үздік жылдық жоспар

2019-2020 оқу жылына арналған
жылдық жоспары

Кіріспе
Мектепке дейінгі балалар мекемесі типтік жоба бойынша салынған, жас ерекшеліктері әртүрлі 1 топ бар, балабақшаның жұмыс мезгілі 10 сағат, Мира көшесі 21г үйде орналасқан. Балабақша 2017 жылғы сәуір айынан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 25 орын, тізім бойынша бала саны 25.Оқу- тәрбие жұмысы қазақ тілінде жүреді.
Балабақшада барлық эстетикалық талапқа сай безендірілген, топта балаларға арналған орталықтар ұйымдастырылған.Балабақшада оқу-тәрбие үрдісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында белгіленген бес білім беру саласы бойынша жүргізіледі. Олар «Таным», «Денсаулық», «Шығармашылық», «Әлеумет», «Коммуникация» білім беру салалары. Сонымен қатар осы стандартқа Қазақстан Республикасының Білім министрлігі мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарына №557 бұйрығы бойынша жаңа оқу жылына өзгерістер енгізілді. Балабақшада жүргізілетін оқу – тәрбие жұмыстары Білім министрлігі бекіткен өзгерістер бойынша жоспарланды. Балаларды оқыту тілі қазақ тілінде жүргізіледі. Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы – екінші сәбилер тобында 7-15минут.

Жұмысты жоспарлау

Мақсаты: баланың қажеттілігін қанағаттандыру және қабілетін анықтау мақсатында, оның жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына қолайлы жағдайлар туғызу
Жұмыс бағыты
Жуық кезеңге міндеттер
Білім саласы бойынша оқу жұмысы
«Әлеуметтік орта»
Қоршаған ортамен танысу
Экология
Әртүрлі іс әрекетте баланың өзінің ашылуына жағдай жасау
«Коммуникация»
Тіл дамыту
Көркем әдебиет
Драма
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қарым-қатынас жолдау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Шығармашылық жағынан қалыптастыру үшін көмек беру
«Таным»
Сенсорика
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Жаратылыс тану
Құрастыру
Әлем бейнесін толық түсіне алатын, танымдық дағдыға ие мектепке дейінгі баланың жеке тұлғасын қалыптастыру
«Денсаулық»
Денешынықтыру
Өзінің денсаулығына деген көзқарасты тәрбиелеу
«Шығармашылық»
Сурет салу
Мүсіндеу
Жапсыру
Музыка
Шығармашылық ойлау мәдениеті, эстетикалық талғамды дамыту

ЖШС «Болашақ» жеке балабақшасының жылдық жоспарының мазмұны.
Балабақшаның мақсаты: Мақсаты: баланың қажеттілігін қанағаттандыру және қабілетін анықтау мақсатында, оның жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына қолайлы жағдайлар туғызу

Жұмыс бағыты Жуық кезеңге міндеттер
Білім саласы бойынша оқу жұмысы
«Әлеумет»
Қоршаған ортамен танысу
Экология

Әртүрлі іс әрекетте баланың өзінің
ашылуына жағдай жасау
«Қатынас»
Сөйлеуді дамыту
Көркем әдебиет
Қазақ тілі
Драма Мемлекеттік, орыс және ағылшын
тілдерінде қарым-қатынас жолдау
мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Шығармашылық жағынан қалыптастыру үшін көмек беру
«Таным»
Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру
Сенсорика
Құрастыру

Әлем бейнесін толық түсіне алатын,
танымдық дағдыға ие мектепке дейінгі
баланың жеке тұлғасын қалыптастыру
«Денсаулық»
Дене шынықтыру Өзінің денсаулығына деген көзқарасты тәрбиелеу.
Денсаулық – физикалық қасиетінің қалыптасуы мен қозғалыс белсенділігінің дамуы екенін түсіну.
«Шығармашылық»
Сурет салу
Аппликация
Мүсіндеу
Музыка
Шығармашылық ойлау мәдениеті,
эстетикалық талғамды дамыту
Вариативтік компонент

Балаларды дидактикалық ойын арқылы тәрбиелеп дамыту, балалардың есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты процестерін дамытып, талғампаздық қасиетін дамыту.

