жемістер жыры
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі:Көркем әдебиет.
Тақырыбы:«Жемістер жыры».
Мақсаты:Коммуникативтік дағдыларын дамыту.Жемістерді(алма,өрік,қара өрік,шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру.Жемістер туралы түсініктерін дамыту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу.
Әдіс-тәсілдер:көрсету, сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Топты ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне дайындау.
Қажетті көрнекі құралдар:жемістердің суреттері,муляж,хрестоматия.
Билингвальді компонент: жемістер —фрукты
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
|
«Шаттық» шеңбері
Балалар, бүгінгі күнді күн шуақ Әнімен бастағым келіп тұр. Олай болса,бәріміз шеңбер бойымен Айналып тұрамыз. «Күз жомарт» әнін орындайық. Тоңазып атырап, Көп жеміс піседі. Сарғайып жапырақ , Саудырап түседі. «Күз жомарт», дейміз біз, Жемісін жейміз біз.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен амандасты, өлең жолдарын айтады.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
|
— Кіріспе әңгіме: Балалар,біздің осы орындаған Өлең шумағында не туралы,не жайлы айтылған? Күздің бізге берер қандай сыйы бар? Қандай жемістерді білесіңдер? Ал енді,балалар,мына өлең шумағын тыңдайық. Алма: Нарттай қызыл алма бар, Мәз болады алғандар. Жазда әдемі киінем, Тілді балдай үйірем.
|
Күз,күз мезгілі. Алма Шие Өрік |
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
|
Өрік:
Көктемде ерте гүлдеймін, Кешігуді білмеймін. Піспей тұрған кезімде, «Менен аулақ жүр» деймін. Уылжыған өрікпін, Мен бау баққа көрікпін. Қара өрік: Қара өрік деген атым бар, Менен де дәм татыңдар. Дәрі орнына жүруге, Кейде менің хақым бар. Алыңдар баққа ектіріп, Сақтаңдар ұзақ кептіріп. Шаймен ішкен сусындар «Па, шіркін –ай!» -деп тұрып .. Оқылған өлең шумақтарын сұрақ жауап арқылы әңгімелеу,талқылау. Сергіту сәті: Алма,алма,көп алма, Қызыл ,жасыл,көк алма. Теріп,теріп алайық, Қалтамызға салайық. Дидактикалық ойын: «Дәмін ажырат» Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.
|
Балалар қолдарымен жемістерді ұстап,көлемін ,түсін анықтайды.
Оларды қарап ,бір бірімен салыстырады.
Балалар сергіту сәтін қимылмен қайталады.
Балалар ойынға белсене қатысты. |
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
Педагог балаларданбүгінгісабақтаналғанәсерлерін,көңілкүйлерін ,не үйренгендерінсұрайды. |
Балалар тәрбиеші қойған сұрақтарға толық жауап берді. Тәрбиешінің мадақтауларына ризашылық білдірді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жемістер мен көкөністерді ажырата білді.
Қандай түсініктерді игерді:Жемістер туралы түсініктерді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Үлкендердің еңбегін бағалай білуді.Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыруды..