1-тапсырма.
Тыңдалым.Айтылым.
«Шетте жүрген бауырлар» өлеңін аудиожазба арқылы тыңдайды
Тыңдалған шығарма бойынша сұрақтарға жауап береді.
«Серпілген сауал» әдісі арқылы қызығушылығын ояту мақсатында сұрақтар қою.
1-топ
1. Өлең не себепті «Шетте жүрген бауырларға» деп аталған?
2. Олар қай кезден бастап атамекенге орала бастады?
3. Ақын шетте жүрген қандастарды неге атажұртқа оралуға шақырды?
2-топ
4. Оразақын Асқар қай жылдары өмір сүрді?
5. Қазақтар шетелге қандай себептермен барған?
6. Шетелдегі қандастар туралы қандай мәліметтер білесіңдер?
3-топ
7.Еліміздің тәуелсіздік алуы шеттегі қандастарға қалай әсер етті?
8. Оразақын Асқар неше жасында Қазақстанға көшіп келеді?
9.Елге оралған қандастарымыздың жағдайы қандай?
ҚБ: «От шашу» әдісі
2-тапсырма.
1-топ тапсырмасы. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңін оқып, автор бейнесін ашу.
Авторға тән мінез |
Шығарманың қай тұсы дәлел бола алады? |
|
|
Дескриптор:
— Шығарманы оқып, түсінеді, автор бейнесін аша алады;
— Автор бейнесіне өлеңнен дәлел келтіре алады.
Мұғалім:
— Жанр дегеніміз не?
— Поэзия жанрының ерекшелігі қандай?
Қосымша дерек:
Жанр” сөзі француз тілінде “тек”, «түр» ұғымын білдіреді
Поэзия жанры — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді.Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет — өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу.
Шығарманың жанрлық белгілерін мысал келтіре отырып анықта.
2-топ тапсырмасы. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңін оқып, СТК (Сатылай кешенді талдау) жасаңыз.
1.Авторы:
2.Тақырыбы:
3.Жанр түрі:
4.Идеясы:
5.Шумақ:
6.Тармақ:
7.Бунақ:
8. Буын:
9. Ұйқас түрі:
10. Өлеңнің негізгі түйіні.
Декриптор:
— Шығарманы оқып, оған СТК жасай алады;
— Өзіндік көзқарасын білдіре алады
3-топ тапсырмасы:
Автор айрықша көркемдік шеберлікті жанр ерекшелігін сақтауда қалай қолданған? Көркемдік тіліне талдау жасау.
Дескрипторлар:
— Жанрлық ерекшеліктер бойынша талдау жасайды;
— Көркемдегіш құралдарды дұрыс анықтай алады.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі
«Төрт сөйлем тапсырмасы» әдісін жазбаша түсіндіреді.
Ой |
Себеп |
Дәлелдер мен фактілер |
Қорытынды |
|
|
|
|
|
|
|
|
ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі
|
Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға»сабағының құрылымы ұнады
кЕРЕМЕТ
Негізгі жүйесі қайсы