қалсаңыз, есірткіні қолдану үлкен дертке айналады.
Егер балаңыз есірткімен қатынасы болса, есірткіні қолданудың алғашқы белгілері туралы ақпарат арқылы сіз балаңызға дәл уақытында көмек көрсете аласыз.
Балаңыздың араласып жүрген ортасын білсеңіз де, оған үнемі бақылау жасап отырыңыз, оның есірткі қолданатындығын байқататын күмәнді белгілері:
Баланың тұйықтана түсуі (ата-анасымен қатынасы бұзылмаса да). Баланың «қыдырысы» көбейе түседі, үйден ерте кетіп, кеш келуі, үй тапсырмасын орындауға аз уақыт жұмсауы немесе үйдегілермен уақытты өткізбеуі;
Бала кеш жатып, таңертең төсектен тұрғысы келмеуі;
Оқуға ынтасы, қызығушылығы, хоббиі жоғалып, сабақтарға бармауы байқалады;
Оқу үлгерімі төмендейді;
Қаржы мәселелері туындап, ақша сұрауды жиілете түседі (егер үйдегі құнды заттар, ақша жоғала бастаса, бұл өте ойланатын жағдай!);
Балаңызда жаңадан күмәнды жолдастар пайда болады (алғашында балаңыз жақсы киінген, жақсы болып көрінетін нашақормен кездеседі) немесе бұрынғы жолдастарының жүріс-тұрыстары күмән тудыра бастайды;
Балаңызбен сыбырласып сөйлесетін болады, оқшауланып, түсініксіз сөздер айтады;
Бала көңіл-күйі әп-сәтте өзгеріп отырады, дау-дамайда селқостық танытса, тыныш кездегі жағдайда ашушаңдық білдіретін болады;
Бала қолдарының тамырынан ине салған орындарды көруге болады.
Мамандардың айтуынша, ата-ана еш ұялмастан бала сөзіндегі және қимылындағы түсініксіз және мазалайтын жайттарды ашық түрде сұрауы керек. Ата-ана «Адамда құпия болады ғой..» және «бәрінде осылай болады емес пе» деген тұжырымдармен өзін алдамауы керек. Есірткі мектептерде, түнгі клубтарда және т.б. жерлерде сатылады, өкінішке орай балаңыздың есірткіге соқтығуы әбден мүмкін.
Егер балаңыздан кептірілген шөп, шприцттерді, ұнтақ затты, түрлі-түсті таблеткаларды байқасаңыз, балаңыздың сіздің алдыңызда ақталғанын тыңдамаңыз. Бәрі де айдан анық.
Айғай-шу, дау-дамайдың еш көмегі жоқ. Бұл қауіпке әділ қарап, шындап кірісу керек.

Камилова Жанар Кайхыевна
Академик С.А.Джиенкулов атындағы
Байқоңыр колледжінің медбикесі

Previous Article

Почему Александр Македонский не смог покорить скифов?

Next Article

Travel and Transport

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • ПАЙДАЛЫ

    Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын талдау

    10 августа, 2020
    By Танбулан Дуйсенбекович
  • ПАЙДАЛЫ

    Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған оқушыларды оқытуға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар

    23 мая, 2020
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Эссе жинағы

    Соғыс

  • Балабақша

    Ата заңым — елдігімнің еңсесі

  • Жалпы рубрика

    Өтпелі тақырып: Балабақша «Менің достарым»

Жаңа жарияланымдар

  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • циклограмма
  • Геометриялық пішіндер мен денелер.
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»
  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж
  • Балабақша тәрбиешілерін артық есеп беруден арылтатын бұйрық туралы
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2022

Күнтізбе

Январь 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
« Дек    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика