Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • ҮСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ-ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ

  • Таным саласы “Геометриялық пішіндер”

  • Мектеп жасына дейінгі солақай балалармен жұмыс жүргізудің ғылыми теориялық негіздері

  • «Мен жақсы ата-анамын!»

  • «Мен жақсы ата-анамын!»

  • « Мектеп жасына дейінгі балалардың жұптық жұмыс арқылы танымдық қабілетін дамыту»

  • Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу

  • Абай-ұлы ақын.

  • Нөсерлеу сөз табы

  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)

  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді

  • «Құстарға қыста қамқор бол»

  • Бала өміріндегі ең басты әрекет

  • «Жарқын елдің шамшырағы”

  • Дала жануары

  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”

  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым

  • № 412 бұйрық. 24 қыркүйек

  • Үлгілік оқу жоспары. Жаңа

  • Әдістемелік нұсқау хат. Мектепке дейінгі ұйымдар

Өзін-өзі тану
Home›Өзін-өзі тану›Достық татулықтан басталады

Достық татулықтан басталады

By admin
15 июня, 2020
386
0
Share:

Сабақ жоспары

Мектеп:  Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектеп

Мерзімі: 19.12.2014

Тақырыбы: Достық татулықтан басталады

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: татулық, сыйластық, адамгершілік

Мұғалім: Изимова Г

Сынып: МАД

Оқушылар саны:23

Сабақтың мақсаты:

Балаларға «Достық», достық түрлері, достықтың таулықтан басталатыны туралы мағұламат беріп, түсініктерін одан әрі кеңейту.

Ресурстар: оқулық, интерактивті тақта, ребус, ертегі кейіпкерлері
Міндетте

–          Достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;

–          Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

–          Бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

 
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

Сынып оқушыларын түгендеп, бала назарын сабаққа аудару.

ІІ.Тыныштық сәті: Нұрға бөлену

Елестетіп көріңіз. Күннің нұры төбеңізден нұрын себе өтіп, кеуденізге қарай бойлап барады. Күннің әр нұры сіздің ойыңызды, сезіміңізді, тілек қалауыңызды жылытып, мейірім шашып, сабаққа деген құлшынысыңызды арттырды. Нұр бірте- бірте шұғыласын шашып, қолыңызға келіп жетті. Қолыңыз тек жақсы істерді істеуде. Қолыңыздан шығып, аяқтарыңызға келді. Аяқтарыңыз сізді ең жақсы жерлермен алып жүруде. Күн нұры қайтадан жоғары көтеріліп тіліңізге келіп жетті. Тіліңіз тек қашанда ақиқатты айтуда. Іштей қайталаймыз. Мен Нұрмын. Менің тұла бойым ақылға толы. Осы күннің нұры арқылы барша халықтың аман болуын тілейміз.

 
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісі арқылы

–          Отбасында кімдер тұрады?

–          Отбасында өздеріңді еркелетіп қалай атайды?

–          Отбасында қанша адам тұрады?

Мінекей балалар барлығымыз отбасында тату-тәтті өмір сүруіміз керек. Ол үшін біріміздің айтқанымызды біріміз тыңдасақ, отбасында ұйымшылдық, татулық, бірлік болады екен.

 
Дәйексөз:

«Дос бәрінен де қымбат» деген мақалды бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі ретінде түсінеміз.

Дос-қиналғанда қол ұшын беретін, алыста жүрсе сағынатын, қолындағысымен бөлісетін, үнемі бірге жүріп, қуаныштарын бөлісіп, қиналғанда бір-бірінің жанынан табылатын адамдар.

Достық-адамдардың бір-біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы, татулығы, сүйіспеншілік және қамқорлықтың белгісі.

·         Жақсы дос болуы үшін адамның бойында қандай жақсы қасиеттер болуы керек?

·         Достарың бар ма?

·         Достықтың 2 түрі бар. Олардың айырмашылықтары неде?

 
 

                                 Мәтінмен жұмыс

 

 

                                       Екі дос

Ержан мен Темірлан тату дос. Екеуі бірге ойнайды, мектеп асханасына бірге барып, кітапханадан да кітапты бірге алады. Қашан көрсең де егіз қозыдай боп жүреді. Сейсенбі күні математикадан бақылау жұмысы болды. Неге екені белгісіз сол бақылау жұмысынан кейін екі достың арасына сызат түсті. Оны мұғалім де байқады. Екеуі бір біріне жоламай өз беттерінше кетеді. Сабақтан кейін мұғалім екі досты шақырып алып, ұзақ сөйлесті.

Сонда Темірлан: Ержан шығарған есептерін маған көрсетпеді және өзің шығар деп қарамай қойды енді онымен дос болғым келмейді деді. Ал Ержан өзінің кінәсін түсініп басын төмен түсіріп досына кінәлі көзбен қарады. Келесі күні оқушылар өз көздеріне өздері сенбеді. Екі дос сабаққа бірге келіп, сабақтың соңына дейін жұптары жазылмай бірге жүрді. Екі дос адалдықты түсіндірген ұстаздарына дән риза. Енді олар достықты қадір тұтатын болды.

Әңгімелесу:

Ержан мен Темірлан қандай дос?

Темірланның орнында болсаң не етер едің?

Сендер өз достарыңа қалай көмектесесіңдер?

Сергіту сәті

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мына басым ақылды

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

 
Мұғалімнің сыйы: Мен сіздерге басқа бір балалардың арасында болған оқиға жөнінде әңгіме айтып беремін, мұқият тыңдап отырыңыздар.

Нұрлан нағыз дос

Бүгін біздер сабаққа келдік. Соңғы сабақ болатын. Артта  отырған Әлішер қолын көтерді. Мұғалім оған айта ғой деді. Ә ділет ауырып отыр дейді. Шыныменде өңің бұзылып, ауырып отыр екенсің, үйіңе бара ғой деген жауапты айтады. Әділет орнынан әрең тұрып кетіп бара жатқанын көрген мұғалім Әділетті үйіне кім жеткізіп салады деп мұғалім балалардан сұрайды. Ешкімде үн жоқ. Сол кезде мұғалім Асан сен қалай қарайсың жеткізіп салуға дейді. Сонда Асан мен бүгін атамның үйіне баратын ем, уақытым жоқ деп жауап айтады. Сол кезде Үсен орнынан атып тұрып, рұқсат етіңіз мен апарайын дейді. Сонда көрші қызы сен қалай апарасың, үйің қаланың шетінде, сосын өзің қалай жетесің дейді. Сол кезде Үсен солай болса қайтем, солай екен деп досымызды жолда қалдырамыз ба деп жауап қайтарады. Мұғалім ағай  рұқсат беріп, Үсеннің артынан сүйсіне қарап  тұрады.

*Ағай Үсенге неге сүйсіне қарады?

*Үсен қандай бала?

*Асанға қандай мінездеме бересіңдер?

 
Шығармашылық жұмыс:

Дұрыс әрекет құндылығына сай «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру.

 
Топпен ән айту:

«Дос болайық, бәріміз»

Сөзін жазған:Х.Талғаров

Әнін жазған И.Нүсіпбаев

1.Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз –сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз.

 
Үй тапсырмасы: Дәптерге жазылған достық туралы  мақалдарды жаттап келу.

1.Аққуды атпа,

Досыңды сатпа.

2.Досы көпті жау алмайды.

3.Дос жылатып,

Дұшпан күлдірдіп айтады.

 
Тыныштық сәті:

Балалар аяқтарымызды айқастырмай, омыртқа жотамызды түзеу ұстап, көзімізді жұмамыз. Сабақтың басынан бастап өткендерімізді бір сәтке еске түсіріп көрейік. Бүгінгі сабақта нені үйрендік, көз алдымызға елестетеміз. Бүгінгі сабаққа барлығыңда жақсы қатысып, ертегіні жақсы сахналадыңдар. Ертеңгі демалыстарың жақсы өтсін! Әр күндеріңе қуаныш тілеймін!

 
Сабақ барысын талдау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Previous Article

“Мектептегі инклюзивті білім беру жүйесі”.

Next Article

Достық татулықтан басталады

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Өзін-өзі тану

    Табиғатқа құштармын

    6 сентября, 2020
    By admin
  • Өзін-өзі тану

    отбасы дәстүрлері

    11 мая, 2020
    By admin
  • Өзін-өзі тану

    Менің есімім

    22 сентября, 2020
    By admin
  • Өзін-өзі тану

    “Сүйіспеншілік мекені”

    26 сентября, 2020
    By admin
  • Өзін-өзі тану

    Халықтың рухани мұрасы-даналық көзі

    25 апреля, 2020
    By admin
  • Өзін-өзі тану

    “Сүйіспеншілік мекені”

    26 сентября, 2020
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Бастауыш сынып

    Құрама есептер

  • Информатика

    Алгоритмдер

  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    «Жеміс -жидекке арналған себет»

Біздің Инстаграм каналымызға тіркеліңіз

Жаңа жарияланымдар

  • ҮСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ-ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ
  • Таным саласы “Геометриялық пішіндер”
  • Мектеп жасына дейінгі солақай балалармен жұмыс жүргізудің ғылыми теориялық негіздері
  • «Мен жақсы ата-анамын!»
  • «Мен жақсы ата-анамын!»
  • « Мектеп жасына дейінгі балалардың жұптық жұмыс арқылы танымдық қабілетін дамыту»
  • Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
  • Абай-ұлы ақын.
  • Нөсерлеу сөз табы
  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)
  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді
  • «Құстарға қыста қамқор бол»
  • Бала өміріндегі ең басты әрекет
  • «Жарқын елдің шамшырағы”
  • Дала жануары

Күнтізбе

Апрель 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
« Мар    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика