Бірқатар жоғары оқу орнына қатысты әкімшілік істер қозғалды

Бірқатар жоғары оқу орнына қатысты әкімшілік істер қозғалды

«Астана» университетінде жоспарлы тексеру 2020 жылдың басында жүргізілуі керек еді. Алайда университет қажетті материалдарды ұсынбады, осылайша профилактикалық бақылау жүргізуге кедергі келтірді. Сот талқылауының нәтижесінде жоо әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл ретте Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті мен «Астана» университеті танылған арнайы органдардың тізіліміне енгізілген аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттеуден өтпеген.

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес аталған жоғары оқу орындары қазіргі уақытта 2020 жылғы түлектерге диплом бере алмайды. Соңғы курс студенттерінің мүдделерін ескере отырып, бұл университеттер диплом беру үшін аккредиттеуден өтуі керек.

Талапкерлердің назарын жоғары оқу орнын дұрыс және саналы түрде таңдаудауға аударғымыз келеді, өйткені 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары өз үлгісіндегі дипломдарын беретін болады, бұл кейіннен жұмысқа орналасуға әсер етеді.

Толығырақ ҚР БҒМ сайтында танысуға болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.