Сыныптан тыс уақытта Сс дыбысы мен әрпі
ОТ:Менің мектебім
Сабақ: Сыныптан тыс уақытта Сс дыбысы мен әрпі |
Мектеп: Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты: Мысаева Камшат Зейнешевна | |||||
Сынып: 1 сынып | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау. 1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою. |
|||||
Сабақ
мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: | |||||
— С дыбысы мен әрпін таниды.
— Дыбыстарды атайды, анықтай алады. — Буындап оқи алады. |
||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: | ||||||
— Жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды.
— Сөздерді түсініп, мағынасын ажыратады, мысал келтіреді. |
||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: | ||||||
— Мәтін жанрын ажырата, өмірмен байланыс орнатады.
— Ой ұшқырлығын иллюстрация арқылы болжам жасайды. |
||||||
Бағалау критерийлері | 1. С дыбысы мен әрпін атайды, анықтайды. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды
2. Әріпті танып, ажыратып және оны дыбыспен сәйкестендіреді. 3. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады. 4. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжайды. 5. Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды. |
|||||
Тілдік мақсат | сағат – часы-clock , көл- озера- lakes , жылан- змея-snake | |||||
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Дыбыс дегеніміз не? 2.Әріп дегеніміз не? 3.Дыбыстар нешеге бөлінеді? 4.Дауысты , дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі қандай? 5.Жылан қандай дыбыс шығарады? 6. Ол қандай дыбыс? |
||||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланған уақыт есебі | ресурстар
|
|||||
Басы
|
Психологиялық ахуал.
«Қайырлы таң» өлеңін шаттық шеңбер аясында орындату. Бейнетаспа: Жұмбақ шешу. Аузында айыр тілі бар.(Жылан) — Әрине бұл жылан — Жылан қандай дыбыс шығарады? Ссссссс — Ал қане жыланның шығарған дыбысын қайталаймыз. Бәрі ссс… — Сс дыбысы созылмайды. Кедергіге ұшырап барып шығады. Ол дауыссыз дыбыс.Оны көк бояумен бояймыз. — Құрамында С дыбысы бар сөздерді айт,тыңда. — Сағат, сан, Асан, аспа,н сандық,сиыр, стол,су, саңырауқұлақ, сақина, сілеусін, сауысқан, сырға, сабын, сары талдау жасайық. — Сс дыбысы сөздің қай бөлігіндіе келіп тұрғанын байқа. Сс дыбысы сөз басында,сөз ортасында,сөз соңында да |
|||||
Ортасы
|
Секір-секір, секір деп,
Ойнаймыз біз секірмек. Бір, екі, үш, төрт … көп тіпті Бір мүдіріс жоқ тіпті. Қайта-қайта секіріп, Шынығамыз жетіліп. Десекте ойын жай-дағы, Секірмек шын пайдалы. Бүгінгі жаңа сабағымыз Cc дыбысы мен әрпі. Баспа, жазба түрімен таныстыру.(үнтаспа арқылы)
«БАСПАЛДАҚ» ойыны Әріпті хормен айту. Сағат сөзіне дыбыстық талдау жасау — Сс әрпі неге ұқсайды? 1. Білезікке қарайық, Ұқсайды оған қай әріп. 2. Адамның қол орағы, С әрпінен аумайды. 1.«Болжау» стратегиясы арқылы суретпен жұмыс. — Суретке қарап кім әңгіме құрай алады? Дескриптор: 1.Суреттегі заттарды атайды. 2.Осы суреттегі заттардың атауындағы жаңа дыбыстарды табады. Қалыптастырушы бағалау: жемістер түсімен 2.«Бағыттап оқу» стратегиясы Демалыс күні Санат ауыл шетіндегі көлге қарай келе жатты. Жолдың сол жағынан жорғалап келе жатқан жыланды көріп, қорыққанынан тоқтай қалды. Сол сәтте есіне таяғының бар екені түсіп, өзін батыл сезіне бастады. Жылан ыс деп біраз ысылдап, жөніне кетті. — Жылан қандай дыбыс шығарды? — Ол қандай дыбыс? (Оқушылардың өздігінен ізденуіне мүмкіндік жасау) Дескриптор: 1. Мәтін жанрын ажыратып, өмірмен байланыс орнатады. 2. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды. 2. Сөздердің мағынасын ашып, оң жақ , сол жақ ұғымын ажыратады. Кері байланыс: Житондар Сергіту сәті. сол / Санат су сау сан су а су а сау са на су ат Дескриптор: 1.Буындап, тұтастай оқиды. 2. Буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды,сөздерді түсінеді. 3. Сөздің бір дыбысы өзгерсе сөз мағынасы өзгеретінін анықтайды. С дыбысы қай буында кездесетінін анықтайды. Кері байланыс: Житондар Қалыптастырушы бағалау: Жұлдызшалар 4.«Суреттер сөйлейді» сызбамен жұмыс Тыңдаған мәтіні бойынша сурет, сөз сызбаларының көмегімен мәтінді оқиды: Санат көлге келе жатты. Сол жақтан жылан шыға келді. Ол тоқтай қалды. Жылан «ыс, ыс» деді. Дескриптор: 1.Сызбаға қарай сөйлем құрайды 2. Буындап, тұтастап оқиды. Кері байланыс: Житондар Қалыптастырушы бағалау: Жұлдызшалар «Ойлан, тап» ойыны Суретті сәйкестендір. Суреттегі заттардың атын атап, буынға бөліп, дыбыстық талдау жаса. Сс әрпінен басталатын сөздерді дөңгелектерге сәйкес, әріп санын ескеріп, орнына дәл тауып қой. Дескриптор: 1. Суреттегі заттардың атын атап, буынға бөліп, дыбыстықтық талдау жасайды. 2. Ой ұшқырлығын иллюстрация арқылы болжайды Кері байланыс: Житондар Қалыптастырушы бағалау: Жұлдызшалар «Менің жазбам» стратегиясы Дәптермен жұмыс Дәптерімізді ашайық , Қолға қалам алайық Салақтықтан қашайық Әдемі етіп жазайық. Дескриптор: 1.Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды. 2.Каллиграфиялық нормаларды сақтайды. 3.Сауатты жазады. |
Сандық,сиыр, стол,су, саңырауқұлақ, сақина, сілеусін, сауысқан, сырға, сабын, сағат, сары суреттері
Оқулық, бейне –таспа,орақ, сақина суреттері
Оқулық
Оқулық
Оқулық
Оқулық дәптер |
||||
Соңы
|
«Білім ағашы» арқылы бүгінгі сабақ туралы пікірлеріңді білдіріңдер.
|
Кері байланыс парақшалары | ||||
Қосымша мәліметтер | ||||||
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс –Дене шынықтыру, Дүниетану,музыка | ||||
АКТмен байланыс.
Проектор, үнтаспа |
||||||
Кейбір оқушы — «Ойлан тап».
Оқушылардың көпшілігі –«Суреттер сөйлейді», «Болжау». Барлық оқушы –«Жалғастыр», дәптермен жұмыс. |
Жұлдызшалар, бағалау парағы | Құндылықтармен байланыс (Ұқыптылықты, ұйымшылдықты, достықты,ынтымақтастықты арттыру | ||||