Баяндама: «Музыка оқу іс- әрекетінде шығармашылық қабілеттерді дамыту»

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.

Абай Құнанбаев
Мәдениетті, ұлтшыл, өнерлі адам тәрбиелеуге өте үлкен екі күш керек, ол өнер және білім. Егеменді елдің ертеңі оқу-біліммен, өнегелі, тәрбиемен өлшенеді. Бала болашақта тұлға ретінде қалыптасуы бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.
Балабақшада тәрбие алып жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ өнерпаздар, әншілер, жазушылыр, ақындар талай мамандық иелері шығуы мүмкін, «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші солардың бойындағы қасиеттерді ерте бастан байқап, өнерге баулу ең алдымен ата-анамен тәрбиеші, ұстаздардың сезімталдығына, ізденімпаздығына көп байланысты. Сол тәрбиенің бір саласы – шығармашылық сала. Шығармашылық саланың ішінде музыкалық, эстетикалық тәрбие. Музыкалық, эстетикалық тәрбие дегеніміз – сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйрету, оны қойып қана қоймай, өз бойына сіңіре білуді әдет-дағдыларына айналдыру болып табылады.
Музыкалық оқу іс-әрекетінде музыканы сөзбен ғана сипаттамай бояумен, суреттермен, қимылмен түсіндіру керек. Баланың тыңдай білу қабілетін арттыру; жарқын және түсінікті музыканың қолдана білуге үйрету. Балаларды музыкалық фразалармен таныстыру. Өлеңнің бастамасы, қайырмасы деген ұғымдарды түсіндіру, қарапайым аспаптардың дыбыстарын тыңдатып тембрінен ажырата білуге үйрету қажет.
Музыканы тыңдай отырып әнді, көркем кейіпкерді, биді көз алдына елестете алу: тыңдалған шығармада немесе ән айту барысында үркек қоянға, маршпен жүрген сарбазға, маң-маң басқан аюға еліктеу және оны өзінше сипттау.
Музыка баланың ішкі жан дүниесіне, сезіміне тікелей әсерін тигізеді. Музыканың адамға деген ықпалы кейде үгіттеуден, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Балаларды мазмұны әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып олардың ішіндегі сан түрлі сезімдерін оятуға, музыкаға әсерлену қабілеттері жетіледі. музыкалық тәрбие арқылы баланың жағымды мінез-құлықтары тұрақталынады және ойын,би арқылы баланың көңіл-күйі көтеріңкі, жағымды болуына ықпал тигізеді. Баланың балабақшада шығармашылық тұрғыда қалыптасуы, дамуы бір күндік жұмыс емес, баланың сәбилік жасынан, мектеп жасына дейінгі уақытта жылдар бойы жүйелі түрде жүргізілетін жұмыс және осындай жүйелі жұмыстың арқасында ғана мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық эстетикалық тұрғыда қалыптасуы мүмкін. Мұхтар Әуезовтің: «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген.
Кәзіргі заманғы ғылыми зерттеулер музыкалық қабілеттерінің дамуы музыка мәдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады- яғни, музыкалық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық шақта музыкалық әсердің тақыр-таза болуының кейін орнын толтыру өте киын. Сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі, яғни көңіл күйін тани білуі тиіс. Жасынан бесік жырын тындап өскен, санамақ айтып, ертегі тыңдап, ойын-күлкі арасында өскен бала көпшілік бақылауға қарағанда, неғұрылым шығармашылықты, музыкалық дамыған болатындығы анық. Музыкалық даму жалпы дамуға ештеңемен алмастыра алмайтындай әсерін тигізеді: адамның эмоциялық аймағы қалыптасады, ойлауы жетіледі, өнердегі және өмірдегі сұлулыққа сергектігі тәрбиеленеді.
Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыкалық жетекші мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлескен жоспарлау олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет.
Балабақша өмірінің барлық жағына белсене қатыса жүріп, музыка жетекшісі ата-аналар арасында музыкалық – эстетикалық білімді белсене насихаттау тиіс. Егер ата-аналар музыкалық тәрбиенің маңыздылығын түсінетін болса, олар балаларын отбасында, музыка үйірмелерінде, студияларында, балалармен бірге концерттерге, музыкалық спектакілдерге барады, жан- жақты музыкалық әсерлермен байиды, олардың музыкалық тәжірибесі кеңейді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.