Жоспарлау кезінде қолданылатын негізгі құжаттар
№ Құжат атауы Көрсетілген құжаттардан шығатын
нұсқаулар
1 «Қазақстан Республикасының Білім туралы» заңы. Мектепалды даярлық.
2 Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты.
Мектепке дейінгі тәрбие. Астана 2009 ж. Дамытушы ортаны ұйымдастыру. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының базалық мазмұнына негізгі талаптарды белгілейді.
3 Бала құқығы туралы конфенция. Әрбір баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеру, әрбір баланы
жеке тұлға ретінде құрметтеу.
4 «МДҰ-да бала өмірін және денсаулығын қорғау» нұсқаулығы (ҚР БжҒМ-нің
13.01.1998 жылғы №14 бұйрығы). Бала өмірін және денсаулығын қорғау
бойынша жұмысты, баланың дене бітімінің дамуын, эмоционалдық және психикалық дамуын қамтамасыз ету.
5 Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексі. Ұжымдағы өзара қарым-қатынасты реттейді. Қызметкерлердің еңбегін қорғау бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.
6 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандартын бекіту туралы Баланың құзырлылығын жалпы білім
беру іс-әрекетінің нәтижесі ретінде
қалыптастыруға бағытталған мектепке
дейін тәрбие және оқытудың базалық
мазмұнын анықтайды: денсаулық сақтау,
құзырлық-тілдік, танымдық, шығармашылық,
әлеуметтік іс-әрекеттер.
7 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
8 Қазақстан Республикасының МДҰ-ның қызметін ұйымдастыру тәртібі. Балабақша ұжымының іс-әрекетінің
міндеттерін және оқу-тәрбие үрдісіне
қатысушылардың міндеттерін анықтайды.

І-бөлім
ЖШС «Болашақ» б/ балабақшасының 2018-2019 оқу жылындағы
оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы.

2018-2019 оқу жылына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа стандартын басшылыққа ала отырып,оқу – тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылды. Балабақшадағы әдістемелік жұмыс – бұл педагогтардың кәсіби деңгейлерін жетілдірудің негізгі жолы, барлық ұжымның шығармашылық дамуына ықпал етеді, оқу – тәрбие үрдісінің сапасын және тиімділігін арттырады.Әдістемелік қызметтің мақсаты — оқу – тәрбие үрдісін жаңарту, сапалы білім беруді қамтамасыз ету. Міндеттері:
Педагогикалық шеберліктерін жетілдіру
Білім беру үрдісіне қатысушыларының кәсіби құзіреттілігін дамыту
Педагогтардың өз білімдерін жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру 2018-2019оқу жылы педагогикалық ұжымның алдына міндеттер қойылды:
Қойылған міндеттерді орындау мақсатында балабақшада жоспарлы түрде жұмыс жасалды.
Ұйымдастырылған оқу қызметі бес білім беру салалары бойынша жүргізіліп келеді.Сонымен қатар педагогтар ата-анамен байланыс жұмыстарын ата-аналар жиналысы,ағарту жұмыстары,бала тәрбиесі жайында кеңестерберіп ата-аналармен біріккен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырып толықтырылып отырды.
Жыл басынан бастап атаулы күндері «Білім күні», «Тіл мерекесі», «Табиғатқа саяхат», «Берекелі алтын күз», «16 желтоқсан-тәуелсіздік күні», «Президент күні!», «» «Төрлет,құтты жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгіліктер өткізілді.
Сонымен қатар түрлі тақырыптарда,мысалы қыкүйек,қараша айында «Денсаулық» саласы бойынша тақырыптық оқу қызметі өткізілді. «Спорт әлеміне саяхат» тақырыбында ортаңғы «Балауса» тобында жүргізді.
Коммуникация» саласы бойынша ашық оқу қызметтері ұйымдастырылды.
«Қош келдің балақай!», «Менің сүйікті ертегілерім» тақырыптарында ашық ұйымдастырылған оқу-қызметтері өткізілді.
«Қыс кереметтері» тақырыбына ата-аналармен бірігіп көрме ұйымдастырылса, «Қыс қызығы» тақырыбына ойын-сауық сабақтары жүргізілді. «Қош келдің, Жаңа Жыл!» ертеңгілік кеші, наурыз айында «Ана біздің күніміз,біз ананың гүліміз» мерекесі өткізілді және «Армысың, әз Наурыз» мерекесінде ата-аналармен біріккен үлкен іс-шара өткізілді.
Мамыр айында «Достығымыз нығайсын!» және «Ұландар күні», «Ер есімі-ел есінде» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді. Жоспарлы үйірме жұмыстары, ата-анамен байланыс жұмыстары, ата-аналар жиналыстары жоспарға сай жүргізіліп отырды.
Топтардың жабдықталуына келер болсақ, топтарда қажетті тақырыптарда стенділер жасалынды, бес білім беру салалары бойынша көрнекіліктер жинақталып, ойын түрлері жасалды. Балаларға мардымды қызметін , қолдың ұсақ моторикасын дамытуда ,жұмысты үлгі бойынша және ауызша нұсқаулық бойынша тапсырманы орындай алу; затты зерттей

алулары ұйымдастырылған оқу іс –әрекеттерінде көркемсурет шығармашылықтарын дамытуда көп жетістіктерге жетті. Ұстаздар: сабақты жүргізудің әдістемелерін жақсартуда , әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануда, ашық сабақтар көрсетуде бейнелеу қызметінің дәстүрлі емес әдістері бойынша жүйелі нәтижелі қортынды шығарды. Ата-аналар тарапынан балаларға бейнелеу қызметінің техникалық дағдыларын меңгеруге ,қолдың ұсақ моторикасын дамытуға көмек көрсетілді. Жылдық міндеттемеде балалардың ҚМТҚ бойынша таным қызметінің дағдыларын жақсартуда балалардың зейінін,жадын,қабылдауын,тілін қалыптастыру,көлемді,үлкендікті,түсті айыра білуде ашық сабақтар өтіліп, семинарлар, кеңестер берілді.
Ұстаздар арнайы оқу әдістерін қолдану, ашық сабақтар көрсету, сабақтарға арналған дидактикалық құралдарды көбейтіп мақсатты және жүйелі жұмыс нәтижесін ұйымдастырылған оқу қызметінде пайдаланды.Ата-аналармен жұмыс жүргізу барысында балаларға математикалық дағдыларды үйретуге көмек көрсетілді,ашық есік күндері,ашық көрсетілімдерге қатысу және ақпаратты тақталар жұмыс жасалды.
Балабақшаның негізгі жұмыс бағытының бірі –балалардың денсаулығын сақтау және нығайту.Балабақшада дене тәрбиесі – сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Балалардың физиологиясына, санитарлық – мәдени ережесіне, танымдық орта құрудағы техникалық қауіпсіздігіне байланысты материалды – құрал жабдықтармен жабдықталған . Жүйелі түрде : балалардың ағзаларын шынықтыру ретінде таңертеңгі жаттығу, серуенде қозғалмалы ойындар, сабақта сергіту сәттері өтіледі. Педагогикалық ұжым барлық жас ерекшеліктеріне сай топтардағы өтілетін сауықтыру шараларына көп көңіл бөледі.Бұл шынықтыру шаралары : күндізгі ұйқыдан кейінгі ойын түріндегі сауықтыру шаралары, релаксациялық және тыныс алу жаттығулары, майтабанның алдын – алу жаттығулары, күннің жылы кезінде жалаң аяқ жүру, дәруменді шырындар ішу. 2018-2019оқу жылында балалардың денсаулықтарын қорғау және нығайту бойынша мақсатты және жүйелі жұмыстың нәтижесінде келесі қорытындыға ие болдық:
балабақшаға келетін балалардың ішінен ауырған бала саны 2% — ды құрайды;
балабақшаға келетін балалардың бөлігі — 90% -ды құрайды;
балалардың жарақаттану жағдайлары жоқ.
Тәрбиелік-білімдік жұмысты 5 ұстаз : жоғары біліммен -4 адам; орта мамандандырылған біліммен -1, олардың 1 – бірінші санатты, қалған — санатсыз. Балабақша әкімшілігі мен тәрбиешілер ата-аналардың балалабақша өміріне белсене араласуына ат салысады. Біріккен спорттық, ойын-сауық шаралары жиі өткізіліп тұрады, сайыстар ұйымдастырылды. Ата-аналар үшін ашық есік күндері өткізілді.
Ата-аналар қанағаттануының нәтиже көрсеткіші орта есеппен 95% құрайды. спорттық, музыкалық шараларды өткізуде. ата-аналармен жұмыс түрлерін жалғастыру;

ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын арттыру;
балабақша ішіндегі ата-аналармен жұмыста жаңа технологияны жиі пайдалану (жоспарлау, тәжірибе алмасу).
Қорытынды : Сонымен, мектепке дейінгі мекеме даму тәртібінде деген қортынды жасалды. Біздің педагогтардың кәсіби шеберлігі және шығармашыл қабілеттері балабақшаның оқу – тәрбие үрдісінің сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Балалардың денсаулықтарын қорғау және нығайтуға бағытталған жұмыстар біздің тәрбиеленушілеріміздің ата – аналарының көмегінсіз күтілетін нәтиже алуға болмайды, сондықтан да ата –аналарды қатыстыру арқылы әр түрлі жұмыстар жүргізіледі: ашық сабақтар, спорттық мерекелер, денсаулық күндері,
ата – аналардың қатысуымен ойын – сауықтар. Әрбір топтарда ата – аналарға арналған денсаулық бұрыштары безендірілген «Дәрісіз денсаулықты сақтайық», «Балалардың балабақша жағдайына бейімделуі»- кеңес, «Таза ауада, далада ойнайық». Балабақшада сауықтыру және шынықтыру сұрақтарын медицина қызметкерімен тығыз байланыспай шешуге болмайды. Тәрбиеленуші балалар үнемі медбикенің бақылауында.Әр айда балалардың балабақшаға қатысуларының және ауырған күндерінің қортындылары шығарылып отырады. Ауырған диагноздары анықталып, көктемде және күзде балалардың денсаулықтары бойынша мониторинг жасалады. Он күнге арналып жасалған ас мәзірі меңгерушімен бекітіліп, сол бойынша тәрбиеленушілерді төрт рет тамақтандыру жүзеге асырылады.

ІІ-бөлім
2.1 Негізгі деректі құжаттар

р/с Құжаттың атауы Берілген құжаттан шығатын бұйрықтар
1
ҚР «Бала құқықтары туралы» Заңы
8тамыз 2002жыл №345 Баланың өміріне,денсаулығына және қалыпты өсіп жетілуіне зиян келтіретін кез-келген ғылыми тәжірибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.
2
ҚР «Білім туралы» Заңы
27.07.2007жыл Бұл заң білім беру аймағында мемлекеттік саясаттың осы сферасында негізгі принциптерді анықтай отырып,қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді және ҚР азаматының білім алуға Конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
3
Қазақстан Республикасының Конституциясы Республикада мемлекеттік билік біртұтас,ол Конституция мен Заңдар негізінде заң шығарушы,атқарушы және сот тармақтарына бөліну,олардың тежемелік,әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы,өз іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
4 ҚР «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» Заңы
21шілде 2007жыл №306 Осы заң ойыншықтар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі талаптарды айқындау,белгілеу,қолдану,орындау және бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
5 ҚР Еңбек Кодексі
15мамыр 2007жыл ҚР-ның аумағында қолданылатын нормативтік- құқықтық актілер ҚР Еңбек кодексіне сәйкес келтірілгенге дейін құқықтық актілерге қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
6 ҚР «Тіл туралы» Заңы
11 маусым 1997жыл Бұл заң ҚР-да тілдер қызметінің құқықтық негіздерін,оларды үйрену және дамыту үшін жағдай жасауда мемлекет міндеттерін тағайындайды.
7 ҚР «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы
22шілде 1996жыл №48-1 Өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету адамдар өмірі мен денсаулығын,қоршаған орта мен ұлттық байлықты,меншікті қорғау бойынша мемлекеттік іс-шаралардың кезек күттірмейтін бөлігі болып табылады.Заң ҚР территориясында өрт қауіпсіздік аймағында мемлекеттік ұйымдардың,заңдық және физикалық тұлғалардың меншіктік түріне тәуелсіз құқықтық қатынастарын ретке келтіреді.

8 ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы

2шілде 1998жыл №267 Осы заң демократиялық негіздерді,мемлекетті басқарудағы жариялылық пен

бақылауды кеңейтуге,мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
9 ҚР «Еңбек қауіпсіздігі» және «Еңбекті қорғау туралы» Заңы
28ақпан 2004жыл №528 Осы заң ҚР-дағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді,еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді
10 ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»
2009 жыл Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартына балаларды балабақшада және мектепалды даярлық топтарында тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық-педагогикалық негізіне қойылатын талаптар жүйесі кіреді.

\

Педагог қызметкерлердің сапалық құрамы

р/с Т.А.Ж. Лауазымы Білімі Оқу орны,
Аяқтаған жылы Мамандығы Санаты Қызмет өтілі
жалпы Осы мекемеде
1 Тұрманбетова Айжан Ә меңгеруші жоғары — 1,6 ай
2 Билибаева Сайлаукуль Калиевна Әдіскер Жоғары Мемлекеттік қыздар ПУ педагог-психолог I 40 1жыл
3 Абдыкалыкова Эльмира Тәрбиеші Жоғары Пед-қ институты Мектепке дейінгі оқыту — 16 1жыл
4 Эсенова Альмира Тәрбиеші Орта арнаулы Алматы басқару және нарық колледжі Бастауыш сынып мұғалімі — 1 6ай
5 Оразымбекова Гүлнар Тәрбиеші Жоғары Мемлекеттік қыздар пед.институты Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі — 8 5ай
6 Жакупова Жанар Пән мұғалімі Жоғары Семей педагогикалық коледжі Ағылшын тілі мұғалімі — 17 5ай
7 Дюсембиева Гүлжанат Алмауиевна Пән мұғалімі Орта арнаулы КазНур гуманитарлық колледжі Орыс тілі пәні мұғалімі 1 26 6ай

ІІІ-бөлім
Педагогикалық кеңестер
Мақсаты: Оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жақсарту,педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту.
р/с Педкеңестің бағдарламасы мен тақырыбы Өткізілу түрі Мерзімі Жауаптылар
1 №1 педкеңес
Тақырыбы:Оқу-тәрбие жұмысындағы өзгерістерді меңгерту.

1 .Балабақша бойынша 2019-2020 жаңа оқу жылына арналған жоспардағы өзгерістерді талқылап, бекіту.

2. Балабақшаның жазғы сауықтыру жұмыстарының қорытындысы

3. Педагогтардың топтық және жеке оқу–тәрбие жұмыстарының жаңа оқу жылына дайындығы жайлы

Пікірталас

Қыркүйек

Меңгеруші.Тұрманбетова А.Ә

Әдіскер
Билибаева С.К

Әдіскер,тәрбиешілер
2 №2 педкеңес
Тақырыбы: Бала тәрбиелеудегі өзекті мәселелер.
1.№1 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы.

2.«Үш тіл патшалығы»
(педагогтарға кеңес,бағыт беру)

3. «Бала тілі мен түйсігін ұстарту» (тәрбиешілерге кеңес)

Дөңгелек үстел

желтоқсан

Әдіскер
Билибаева С.К

Меңгеруші Тұрманбетова А.Ә

Әдіскер
Билибаева С.К
3 №3 педкеңес
Тақырыбы:Жарты жылдық оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы.
1.№2 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы.

2.Балабақша бойынша жүргізілген жұмыстардың жарты жылдық қорытындысы

3.Тәрбиешілердің жарты жылдық есебі.

4. Психологтың жарты жылдық есебі.

Есеп беру

наурыз

Әдіскер

Меңгеруші, әдіскер

Тәрбиешілер

Психолог

4 №4 педкеңес

Тақырыбы: : Бір жылдық жұмыстардың қорытындысы.
1.№3 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы.

2.Тәрбиешілердің бір жылдық жұмыстарының қорытынды есебі.

2.Педагогикалық ұжымның бір жылдық қорытынды жұмысын талдау.

Тақырыптық кеңес

Меңгеруші
Тұрманбетова А.Ә

Тәрбиеші
Абдикаликова Э.С

Әдіскер
Билибаева С.К

Меңгеруші жанындағы кеңес

р/с Жұмыстың мазмұны Мерзімі Жауаптылар

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. Айгул:

    Саламатсыздар ма? керемет мен бұл сайтқа бүгін кіріп көріппін,риза болып отырмын.Рахмет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.